Қан жасау жүйесі ауруларының фармакологиялық түзету қағидалары
Автор: Динара Ахатова • Ноябрь 24, 2022 • Лекция • 668 Слов (3 Страниц) • 195 Просмотры
«Қарағанды медицина университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасы
ОСӨЖ «Қан жасау жүйесі ауруларының фармакологиялық түзету қағидалары»
№ 1 НҰСҚА
Науқас О. 42 жаста кенеттен әлсіздік, жүрегінің қағуы, басының айналуы, эпигастрия ауырсынуы, кофенің қоюлығы түрдегі лоқсу, нәжістің қара түсі шағымымен стационарға жеткізілді.
Анамнезінде: 7 күн бұрын стрестен кейін эпигастрияда ауырсуынуы пайда болды және дами түсті. Бүгін кенеттен жағдай нашарлаған, кофенің қоюлығы түрдегі лоқсу пайда болды, нәжісі қара түсті. Объективті: Тері жамылғысы бозаңдау ылғалды. Тынысы везикулярлы. Пульс 102 соққы минутына, АҚ 90/60 мм.сын.бағ. Жүрек тонысы ырғақты, ұшында балауса систолды шу. Іші жұмсақ, пилородуоденалды аймағында, осы аймақтың бұлшықетінің ширылу ауырсынуы бар. Курлов бойынша бауырдың өлшемі 9-8-7 см.
Қанның анализі:
Эр-2,8,0 *10 12/л., Hb-82 г/л., ЦП-0,89 МСV – 82 фл, MCH – 30 пг, MCHC – 34 г/дл, Лейк.- 4,0*10 9/л., п -3%, с — 44%, э -1%, лф — 44%, м — 8%, СОЭ-10 мм/ч, Тромбоциттер — 250*10 9/л, ретикулоциттер 2%, Сарысулы темір – 10 ммоль/л/
ФГДС- асқазанның пилориялық бөлімінде 1*1,5 см қанталаған жара анықталған.
Алдыңғы диагноз: Бірінші рет анықталған асқазанның ойық жара ауыруы. Асқазанда қан кету. Жедел постгеморрагиялық анемия орташа ауырлықпен.
ҚР ДМ Клиникалық хаттамасына сәйкес геморрагиялық синдромды жою үшін тиісті ем тағайындалды (http://www.rcrz.kz/index.php/ru/2017-03-12-10-51-13/klinicheskie-protokoly)
Терапия құрамына енген препарат, ол ақырында науқасқа рабдомиолиз симптомын шақырды.
Тапсырма:
- ҚР ДМ Клиникалық хаттамасына сәйкес, науқасты емдеудің негізгі принциптері.
Науқасты бір қырымен немесе арқамен жатқызып, басын бұрып жатқызамыз. Аштық. Эпигастрий аймағында мұз басады. Аминокапрон қышқылын 5% 100-200 мл в/в тамшылатып. Дицинон 4-6 мл в/в физрастворлық раствормен енгізіледі. Викасол 1% 2-3 мл в/м. Кальция хлорид 10% 5-10 мл в/в баяу енгізіледі. . Антигемофильная плазма 100-200 мл в/в тамшылатып енгізіледі. Преднизолон 60 мг в/в. Полиглюкин 400 мл в/в тамшылатып салынады. Антацидтер, Н2 гистаминдік рецепторлардың блокаторлары енгізіледі.
Симптоматикалық ем
Шамадан тыс қан кету ерте ме, кеш пе анемиялық синдромның дамуына әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн, сондықтан пациенттер гемоглобин мен эритроциттердің деңгейін бақылау үшін жүйелі түрде жалпы қан анализінен өтуі керек.
Анемияны жою үшін темір препараттары (феррум-лек, сорбифер дурулес, тардиферон) және протеиндік өнімдерге, қызыл етке, құрамында темірі бар жемістер мен көкөністерге арналған тамақтануды түзету көрсетіледі. Мультивитаминді кешендер, антигипоксанттар және антиоксиданттар көрсетілген.
- Рабдомиолиз жағдай деген не, симптомдарын атаңыз.
Рабдомиолиз дегеніміз-қаңқа бұлшықеттері тінінің зақымдалуымен көрінетін жүйелі қан айналымына ыдырау өнімдерінің түсуімен сипатталатын клиникалық синдром.Симптомдары мен белгілері ретінде әлсіздік, бұлшықет ауырсынуы, зәрдің қызыл-қоңыр түсте болуы. бұлшықет әлсіздігі, олардың ісінуі, қан қысым төмендеуі. тахикардия,тері бозару, жүрек айну, сананың бұзылуы байқалады. Сананың бұзылуы комаға дейін жетуі мүмкін.Миоглобиннің болуына байланысты зәрі қара түсті болады. Аритмияның күшеюі немесе жүрек аритмиясының пайда болуы, егер олар алдыңғы кезеңде болмаса, анықталады. Уремия тез тыныс алуды, жүрек айнуын және құсуды арттырады. Шұғыл терапевтік шаралар болмаған жағдайда көп мүшелердің жеткіліксіздігінің дамуы және өлім болуы мүмкін. Жедел бүйрек жеткіліксіздігін уақтылы түзету кезінде олигурия бірнеше күн ішінде полиуриямен ауыстырылады. Содан кейін зәрдің мөлшері бірте-бірте қалыпқа келеді, бірақ бүйрек функциясының толық қалпына келуі 1 жылға дейін созылады.
...