Созылмалы пиелонефрит
Автор: Omirzhan1996 • Май 23, 2022 • История болезни • 2,757 Слов (12 Страниц) • 356 Просмотры
[pic 1]
Студенттің өзіндік жұмысы
(ауру тарихының фрагменті)
Кафедра жетекшісі: Векленко Г.В.
Тексерген: Жаубатырова А.А.
Орындаған: Аяшов Абай 310 Б топ
- Паспорттық бөлім.
Науқастың аты-жөні: Төребеков Жанғали Бердіғалиұлы
Туған күні, жасы: 25.06.1968 (53 жаста)
Жынысы: ер
Ұлты: қазақ
Отбасылық жағдайы: үйленген, 3 баласы бар
Мамандығы: құрылысшы
Жұмыс орны: Орал қаласы, Бəйтерек көшесі, 39
Тұрақты мекен-жайы: Орал қаласы, С.Сейфуллин көшесі,168үй
Ауруханаға түскен күні: 28.04.2022 ж. сағат 16:45
Түсу жолы: жедел түрде
Бөлімше: терапия
Болжам диагноз: Созылмалы пиелонефрит
Соңғы клиникалық диагноз: Созылмалы пиелонефрит, латентті ағым, өршу сатысы. Екі жақты нефроптоз. Екі жақты полиэктазия.
Науқас шағымдары
Негізгі шағымдары:
Бел аймағындағы екі жақты сыздап ауырсыну, тұрақты емес, жиі зəр шығару, ауырсынусыз аз порциямен, АҚҚ жоғарылауына, түнде кіші дәретке жиі баруына шағымданады.
Қосымша шағымдары:
Дене температурасының 38оС-қа дейін жоғарылауы, жалпы әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, тершеңдік, бас ауруы, тез шаршағыштық.
Ауру тарихы (anamnesis morbi):
1)Ауррудың бастамасы: науқас 2019-жылдың наурыз айынан өзін ауру санайды. Сол кезден бастап тұрақты емес бел аймағының сыздап ауырсынуы болған. Спазмолитик қабылдаған.
2) Даму ерекшелігі: 2019 жылы маусым айында бүйректі УДЗ-ға түсірген. Екі жақты нефроптоз анықталған. Соңғы жағдайының нашарлауы 3 күн бойы дене температурасы 38С- қа дейін көтерілуі, тəбеті төмендеген, бел аймағында сыздап, қақсап ауырсыну сезімі, зәр шығарудың қиындауы.
3) Пайда болу себебі: салқын тию, бұрын болған жедел пиелонефрит
4) Өткізілген тексерулер жəне олардың нəтижелері: Ем қабылдамаған. Науқас үйінде температураны түсіру үшін парацетамол, ауырсынуды басу үшін спазмолитик « Но-шпа » қабылдаған. Дəрілерден кейін науқастың жағдайы жақсармаған соң жедел жəрдем шақырған. Қазіргі кезде облыстық аурухананың нефрологиялық бөлімшесінде жатыр.
Өмір тарихы (anamnesis vitae):
- Науқастың өмірбаяны:1968 жылы Тасқала ауданы Мереке ауылында дүниеге келген.Тұңғыш бала, 2 інісі бар. Бала кезінде жақсы дамыған. Мектептен кейін техникумды тəмамдаған. 30 жылдан астам уақыт құрылысшы болып жасаған.
Мүгедектік жоқ.
2) Тұқымқуалаушылық аурулары: жоқ
3) Ауырған аурулары: туберкулез, вирусты гепатит, тері-венерологиялық ауруларын жоққа шығарады, аллергиялық аурулары жоқ, 3 жыл бұрын жедел пиелонефрит
4) Отбасылық өмірі: үйленген, 3 баласы бар.
5) Зиянды əдеттері: жоқ
Науқасты жалпы қарау.
Санасы: анық, есте сақтауы төмендеген, сұрақтарға біркелкі жауап береді.
Жағдайы: орташа ауырлық дəрежеде ауырсыну, дизуриялық синдромдар әсерінен.
Төсектегі қалпы: Белсенді
Тері жамылғысы: физиологиялық түсі қуқыл-сарғылт тартқан, қабақтары ісінген. Көз аңғалдары кішірейген.
Дене пішіні: Нормастеник
Бойы: 178 см
Салмағы: 81 кг
Температура: 38,7
Тыныс жиілігі: 17 рет 1 мин
Пульс жиілігі: 78 рет 1 мин
ИМТ: 25,6
Тері жамылғысы: түсі
Тыныс алу жүйесі.
Қарау кезінде кеуде торы цилиндрлік формада, екі өкпе де тыныс алу актіне симметриялы қатысады. Мұрын арқылы еркін тыныс алу. Аускультативті өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Мұрыннан сұйықтық шықпайды. Жөтел, гемоптиз, кеудедегі ауырсыну, ентігу жəне тұншығу ұстамалары болмайды.ТАЖ: 17 рет/мин.
Пальпацияда: кеуде клеткасының серпімділігі, эластикалық қасиеті сақталған. Дауыс дірілі екі жақ өкпесіне біркелкі таралады.
Салыстырмалы перкуссияда: өкпе үстінде анық өкпелік дыбыс.
Топографиялық перкуссия:
...