Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Трансплантация саласындағы жаңа жетістіктер

Автор:   •  Май 5, 2019  •  Реферат  •  9,711 Слов (39 Страниц)  •  1,486 Просмотры

Страница 1 из 39

[pic 1]

«Қазақстан – Ресей медициналық университеті»

                                    МИКРОБИОЛОГИЯ  КАФЕДРАСЫ

                              ЖАЛПЫ  ИММУНОЛОГИЯ  КУРСЫМЕН

СӨЖ

Тақырып: «Трансплантация саласындағы жаңа жетістіктер»

                                              Алматы - 2019 ж.

                               Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Трансплантация жайлы негізгі түсінік.

2. Трансплантат тұрақтамауындағы механизмдері туралы қазіргі көзқарастар.

3. Трансплантацияның жіктелуі.

4. Трансплантациядағы елеулі жетістіктер.

5. Қазақстандағы трансплантация жетістіктері.

6. Транплантацияның негізгі мәселелері.

ІІІ. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

                                                І. Кіріспе

     Медицина  мен хирургияның дамуы туындаған аурулардың басым көпшілігінен толық жазылуға немесе ұзақ уақытқа көрініс табатын ремиссиялардың пайда болуына алып келді. Алайда, қазіргі таңда дене мүшелерінің қалыпты функциясын не терапевтикалық, не хирургиялық тәсілдермен қалпына келтіру мүмкін емес болатын патологиялық процесстер де кездеседі. Осындай жағдайлар көрініс тапқан жағдайда бір организмнің дене мүшесін екінші организмдікімен алмастыру сұрақтары туындайды.Бұл мәселелерді зерттеумен трансплантология ғылымы айналысады.

     "Трансплантология" термині латын тілінің transplantare – алмастыру, және грек тілінің logos – ғылым деген сөздерінен пайда болған.

     Үлкен медициналық энциклопедия транплантология ұғымына трансплантацияның мәселелерін, ағза мен тіндерді консервирлеу әдістерін, жасанды органдарды жасап шығару мен пайдалану мәселелерін зерттейтін, биология мен медицинаның бір саласы деген түсінік береді.

     Трансплантология ғылымы көптеген басқа ғылымдармен тығыз байланысты, атап айтсақ, биология, морфология, физиология, генетика, биохимия, иммунология, фармакология, хирургия, анестезиология, реаниматология, гематология және т.б.

     Сондықтан, транплантология интегративті ғылыми-тәжірибелік дисциплинаға жатады.Ағза мен тіндерді алмастыру ауыр операциялық жағдайларға жатады, оларды жүзеге асыру үшін арнайы құрылғылар қажет.Бірақ қазіргі таңда анестезиология мен реанимацияға қатысты бұл мәселелер өз шешімін  тапқан деуге де болады. Медициналық технологиялардың үздіксіз жетіліп отыруы трансплантология саласындағы трансплантациялық тәжірибе деңгейін көтерді  және донорлық органдарға деген сұранысты ұлғайтты. Басқа салаларға қарағанда, медицинаның бұл саласы әлеуметтік, этиакалық, құқықтық тәртіпке ерекше көңіл аударады. Және де медицинаның бұл саласы үнемі даму үстінде.

     

                                   

                                   

                                     ІІ. Негізгі бөлім:

1. Трансплантация жайлы негізгі түсінік. Иммунологияда қолданылатын трансплантация ұғымы.

     Иммунологияда қолданылатын трансплантация  термині  бір организмнен екінші организмге жасушаларды, тіндерді және мүшелерді алмастыру. Түрлі трансплантациялардың хирургиялық әдістері біздің дәуірде жетілдірілген. Ғалымдар мүшелер мен тіндерді бір индивидуумнан екінші индивидуумға алмастыру сұрақтарына хирургиялық технологиялар көмегімен жауап тапқан.

     1902 жылы Венециялық хирург Ullman көрсетуі бойынша, бір жануардан алып сондай ғана жануарға бүйрек алмастырып салғанда, бүйректің қызметі қалпына келген. Ал бүйректі әр түрге жануарлар арасында салған кезде, бүйректің қызметі ұзақ уақытқа жетпей тоқтатылып, мүшенің тұрақтамауы белгіленген.

     Қазіргі кезде трансплантация дүние жүзіне кең тараған. Бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, сүйек кемегі және көздің мөлдір қабығын салуды қазіргі кезде өте зор жылдамдықпен және үлкен табыстармен өтуде.

     Өмірлік қажетті ағзаларды, соның ішінде жүректі тәжірибелік трансплантациялаудың негізін Алексис Каррель салған, осы үшін 1912 жылы Нобель сыйлығына ие болған. Ол донорлық ағзаларды бұзылудан сақтаудың негізгі принциптерін қалаған. Адам ағзасын адамға трансплантациялау бойынша алғашқы отаны Херсонда 1933 жылы Ю.Ю.Вороной жасаған. Содан бері 40 мыңнан астам ота жасалған.

...

Скачать:   txt (73.7 Kb)   pdf (267.8 Kb)   docx (53.5 Kb)  
Продолжить читать еще 38 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club