Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Билік – мемлекеттің анықтаушы белгісі және негізгі мазмұны ретінде

Автор:   •  Июнь 19, 2018  •  Эссе  •  3,600 Слов (15 Страниц)  •  2,228 Просмотры

Страница 1 из 15

Билік – мемлекеттің анықтаушы белгісі және

негізгі мазмұны ретінде

Билік адамзат баласының тіршілігімен қоса пайда болып, ғасырлар бойы қоғам дамуының ағымына сай өзгеріп, жан-жақты жетілдіріліп отырған құбылыс. Бүгінде билік ұғымы адамзат өмірінде көптеген мағыналарда айтылып, әр түрлі әдістер арқылы күнделікті тіршілікте қолданылып, іске асырылып жатады.

Билік ерікті немесе мәжбүрлі бағыну, бой ұсыну деген сөз. Басқару және бағыну бұл екеуі биліктің екі жағы. Оларды бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Екеуі де қоғамға қажет. Бұл ірі саяси құрылым формасында да көрінеді. Олар мемлекет пен қоғам, үкімет пен бұқара жұртшылық арасында болады.

Биліктің өзі басқару түрінде көрінеді, ал басқару билік түрінде болады. Билік дегеніміз басқарудың элементі, басқару процесінің көзі. Кейде басқару, билік жүргізушінің мақсатына жетуі үшін,өзінің биліктік еркін іске асыру процесі болып табылады. Сонымен, басқару дегеніміз биліктің мақсатты бағытталған әсерін, мүмкіндік жағдайынан шындық жағдайға айналдыратын процесс болып табылады.

Ал саяси билік бәрінен бұрын қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігінен туындайды да өзінің қызмет етуі процесінде осы тәртіаке сүйенеді. Егер саяси билік болмаса мемлекеттік өкіметтің тұтастығын, тұрақтылығын сақтау да мүмкін емес.

Жалпы алғанда саяси билік дегеніміз әлеуметтік топтың, мемлекеттің, оның органдарының, сондай-ақ жеке адамның тарапынан халыққа жасалатын үстемдік және оны іске асыру болып табылады. Осы мағыналарды ажыратып айтсақ, біріншіден, біреуге немесе бір затқа иелік ету қабілеті, құқығы мен мүмкіндігі. Олар құқық, бедел, ырық, иландыру , сендіру, мәжбүр ету болып табылады.  Екіншіден, заңдар шеңберінде адамдарға, ұжымға саяси үстемдік жүргізу. Үшіншіден, ондағы тиісті мемлекеттік, әкімшілік ұйымдарда істейтін, құқыққа ие болған жеке адамдар мен органдар.

Билік деген ұғымның өзі бір топ түсініктердің негізі болып табылады. Мәселен, билік ету, билік ұстаушы, билікке жаны құмар, билікті жек көруші және т.б. Билік ету әдістері де әртүрлі болуы мүмкін, демократиялық, авторитарлық , либералдық, бюрократтық, конституциялық т.б.

Бүгінде өркениетті болып саналатын, құқықтық мемлекеттердегі биліктің бөліну принципі заң шығарушы, істі атқарушы, сот билігі болып бөлініп демократиялық мазмұнға ие болып отыр. Осы аталған мемлекеттік билік саяси билік болып табылады. Демократиялық мемлекетте саяси биліктер құрылымы мен жүйесі, адамдардың билікті жүзеге асыруға қатысты, билікке бұқараның бақылау жасауы шешуші рөл атқарады. Саяси биліктің түпкі мақсаты хатықты басқаратын толық билікке жету. Саяси билікті бір орталықтан бағытталған белгілі бір қатынастарды, реттейтін бақылап оны әрекетке келтіретін саясат деп те түсінуге болады.

Билікті қоғамдық құбылыс ретінде танып біліп, оның қызметін, мәнін ашып біліп жатсақ та әлі де оған қатысты зерттеуші ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер бар. Билік пен саясат өзара тығыз байланысты ұғымдар. Біз билікті саясатты іске асыратын құрал ретінде мойындаймыз. Өкімет билігін алу үшін күрес және оны ұстап тұру қоғамның саяси өміріндегі басты мәселе болып табылады. Билікті иемдену демократиялық жолмен сайлау немесе тағайындау арқылы, әлде зорлық күшпен басып алу арқылы жүзеге асырылады. Биліктін тұтқасын ұстаған саяси күш оны жүзеге асыратын құрылымдары арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп бұл екі ұғым бірін-бірі туғызып отырады.

Билік – мемлекеттің анықтаушы белгісі болғандықтан ол келесідей маңызды функцияларды жүзеге асырады

1) Мемлекеттің жалпыға бірдей мүддесін қорғау және белгілі бір тәртіпті сақтап отыру. Бұл алдымен ортақ мүддеге қарсы немесе экономикалық үстем таптардың мүддесіне қарсы шығушы жеке адамдар мен жіктердің мүддесін басуға бағытталады, одан кейін ел тұрғыныдарының мүдделерін үйдестіру және келістіру, үшіншіден, сыртқы шабуылдан қорғау.

2) Басқару арқылы ортақ мүддені қанағаттандыру – бүкіл қоғамның міндеттерін әкімшілік жолымен орындау.

...

Скачать:   txt (56.5 Kb)   pdf (210.9 Kb)   docx (28.1 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club