Құрамында флавоноидтары бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар
Автор: IlanovvaAru8449 • Сентябрь 25, 2021 • Лекция • 766 Слов (4 Страниц) • 1,078 Просмотры
- Сабақтың тақырыбы: Құрамында флавоноидтары бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Құрамында флавоноидтары және олардың гликозидтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.
- Сағат саны: 6 сағат
- Сабақ түрі: тәжірибелік
- Сабақтың мақсаты:
• оқыту: құрамында флавоноидтары бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттарды оқып үйрену
- • тәрбиелік: өз мамандығына, ісіне жауапкершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- дамыту: пәнаралық байланысты дамыту, өз бетінше жұмыс істеуге, ой-пікірін ашық айтуға дағдыландыру.
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс, тест бақылау
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: ноутбук, проектор
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: көрнекі және дидактикалық құралдар: шикізаттар, гербарийлер, кестелер, плакаттар
б) оқыту орны: 202 бөлме.
- .
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.
1. Биологиялық белсенді қосылыстар ретінде флавоноидтарға сипаттама беріңіз.
2. Флавоноидтардың физика-химиялық қасиеттері.
3. Барлық осы тарауда оқылатын өсімдіктерінің өндірілетін өсімдіктерін, оның тұқымдасын, шикізатының қазақ, орыс, латын атауларын келтіріңіз.
4. Зерттеліп отырған өсімдіктерінің морфологиялық, биологиялық, экологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз, олардың таралуы мен өсу аймақтарын көрсетіңіз.
5. Осы топтағы жабайы өсетін өсімдік шикізатының тиімді жинақтау әдістеріне дәлелдеу беріңіз.
6. Құрамында флавоноидтары бар дәрілік өсімдік шикізатының жинау, кептіру және сақтау ерекшеліктері.
10. Жаңа сабақты түсіндіру :
Флавоноидтар – табиғи полифенолды қосылыстардың класына жатады. Олар табиғатта өте жиі кездеседі. Оның құрамында көптеген әртүрлі бояушы пигменттер болады (флавондар, флавонолдар, антоциондар, және т.б.). Бұл пигменттер өсімдіктердің жоғарғы және төменгі бөліктерінде көп мөлшерде кездесіп отырады.
Флавоноидтардың құрамында екі фенилдік қалдықтар болады. Бұл фенилдік қалдықтар ішкі көміртек атомдарымен тізбектеліп жалғанған.
Бес немесе алты мүшелі оттек түзуші гетероцикл түзіліп және көптеген флавоноидтарға тұйықталып тізбектелген, бұлар бензол ядросымен жалғанған.
Флавоноидтар - бензо-γ-пиронның туындылары, олардың негізінде С6 – С3 – С6 көміртекті бірліктен тұратын фенилпропанды қаңқасы жатыр. Флавоноидтарға реакция жүргізу үшін пропан сақинасы С қажет.
Флавоноидтарды класстарға бөлу мынадай белгілі топ бойынша жүргізіледі: пропан бөлігін тотығу дәрежесі бойынша, гетероциклдік шамасы бойынша, фенилдік орынбасардың жағдайы бойынша және т.б. Олар өздерінің атауын «flaus» латын тілдік шамасы бойынша, фенилдік орынбасарлы жағдайы бойынша және т.б. сөзінен алған, сары деген мағына білдіреді, себебі өсімдіктен бөлінген бірінші флаваноидтар сары түсті болған.
Гетероциклді сақинаның С тотығу дәрежесіне байланысты флавондар, флавононолдар, флавонондар, флавандар, флаванонолдар, аурондар, халкондар, антоцианидиндер деп жіктеледі. Тотықсызданған тобы катехин болса, ал тотыққан күйі флавонол. Қазіргі кезде өте көп зерттелген флавондар мен флавонолдар.
Флавоноидтар түссіз және сары кристалды заттар, суда және органикалық еріткіштерде еруі, орынбасушы радикалдардың орналасуына және санына байланысты.
Көптеген флавоноидты қосылыстар әртүрлі гликозидтер түрінде кездеседі. Қазіргі кезде белгілі флавоноидты гликозидтер мнадай үш топқа бөлінеді: О-гликозидтер, С-гликозидтер және ацилдеуші О-гликозидтер.
...