Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қабыну эндогенді және экзогенді факторларынан болатын зақым

Автор:   •  Сентябрь 20, 2024  •  Лекция  •  471 Слов (2 Страниц)  •  31 Просмотры

Страница 1 из 2

                                 

                        ҚАБЫНУҒА ЖӘНЕ АЛЛЕРГИЯҒА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕР

     Қабыну эндогенді және экзогенді факторларынан болатын зақым.

Негізгі белгілері: альтерация, эксудатация, пролиферация, медиаторлар көп мөлшерде бөлінеді (простагландиндер, брадикинин, серотонин, гистамин,

т.б.). Солардың әсерінен ұлпалар зақымдалады, ол альтерация және эксудатация дамытады, қан тамырларын кенейтеді, өткізгіштігін жақсартады, қабыну ошағында дене қызуы көтеріледі, ауырсыну пайда болады, ұлпаның ісінуі, жүйке талшықтары сығылуынан. Осыған байланысты жергілікті қабыну белгілері байқалады: гиперемия, лейкоциттердің миграциясы, ауырсыну, қанға сініріліп баска ағзалардың қабынуы таралады.

     1. Қабынуға қарсы дәрілердің бөлінуі:

1) Стероидті қабынуға қарсы дәрілер – бүл бүйрек үсті безінің гормонды препараттары. Олар қабынудың барлық сатыларына тежегіш әсері бар және аллергияғада қарсы, иммунодепрессивті әсер көрсетеді.

2) Стероидті емес қабынуға қарсы дәрілер. Бүл препараттар бейнаркотикалық аналгетиктер тақырыбында қарастырылған. Олар дене температурасын төмендетеді, аналгетикалық және қабынуға қарсы әсер көрсетеді.

     11. Аллергия қарсы дәрілер.

     Аллергия – антигенге ағзаның патологиялық жоғары иммундық реакциясы, сезімтал ағзаның ұлпаларының зақымын шақырып, ағзаға аллерген екінші рет түскенде дамитын. Аллергиялық реакциялардың екі түрі болады: баяу басталатын және жылдам басталатын.

     Ағзаға антиген әсер еткенде гуморальді иммунитет жүйесі белсендіріліп антидене түзіледі, олар мес жасушаларда орналасады. Келесі түскен антигендер антиденемен үштасады, мес клеткалары жарылып, ішіндегі аллергия медиторлары бөлініп шығады (гистамин, брадикинин, простагландиндер, лейкотриендер). Нәтіжесінде аллергиялық реакциялар дамиды: жеңіл түрі (бөртпе, қышыну, жөтел, қызару), орташа түрі (Квинке ісінуі, сарысу ауруы), ауыр түрі (анафилактикалық шок)

     Тез дамитын аллергиялық реакцияда қолданылатын дәрілердің бөлінуі:

  1. Мес жасушаларының ішінен аллергия медиаторларының бөлінуіне кедергі жасайтындар:
  1. Глюкокортикоидтар (преднизолон, беклометазон)
  2. Бета-адреномиметиктер (адреналин, эфедрин, сальбутамол, фенотерол,сальметерол)
  3. Миотропты спазмолитиктер (эуфиллин)
  4. М-холиноблокаторлар (атропин, метацин, ипратропий бромиді)
  5. Мес жасушаларының стабилизаторлары (кромолин-натрий, кетотифен).

    11. Аллергиялық реакциялар медиаторларының антагонистері:

            1) антигистаминді препараттар (димедрол, тавегил, диазолин, лоратадин)

             2) анафилактикалық шокқа қарсы дәрілер: адреналин, бронхолитиктер, стероидті қабынуға қарсы заттар. Бүл препараттар жоғарыда қарастырылған.

     Мес жасушалардың стабилизаторларына кромолин-натрий және кетотифен жатады. Бүл дәрілер аллергияны алдын алу үшін тағайындайды. Тек кетотифен бөлініп шыққан гистамингеде қарсы әсерін білдіреді.

    Антигистаминді заттар гистамин Н-рецепторларды тежейді, бронх, ішек бұлшық еттерін босансытады.

...

Скачать:   txt (6.9 Kb)   pdf (69.1 Kb)   docx (10.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club