Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шекілдеуікті және сүйекті дақылдардың жеміс салатын бұтақшаларын биологиялық жолмен талдау

Автор:   •  Апрель 12, 2022  •  Лабораторная работа  •  849 Слов (4 Страниц)  •  397 Просмотры

Страница 1 из 4

Шекілдеуікті және сүйекті дақылдардың жеміс салатын бұтақшаларын биологиялық жолмен талдау.

Жемiс салатын бұтақшалар келбетi. Жемiс салатын  бұтақшалар жемiс салу үшiн арналған. Оларда жемiс және өркен бүршiктер болады. Әр түрлi жемiс дақылдарындағы жемiс салатын бұтақтар бiркелкi емес.

Шекілдеуікті дақылдарда жеміс салатын бұтақтар қатарына – сақиналы бұтақша, найзатүр бұтақша, жемісті шыбық, жеміссап, жемісті тармақ жатады (2 сурет).

[pic 1]

2-сурет. Шекiлдеуiктi дақылдардың жемiс бұтақтары: 1-жемiс салу iздерi; 2-көпжылдық сақиналы бұтақшалар; 3-жемiстi шыбық; 4-жылдық сақиналар; 5-вегетативтi бүршiк; 6-гүл бүршiк (генеративтi); 7-вегетативтi бүршiгi бар найзатүр бұтақша; 8-гүл бүршiгi бар найзатүр бұтақша; 9-жемiсбастар (а-вегетативтi бүршiкпен, б-гүл бүршiкпен); 10-көпжылдық аралас бұтақ.

Сақиналы бұтақша – көпжылдық, ұзындығы 1-3 см-ден аспайтын, буынаралықтары айқындалмаған, сыртында бүршiк  қабықтарының және жапырақтардың түскеннен кейiнгi iздер сақина тәрiздi орналасқан, төбесiнде бiр ғана жақсы дамыған бүршiгi бар, ал жанама бүршiктерi дамымаған бұтақша.

Найзатүр бұтақша – бiржылдық, ұзындығы 5-15 см аралығында болатын, буынаралығы қысқа, әдетте төбесiнде жемiс бүршiгi бар бұтақша. Найзатүр бұтақша кейде тiкен тәрiздi болып, ұзына бойында бүршiк орналасады. Олар өзi шыққан бұтаққа тiк орналасады.

Жемiстi шыбық -  ұзындығы 15-25 см-ге дейiнгi, жемiстi бүршiкпен аяқталатын бұтақша.  Әдетте, олар төменге немесе бiр жанына қарай иiлген, ұзына бойы бiркелкi жуандықта болады. Кейбiр алма, алмұрт сорттарында, осы шыбықтың жоғарғы жапырағының қолтығында жемiс бүршiктерi пайда болады.

Жемiссап (күрделi сақиналы бұтақша) – бiр рет жемiс салған, жемiсбасы айқын белгiленген, сақиналы, найзатүр  бұтақшалар немесе жемiстi шыбықтардың бiр-екi түрiнен тұрады.

Жемiсбас – бiр немесе бiрнеше жемiстер және гүл сағақтары түскеннен кейiн қалған iздерi бар, жемiссаптың жуандалған бөлiгi. Олар алманың кейбiр сорттары мен алмұртта ерекше iрi. Осы жемiсбастары арқылы шекiлдеуiктi дақылдардың қаншалықты өнiм бергенiн анықтауға болады.

Жемiстi тармақ - көп жыл жемiс берген, әрi жиi тармақталған жемiссап. Олар 10-15 жылға дейiн өз мiндетiн атқара алады, дегенмен де ең сапалы өнiмдi 6-8-жылдарға дейiн бередi.

Жемiсбаста орналасқан жемiс бүршiгiнен жемiстермен қатар, бiр-екi алмастырушы өркендер де пайда болады. Бұл өркендер сақиналы, найзатүр бұтақшалар, жемiстi шыбықтар, кейде өскелең өркен типтес болып келуi де мүмкiн. Алмастырушы өркендер типi - ағаштың күтiмi мен дақылдық-сорттық еркшелiктерiне байланысты.

Сүйектi жемiс дақылдардың жемiс салатын бұтақшалары шекiлдеуiктi дақылдардың осындай жемiс салатын бұтақшаларымен сәйкес келедi, бiрақ олардың өзiндiк морфологиялық ерекшелiктерi болады. Олар: аралас өркен, жемiстi өркен, шоқ бүршiктi бұтақша, сүйiр бұтақша деп аталады (3 сурет).

       3-сурет.  Сүйектi дақылдардың жемiс бұтақшалары: 1-шоқбүршiктi  бұтақшалар;  2, 5-жемiс өркендерi; 3, 6-аралас өркендер; 4-сүйiр бұтақшалар.[pic 2]

Аралас  өркен – ұзына бойында жемiс және өркен бүршiктер аралас орналасқан, ұзындығы 20-см-ден асатын бiржылдық өркен. Төбесiндегi бүршiк әрқашан өркендiк, бұл барлық сүйектi жемiс дақылдарына тән қасиет. Кейбiр дақылдар (шабдалы, алша, шие т.б.) мен сорттарда өнiмнiң басым бөлiгi осы өркендерде орналасады.

Жемiстi өркен - ұзына бойында тек жемiстiк бүршiктер, ал төбесiнде өркен бүршiгi орналасқан, ұзындығы 10-40 см аралығындағы бiржылдық өркен. Бұл өркендер шабдалы, алша мен шиенiң кейбiр сорттарына тән.

...

Скачать:   txt (11.8 Kb)   pdf (262.5 Kb)   docx (140.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club