Табиғи және синтетикалық аралас мақта матасын дайындау
Автор: Камилла Ибрагимова • Октябрь 22, 2023 • Реферат • 2,161 Слов (9 Страниц) • 161 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ ДИЗАЙН, ТЕКСТИЛЬ ЖӘНЕ КИІМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
«ТОҚЫМА ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Табиғи және синтетикалық аралас мақта матасын дайындау
Орындаған:Ибрагимова К.И
Ахат Ш.
Мәжитова Т.Қ
Таирова М.Б
Тобы: ТТП 21-13
Қабылдаған: Досқалиева Д.Б
Алматы,2023
МАЗМҰНЫ | ||
1 | Кіріспе..................................................................................................... | 3 |
2 | Негізгі бөлім.......................................................................................... | 4 |
2.1 | Талшықтар жайлы жалпы түсінік......................................................... | 4 |
2.2 | Талшықтардың классификациясы........................................................ | 5 |
3 | Мата........................................................................................................ | 6 |
3.1 | Аралас мата............................................................................................. | 6 |
3.2 | Табиғи және синтетикалық аралас мақта матасы............................... | 7 |
4 | Қорытынды........................................................................................... | 10 |
5 | Қолданылған әдебиеттер.................................................................... | 11 |
КІРІСПЕ
Текстиль өнеркәсібінің кәсіпорындары иірімжіп,ширатылған жіп,мата,трикотаж,беймата жаймаларын және текстильді табиғи және химиялық талшықтар мен жіптерден жасалатын басқа да бұйымдар өндіреді. Тоқыма талшықтарына қойылатын негізгі техникалық жоғары механикалық беріктік. Ол затта әсер ететін, молекула аралық тартылыс күшіне байланысты. Молекулалар неғұрлым үлкен және бір біріне жақын орналасқан болса, соғүрлым ол күштер болады.
Химиялық талшықтар өндірісінде пайдаланылатын полимерлер тәртіпсіз орналасқан сызықты молекулалардан тұрады. Полимерге беріктігі жоғары талшықты структура беру үшін, олардың түзу бойына орналасуын тәртіптеу керек. Полимер макромолекулаларының, олардың қайту орналасу процесінде,көбірек қозғалғыштық болу үшін, алдың ала молекула аралық күштерін кеміту қажет. Бұл заттарды немесе балқыту жолымен іске асырылады. Осыған химиялық талшықтар өндірудің екі әдісі негізделген ерітіндіден иіру және иіру балқымадан иіру.
Көптеген синтетикалық талшықтарды, пластмассалар қай мономерден алынатын болса, сол мономерден алады (полителен, полипропилен, поливинилхлорид, полистирол және басқа да талшықтар).
Матаның материал сыйымдылығының төмендеуі,сызықтық тығыздығы томен жіптерді пайдалану есебі ретінде де, сондай-ақ жаңадан жасалған жіптерде талшықтарды және элементар жіптерді қию профилі және қүрама жіптердің структурасы әртүрлі болуы есебінен шикізатты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Маталарға қойылатын талаптар, олардың тағайындалуына байланысты әртүрлі болады.Түрмыстық тағайындалуы бар маталар анықталған физика-механикалық қасиеттерінен бөлек, халықгың кең ауқымының эстетикалық талғамын қанағаттандыруы керек, қазіргі сән бағытына жауап беруі керек.
...