Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ халқының қоғамдық-экономикалық өміріндегі жылқының рөлі

Автор:   •  Октябрь 21, 2022  •  Эссе  •  300 Слов (2 Страниц)  •  558 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақ халқының қоғамдық-экономикалық өміріндегі жылқының рөлі

   Жылқы-төрт түліктің төресі. Тұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Адамзат өркениетінде әсіресе көшпелілер өмірінде алар орны ерекше жануар. Жылқы-түр-сипаты келіскен, сымбатты жануар. Сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі келеді. Әрі жүйрік, әрі шыдамды жануар. Ол негізінен жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр деп бөлінген.

   Жылқыны қазақ халқы ежелден қастерлеген. Осы бір қасиетті, текті жануардың қазақ халқы үшін орны бөлек. Жылқы қазақтың сана-сезімінің, мәдениетінің, тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрпының тұтастай бір айнымас бөлігі саналған. Сонымен қатар, қазақ өзің “жылқы мінезді” халық деп, өздерінің мінез-құлқың, бүтіндей болмысын, жан-дүниесін айқындаушысы ретінде көрген. Әсіресе, ертедегі көшпелі заманда, жылқының тигізер пайдасы, берер көмегі мол болған. Ол мінсең көлік, ішсең сусын, кисең киім болған. Яғни, ежелгі халықтың мінер көлігі, мақсат қойған жеріне жеткізері, көшіп-қонарда жүгін көтерушісі осы жылқы малы еді. Ол жайылым ауыстырарда, көшіп-қонарда өте төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей, өз бетімен жайыла береді. Оның азығы өзге төрт түлік малға қарағанда, асыл әрі таза. Сондықтанда, онцң еті де, сүті де денсаулыққа өте пайдалы. Қымызы-қырық ауруға шипа. Еті-берекелі әрі қуатты. Қазақ халқы осы үшінде жылқыны қастерлеп, пір тұтқан.

Одан бөлек, жылқы-адал дос. “Ер қанаты-ат”-демекші, қазақ батырларының жарынан кейінгі жақсы көрген жан серігі, айнымас адал досы осы жануар. Әр кез қасынан табылған, қиындықта қалдырмаған сол бір  тұлпары болған. Мысалы, бізге жыр-дастандардан белгілі, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Шұбары мен Ақан серінің Құлагері.

Сондай-ақ бұл жылқы жануары бізді бар жамандықтан, бар қауіптен қорғайды деген түсінікте бар. Себебі, ертедегі ата-бабаларымыз жылан жоламасын деп, қастарына жылқы малын байлап жатқан.

...

Скачать:   txt (4.1 Kb)   pdf (61.8 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club