Сот билігі Қазақстан Рсспубликасының
Автор: Aitymanov0017 • Апрель 23, 2018 • Реферат • 734 Слов (3 Страниц) • 1,217 Просмотры
Сот билігі Қазақстан Рсспубликасының атынан жүзеге асырылады және оның
мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де
нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын
қамтамасыз ету. Ол осылардың негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға
қатысты болады.
Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының республиканың
бүкіл аумағында міндетті күші болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты
сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады
(Конституцияның 76-бабы, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен
судьялардың мәртебесі туралы" 2000 ж. 25 желтоқсандағы заңның 1-бабы).
Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен
белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 76-
бабы, заңның 1-бабы). Сот білігінің Қазақстандағы иелері құқық қорғау
органдары пирамидасының жоғарғы сатысын айғақтайтын соттар болып саналады.
Құқық қорғау қызметінің жүйесінде сот төрелігі орталық орын алады. Оны
соттар мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып және заңда
белгіленген тәртіп пен рәсімді сақтай отырып, қылмыстық, азаматтық және
өзге де істерді қарау мен шешу жөніндегі құқық қорғау қызметі деп түсінукерек.
Сот төрелігі конституциялық принциптерге - сот қызметін ұйымдастырудың
және реттеудің мәні мен мазмұнын анықтайтын жалпы басшылық идеялары мен
ережелеріне сәйкес жүзеге асырыладыОған құқық қорғау қызметінің барлық жалпы принциптері жатады.
Бұған қоса, оның тек қана өзіне тән сапалары бар, мәселен:
1. Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
(Қазақстан Республикасының Конституциясы 75-бабының 1 тармағы). Ол
мыналардан көрініс табады:
соттардың айрықша юрисдикциясына жатқызылған істерді ешқандай басқа
органдар қарай алмайды;
сот құзыретін, оның юрисдикциясының аясын, сот ісін жүргізуді жүзеге
асырудың тәртібін заң белгілейді және оны ешкім өз бетінше өзгерте алмайды;
қандай да бір атаумен төтенше немесе арнаулы соттарды құруға жол
берілмейді;
адамды қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп табуға тек соттың ғана құқығы
бар;
қылмыстық жаза тағайындауға тек соттың ғана құқығы бар;
сот қаулыларын тек жоғары тұрған сот қана белгіленген тәртіп бойынша
бұзуы мүмкін.
2. Судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Конституция
мен заңға ғана бағынады (Қазақстан Республикасы Конституциясы 77-бабының 1-
және 2-тармақтары). Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне
қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша
жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Бұл принциптің мәні сотқа бөгде біреулердің араласуынсыз, қандай да бір
қысымсыз немесс өзге де сырттан жасалатын ықпалсыз өз бетінше жауапты
шешімдер қабылдауға шынайы мүмкіндік беретіндей жағдай туғызуға ұмтылу
болып табылады.
3. Сот төрелігі тараптардың тартысы және тең құқықтылығы негізінде
жүзеге асырылады. Қылмыстық қудалау, қорғау және қылмыстық істі сот арқылы
шешу бір-бірінен бөлінген және әртүрлі органдар мен лауазымды адамдар
арқылы жүзеге асырылады. Мұның азаматтық процестердегі тараптарға да бірдей
қатысы бар. Сот құқық мүддесінен басқа біреулердің сойылын соқпайды және
қандай да бір мүдделерді қолдамайды. Ол әділдік пен алалықсыз қағиданы
сақтай отырып, тараптардың процессуалдық міндеттерін орындауына және
өздеріне берілген құқықтарын жүзеге асыруларына жағдай жасайды. Тараптарға
(айыптаушы мен қорғаушы, талап иесі мен жауап беруші) өз қөзқарастарын
қорғайтындай бірдей мүмкіндіктер берілген. Олар дәлелдер тапсыру, қолдаухат
беру, наразылық білдіру, дәлелдерді тексеруге қатысу және сотта сөз сөйлеу
жөнінде бірдей құқықтарды пайдаланады. Сот олардың бірінші және наразылық
шағымы, сот үкімін бұзу инстанциясы бойынша қаралатын істерге қатысу
құқығын қамтамасыз етеді.
...