Әртүрлі жастағы балалардың тыныс алу жүйесің тексеру әдістері: қарау, пальпациялау, перкуссиясы, аускультациясы
Автор: Серикова Маржан • Октябрь 30, 2023 • Контрольная работа • 613 Слов (3 Страниц) • 224 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университеті
[pic 1]
Кафедра: Балалар аурулары неантологиямен пропедевтикасы
Дисциплина: Балалар аурулары пропедевтикасы
Факультет: Жалпы медицина
Курс: 3
Тақырыбы: Әртүрлі жастағы балалардың тыныс алу жүйесің тексеру әдістері: қарау, пальпациялау, перкуссиясы, аускультациясы. Әртүрлі жастағы дені сау балалардың тыныс алу жүйесің функциональды және құрал-саймандармен зерттеу әдістері
Орындау әдісі: Ситуациялық есептер
Орындаған: Серікова Ақмаржан
Тобы: 311 «А»
Тексерген: Куттымуратова Ж.С
Ақтөбе, 2020
№1 Есеп
3 айлық нәресте дәрігер бақылауына келді. Туылғандағы ден салмағы 3500,0 гр, бой ұзындығы 53 см. Қазіргі дене салмағы -5700,0 гр. Бала табиғи тамақтануда.Емуі жақсы, салмақ қосуы жасына сәйкес. Қарау кезінде тері жамылғысы таза, бозғылт -қызғылт түсті, көгерулер байқалмайды. Тері асты шел май қабаты жасына сәйкес жетілген.
- Осы жастағы нәрестенің тыныс алу жүйесін бағалау үшін: жалпы қарау, пальпация перкуссия, аускультациясымен курация жасаңыз (курация дәптерге жазбаша түрде жазыңыз)
Жауап. Бірінші баланың толық жағдайын анасынан сұрап аламыз. Шағымдардың бар-жоғын ескеріп, жалпы қарауға кірісеміз. Қарау кезіндегі барлық санитарлық нормаларды сақтау керек.
Жалпы қарау кезінде терінің түсіне (боз, көкшіл), терідегі пайда болған жаралар болса соған назар аударамыз. Сонымен қатар ауыз қуысындағы қызаруларға, мұрын қырының үрленуі мен тартылуына, мұрыннан секреция бөлінуіне, мұрын арқылы кедергісіз дем алуына көңіл аударамыз және де тұмау бар-жоғын тексереміз. Аяқ-қолдарының, кеуде қуысының симметриялығына мән береміз. Рефлекстер арқылы нерв жүйесіне баға береміз.
Пальпацияда: тері созылғыш, ылғылды, бархат тәрізді, тері асты шел майы созылғыш, қалыпты, бас сүйегінде, жігі, еңбегі қалыпты (сәл жабылмаған)
Перкуссияда: барлық мүшелер қаыпты жағдайда жетілген. Патологиялық белгілер жоқ.
Аускультацияда: стетоскоп көмегімен тыңдағанда тыныс әлсіз естіледі.Бұл қалыпты процесс
№2 Есеп
12 жастағы ер бала, өсіп дамуы жасына сай. Дәрігер бақылауына келді.Туылғандағы дене салмағы 3500,0 гр, бой ұзындығы 53 см. Қазіргі дене салмағы -35 кг. Бала табиғи тамақтанған.Баланың өсіп дамуы, салмақ қосуы жасына сәйкес. Қарау кезінде тері жамылғысы таза, бозғылт -қызғылт түсті, көгерулер байқалмайды.Тері асты шел май қабаты жасына сәйкес жетілген.
...