Ұштағанның айтылмаған сырлары
Автор: naz1994 • Октябрь 30, 2019 • Реферат • 1,551 Слов (7 Страниц) • 682 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ
ҚАРАҚИЯ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ
«ЖЕТІБАЙ АУЫЛЫНЫҢ №4 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
Авторы: Нұрханқызы Назгүл
Тақырыбы: Ұштағанның айтылмаған сырлары
2019 жыл
Абстракт
Тақырып өзектілігі: Ұштаған атауының шығуы төрт аңызға байланысты екендігін зерттей отырып, бүгінгі ұрпақ бойына туған өлкеге деген сүйіспеншілікті, халық мұрасын көз қарашығындай сақтай отырып, өз өлкелеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Ұштаған ауылының атауы туралы аңыздарды негіге ала отырып, ауыл атының тарихы туралы болжам жасау.
Зерттеу нысаны: Ұштаған атауының шығу тарихы
Зерттеудің жаңашылдығы: Ұштаған атауының шығуына байланысты «Үш» сөзінің өзектілігі зерттеліп, анықталды.
Зерттеудің әдістері: Танысу, жинақтау, зерделеу, жүйелеу, талдау.
Зерттеудің құрылымы: Кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады.
Зерттеудің қорытындысы: «Өткенді білу –бүгініңе сабақ, болашаққа бағдар». Ұштаған ауылының атауының шығу тарихы туралы көптеген деректерді өскелең ұрпақтың бойына сіңіртіп, бізге белгісіз, әлі зерттелмеген жерлерге зерттеу жұмыстарымды одан әрі дамытамын.
Мазмұны
І. Кіріспе.....................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім........................................................................................................6
2.1.Ұштаған –Серікбол көзімен.............................................................................6
2.2.Ауылым айтқан аңыздар.................................................................................7
2.3.Ұштағанның өткені мен бүгіні.........................................................................8
ІІІ. Қорытынды.......................................................................................................9
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................10
І. Кіріспе
Ұштаған –Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданына қарасты елдімекен. Маңғыстау түбегінің Үстіртке ұласар ойлы, құмақты тұсында орналасқан. Шетпеден оңтүстік-шығыс бағытта созылып жатқан тас жол 60 шақырымнан соң Ұштағанға алып келеді. Бостан құмының солтүстік-батыс етегінде жазықта орналасқан. Оның күнгейінде Сауысқан құмы басталып, ол да Оңтүстік ботысқа созылып жатыр. Осы құмның екі жағын ала Ұштағаннан шыққан қара жол бар. Солтүстік жиектегі жол Сауысқан ауылына апарады. Сауысқанның қасында 2 шақырым қашықтықта «Cазды» ауылы бар. Саздының терістік жағындағы жолмен «Құрттының»үстімен «Өгіз-өрлеуге» барып, одан әрі қарай темірқазық бағыттағы биік жаластың тұмсығында «Бердалы» қауымы көрінеді. Маңғыстаудағы ең алғашқы жерленген адам осы Бердалы. Одан әрі тау тұмсығы «Тамды бұлағы» қол созым жерде жатыр.
Сауысқанның іргелей жүрген құм жолмен жүре берсек «Қызылсу» мекеніне жетіп, «Шопан Ата» кесенесіне баруға болады. Қызылсудан арқаға жүріп отырып, «Соқырдың төрткүлі» мен алыстан Жабай-Ұшқан қарауытып, одан әрі қасиетті мекен «Оғыланды тауы» Бекет Ата жайғасқан киелі жерге жетуге болады. Ал Ұштағаннан шығатын оңтүстік құм жиектейтін жолмен «Жарма» ауылына барып, одан оңтүстік шығысты бетке ала отырып, «Масат әулиенің» биік жалымен немесе қолқамен «Қандықтың» үстімен, Қызылсай ауылына, одан әрі 18 шақырым жүріп мұнайшылар қаласы Жаңаөзенге маңдай тіреуге болады.
Арқа бетінде Бесмұрынға дейін созылып жатқан «Тасты сай» сілемімен «Дүйсеннің» жалына шықса, Үстіртке көтерілер ақ таулар алақанға салғандай әсем көрініс береді. «Дүйсеннен» терістікке қарай құлап жатқан жолмен «Жаңа су» құдығының басына барып, шығысқа қарай шыққан жолмен «Қаттығұй» одан әріде «Епік» құдықтарының басына баруға болады. Бұл жерлердің өсімдіктер әлеміне тоқталар болсақ жусан,еркек,боз,беде, құртшаш, изен, күйреуік, ойдым-ойдым жерлерде бұйырғын, теріскен, құсқанбас, шөптері шығатын жайылысқа қолайлықоныстар. [1]
...