Тыныс жүйесі (Systema respiratorium)
Автор: glnzmrzbv • Октябрь 3, 2019 • Реферат • 5,205 Слов (21 Страниц) • 966 Просмотры
Тыныс жүйесі (Systema respiratorium)
Тыныс жүйесі адам өміріне өте қажетті газ алмасу,иіс сезу және дыбыс шығарып сөйлеу қызметтерін атқарады.Адамның дем алып,дем шығаруы тыныс деп аталады,ал тыныс жүйесі өтетін мүшелер тыныс жүйесі болып табылады.Мұрын қуысы,мұрын,жұтқыншақ,көмей,кеңірдек екі ауатамыр (бронхы) және екі өкпе тыныс мүшелеріне жатады.Өкпе – тыныс жүйесінің негізгі мүшесі.Тыныс жүйесінде газ алмасу тек өкпеде ғана жүзеге асады. Қалған бөлігі өкпеге ауа кіргізіп-шығаратын жол болып есептеледі.
Мұрын
Мұрын (грекше: rhis,rhinos) немесе сыртқы мұрын (nasus externus).Оның түбі,үсті,ұшы және екі танауы болады.
Мұрынның түбі (radix nasi) пешенеге біріккен мұрын сүйектерінен басталады.Шеміршек бөліктері (cartilago nasi) мұрын сүйектеріне бірігіп,мұрынның үстін (dorsum nasi),мұрын үсті созылып барып мұрын ұшын (apex nasi), ал мұрын ұшының екі жағында мұрын танауы (alae nasi) мұрын тесігін (nares) қоршап жатады.Танауды үлкен-кішілі екі шеміршектi (cartilage alaris nasi major et minores) ,ал оның тесіктерін мұрын пердесі (cartilage septi nasi) бөліп жатады.Сыртқы мұрын жоғарғы жағымен маңдай сүйекпен ,екі бүйір жағынан - жоғарғы жақсүйекпен,артқы жоғарғы жағымен тор сүйектің тік табақшасымен шектеледі.
Мұрын қуысы (cavitas nasi) сүйекті негізден және шеміршектен құралады.Мұрын қуысының ішкі беттері кілегейлі қабатпен қапталады.Мұрын қуысының төрт қабырғасы,яғни жоғарғы ,төменгі және екі бүйір қабырғалары болады.Мұрын қуысының жоғарғы қабырғасы немесе мұрынның үстімұрын сүйегінен,екі бүйірі-шеміршектен және мұрын орталығынан немесе пердеден тұрады.Мұрынның бүйір шеміршегі жұп болып,мұрын қуысының екі бүйір қабырғаларын түзеді.Бұл шеміршектер танау тесікті құрайтын мұрынның танаулық шеміршектеріне жалғасады.
Мұрынның орталығы немесе пердесі (septum, nasi) мұрын қуысын тең екі бөлікке бөледі.Мұрын орталығында да сүйекті (pars nasi) және шеміршекті және жарғақты бөліктері (pars cartilage septi nasi) болады.Мұрынның төменгі қабырғасы таңдай және үстіңгі жақсүйектерден құралады.
Мұрынның кілегейлі қабаты қан тамырларына өте бай,көпшілік жері сүйекке берік жабысқан,көп қатарлы қылшықты немесе кірпікті эпителиймен қапталады. Эпителий қабатында көптеген құты тәрізді бездері бар,олардың шығаратын секреттері қылшықтарды ылғалдап тұрады да мұрын қуысына кірген шаң-тозаңдарды тұтып қалады.Жас безінің секреті де мұрынға жас түтігі арқылы келіп,мұрын қуысының шырышты қабатын ылғалдайды.Тынысалу кезінде ауа мұрын қуысында жылынып,тазарады және біршама ылғалданады.Демек,қандай жағдайда болса да мұрын арқылы тыныс алу пайдалы болып табылады.
Мұрын қуысын сагитальды кесіп қарасақ,оның ауа жолында жоғарғы,ортаңғы және төменгі мұрын кеуілжірі (concha nasalis,superior,media,inferior) болатыны байқалады.Осы кеуілжірлерге байланысты жоғарғы,ортаңғы және төменгі мұрынның ауа өтетін жолдары пайда болады.Мұрын қуысына таңдай сүйегінің қуысы,жоғарғы жақсүйек қуысы,сына сүйектетің және тор сүйектердің қуыстары (sinus) жалғасады.Сондықтан осы қуыстарға да ауа өтіп тұрады.
Мұрын қуысы тыныс (regio respiratoria) және иіс сезу аймақтарына (regio olfactoria) бөлінеді.Олардың иіс сезу бөлігі жоғарғы мұрын қалқанында орналасады.Мұрын қуысының иіс бөлігінде ерекше жасушалар ,иіс сезу рецепторлары орналасады.Мұрын қуысының негізгі қызметі өкпеге баратын ауаны шаң тозаңнан тазартып,ылғалдандырып,суық ауаны аздап болса да жылыту болып табылады,сондай-ақ иіс сезу қызметін де атқарады.
Мұрын қуысының жас ерекшелігі.Нәрестеде жалпы мұрын кішкентай,оның қуысы тар,кеуілжірі- қалың болып келеді.Мұрынның жоғарғы ауа жолы жоқ,ортаңғы және астыңғы ауа жолдары жетіледі.Хоаналары –төмен.Нәрестенің 6 айда тыныс жолдары ашылып,2 жаста ауа жолдарының үшеуі де жетіледі.Үстіңгі жақсүйекте туған кезде үңгір болады да басқалары кейін жетіледі.Маңдай бөлігіндегі үңгір-2 жаста ,сына сүйегіндегісі -3-6 жастарда,ал үстіңгі жақсүйектегі үңгір -8-9 жаста тез дамып,14 жасқа толу соңынан ғана жетіле бастайды.
...