Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Туа біткен, кәріліктен болған бедеулікті анықтау

Автор:   •  Апрель 3, 2020  •  Контрольная работа  •  440 Слов (2 Страниц)  •  861 Просмотры

Страница 1 из 2

№1 оқу практика

Туа біткен, кәріліктен болған бедеулікті анықтау

  1. Туа біткен бедеулік.
  2. Кәріліктен болған бедеулік.

Туа біткен бедеулік. Төл анасының құрсағында жатқанда-ақ оның жыныстық мүшелері дұрыс өсіп-жетілмей, туғаннан-ақ келешекте төл беруге қаблеті жоқ, жарамсыз болып туылады. Ондай жағдай барлық малдың 4-5 %-ын құрайды. Оның негізгі себебі жақын туыстық шағылыстыру, кейбір жағдайда тұқымқуалаушылық немесе эмбрионның өсіп-дамуына сыртқы ортаның күшті зиянды әсері (экологиялық фактор) болуы мүмкін.

        Туа біткен бедеулік: инфантилизм, фримартинизм, гермофродитизм, крипторхизм және басқа да аномалиялар түрінде кездеседі.

        Инфантилизм-жалпы организмнің және жыныстық мүшелердің дұрыс дамып жетілмеуі. Олардың салмағы аз, уақытында күйлемейді,  өспей қалған мал.

        Фримартинизм- егіз туған бұзаудың біреуі еркек, біреуі ұрғашы болса, көбінесе, ұрғашы бұзау фримартин болып туады. Олардың шүртекейі шамадан тыс үлкен, қынабы өте тар, қысқа, ал жатыры ұрық жолдары мен аналық ұрық бездері өте кішкентай, кейде, тіпті, білінбейді де. Қашарлардың  сырт пішіні бұқа тәрізді болады.

        Гермофродитизм – бір малдың бойында екі жыныстық органдардың дамуы, яғни аналық ұрық бездерімен қатар еннің болуы, шүртекейдің шамадан тыс үлкен болуы.

        Крипторхизм- еркек малдың бір жағының немесе екі жағының да ені ұма ішіне түспей, құрсақ қуысында, не болмаса шат каналында қалып қояды. Оны кейде сыңар ен деп те атайды.

        Басқа аномалияларға ұрғашы малдың сарпайының, қынабының жоқ, бітеу болып тууын, жатыр тармағының 3-4 болып немесе сыңар болып тууын жатқызамыз. Одан басқа «Шистозома рефлексум», «Глобус», «Стернофага», «Краниофага», «Ишиофага» сияқты әртүрлі кемтарлықтар кездеседі.

        Туа біткен бедеулікпен күресудің негізгі жолы селекциялық жұмысты дұрыс жүргізу, буаз малдың бағып-күтіміне, азықтануына баса назар аудару, өсіп-өнуіне қабілеті жоқ малды жарамсыз деп тауып етке өткізу болып табылады.

...

Скачать:   txt (5.2 Kb)   pdf (79.4 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club