Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тыныс жеткіліксіздігі 1 дәрежелі

Автор:   •  Ноябрь 11, 2020  •  История болезни  •  2,591 Слов (11 Страниц)  •  581 Просмотры

Страница 1 из 11

«Астана медицина университеті» АҚ

«Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы

Оқу-әдістемелік ауру тарихы

Науқас: Қуатова Бану Жақсылыковна

Клиникалық диагноз: Ауруханадан тыс сол жақ төменгі бөліктік пневмония орта дәрежелі

Асқынуы: Тыныс жеткіліксіздігі 1 дәрежелі

Ілеспелі ауруы: Созылмалы тонзиллит асқыну кезеңінде

Емдеу орталығы: ЖГМК Астана қ.

                                                                                   Тексерген: Курманова Г.

Орындаған: Сардарбекова А.

                                                                                                              Шолданова Ж.

                                                                                                          Амангелді Д.

Астана 2018 жыл

  1. Төлқұжаттық бөлімі:

1.Науқастың аты-жөні:Қуатова Бану Жақсылыковна

2.Науқастың жасы:21.07.1970(47)

3.Жынысы: әйел

4.Мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі 25/1, 80 үй

5.Жұмыс-орны: ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясында» сыпырушы

6.Лауазымы: жұмыскер

7.Клиникаға түскен күні: 11.06.2018 16:00

8.Клиникадан шыққан күні: 19.06.2018 12:00

9.Аурухана бөлімі: Пульмонология

  1. Науқастың шағымдары:

өнімсіз жөтел, физикалық жүктемеден кейін ентігу, ауаның жетіспеушілігі сезімі,дене температурасының төрт күн бойы 38,7-39 С-қа жоғарылауы, жөтелгенде төс маңында ауыруы, қалтырау, жалпы әлсіздік, бас ауруы,тершеңдік, лоқсу,құсу,жүрек аймағында ауру сезімі,тамаққа тәбетінің болмауына, АҚ 160/90 мм. сын. бағ. дейін көтерілген.

  1. Шынайы аурудың тарихы (Anamnesis morbi):

Науқастың айтуы бойынша, бір апта бұрынсуық тигеннен жағдайы нашарлаған: температурасы 37,4-37,7-ге дейін көтерілген, басы ауруы. Үш күн бойы ауруға шыдап, дәрігерге көрінбеген. Тек өзін-өзі емдеумен айналысқан: Терафлю, Гриппостад, Аспирин, Флимоксин, балмен шәй, тосаппен шәй ішіп жүрген. Сонда да температурасы түспеген. Сол себепті демалыс күндері 9.06-10.06.2018 антибиотик іше бастаған. Бәрібір де жағдайы жақсармаған, температурасы түспеген: жөтелге, ентігуге, температурасы 38,6-38,8-ге дейін көтерілуіне шағымданды. 11.06.2018 13:00 жұмыста жағдайы одан бетер нашарлаған: температурасы 38,7-ге дейін көтерілген, тершеңдік, жүрек соғу жиілігі 110-ға дейін жеткен, құсу, лоқсу, жүрек маңында ауырсыну сезімі, қалтырау, өнімсіз жөтелге шағымданды. Ақырында есінен танған. Үйіне келгенде жедел жәрдем шақырған және кезекші дәрігер қарағанда ауруханадан тыс сол жақ төменгі бөліктік орта дәрежелі пневмония диагнозымен Теміржол ауруханасының пульмонология бөлімшесіне  госпитализацияланды.

  1. Өмір тарихы(Anamnesis vitae):

Науқас жынысы мен жасына сай дамыған. 1970 жылы 21 шілдеде дүниеге келген.

Психикалық және физикалық дамуы: қалыпты.

Тұрмыстық жағдайы:Науқас Астана қаласында Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі 25/1 үй 30 пәтерде тұрады. Пәтер орташа жағдайда,қанағаттанарлық.Пациент материалдық жағынан қамсызданған, жанұясы орташа ауқатты.

Отбасында:төртінші бала.

Отбасылық жағдайы: тұрмыста, бір қызы бар

Гинекологиялық анамнез:менструациясы 15 жастан, кесарь отасы арқылы бала туған.

Тұқым қуалайтын аурулары:анықталмаған

Травма:Оң жақ  IX-X қабырғасының мертігуі (5 жыл бұрын жол-көлік қақтығысына ұшыраған).

Зиянды әдеттері:шылым шекпейді, алкогольді ішімдіктер қолданбайды..

Екпелері:жасына сай егілген.

Аллергоанамнезі: жоқ

Бұрын ауырған, ауырып жүрген аурулары:созылмалы тонзиллит асқынған кезеңінде, созылмалы пиелонефрит ремиссия кезеңінде.

Хирургиялық оталар:босану кезінде кесарь отасы, аналық без кистасының лапараскопиясы (хирургиялық ота).

Туберкулез, венералогиялық аурулар, АҚТБ (адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы)жұқпасы ВГ :ауруларымен ауырған жоқ, гемотрансфузияны терістейді.

...

Скачать:   txt (30.9 Kb)   pdf (238.6 Kb)   docx (571.4 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club