Тұндырғыштар
Автор: Ainara-1997 • Ноябрь 21, 2018 • Реферат • 2,346 Слов (10 Страниц) • 2,331 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................3
1 Тұндырғыштардың есептік шығындарын анықтау.............................4
2 Көлденең тұндырғыштар........................................................................5
2.1 Көлденең тұндырғыштар есебі............................................................6
3 Тік тұндырғыштар....................................................................................8
3.1 Тік тұндырғыштар есебі.......................................................................9
4. Радиалды тұндырғыштар .....................................................................10
4.1 Радиалды тұндырғыштар есебі..........................................................11
Қорытынды................................................................................................13
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................14
Кіріспе
Тұну процесі дегеніміз судағы қалқыма бөлшектердің ауырлық күші әсерімен және олардың судың тығыздығынан тығыздығы үлкенірек болғанына байланысты төменге шөгіп судан бөліну процесі.
Өнеркәсіпте тұндыру процесін қатты фазаның бөлшектерін бөлу мақсатында суспензияны қоюландыру немесе жіктеу үшін, газдарды ірі шаңдардан тазалау үшін және эмульсияларды бөлу үшін қолданады. Аз ғана қозғалатын күш (ауырлық күші) болғандықтан, тұндыру процесінде тек үлкен бөлшектерді ғана бөлу мүмкін болады. Сондықтан тұндыру процесі – гидродинамикалық ортаны бөлудің ең қарапайым және арзан процесі болып табылады. Осыған байланысты оны көбінесе гетерогенді қоспаларды қиынырақ тәсілдермен бөлуді арзандату үшін біріншілік бөлу ретінде қолданады.
Тұндыру процесін тұндырғыштар деп аталатын аппараттарда жүргізеді.
Тұндыру процесі әртекті жүйелерді бөлу үшін қолданылатын басқа да процестерге, мысалы, сүзуге қарағанда әлдеқайда арзан процесс болып табылады. Бұдан басқа, әртекті затты сүзу арқылы бөлу тепе-теңдік кезінде сүзілетін затты алдын ала тұндырған кезде шапшаң жүреді.Сондықтан тұндыру процесі бөлудің бастапқы сатысы ретінде қолданылады, яғни, оның мақсаты тұтас фазадағы ірі қатты заттарды бөліп алу.
Судағы қозғалыс бағытына және конструкцияларына байланысты тұндырғыштарды былай айырады: көлденең, тік, радиалды.
1 Тұндырғыштардың есептік шығындарын анықтау
Су дайындау станцияларында суды тұндыру тазалаудың бірінші сатысы болып саналады. Тұндырылған су сүзгіге түседі. Сондықтан есептік су шығыны былай анықталады:
Qe=(Qn+Qс) × K, м3/тәул (1)
мұндағы Qn - тазалау станциясының пайдалы өнімділігі, м 3 /тәул
Qс - сүзгіні жууға кеткен су шығыны (қайтадан тазалауға жіберіледі) м3 /тәул.:
Qс=Fс× qж× nж (2)
мұндағы Fс - сүзгілердің қабылдынған жұмыстық ауданы, м2;
qж - жедел сүзгілерді жууға кететін меншікті су шығыны м3/м2;
nж- тәулігіне жедел сүзгілерді жуу саны;
K - тұндырғыштарды жууға кететін шығынды ескеретін
коэффициент (қалдықты әкеткенде жоғалатын су):
(3)[pic 1]
мұндағы Сор - тұндырғышқа келетін судағы қалқыма заттардың орташа
концентрациясы;
m- тұндырылған судағы қалқыма заттардың концентрациясы, мг/л
Ка - тұндырғыштағы тұнбаларды әкету кезіндегі араластыру
коэффициенті;
δор - тұнбадағы қатты фазалардың орташа концентрациясы, г/м3.
Судың есептік шығындарын жаз және қыс мезгілдеріне есептейміз. К коэффициентінің мәні де максималды қалқыма зат мөлшерін жазғы , ал минималды мөлшерін қысқы мезгілдер үшін қабылдап есептейді.
...