Пленкалы қабықшалардың түрлері және қасиеттері. Пленкатүзгіштер, пластификаторлар, еріткіштер ассортименті
Автор: Lazizbek Irismetov • Апрель 6, 2023 • Контрольная работа • 553 Слов (3 Страниц) • 300 Просмотры
Тақырыбы: Пленкалы қабықшалардың түрлері және қасиеттері. Пленкатүзгіштер, пластификаторлар, еріткіштер ассортименті. Пленкалы қабықшалармен қаптау технологиясы. Аппаратурасы.
- Таблеткалар – бір немесе бірнеше ұсақталған затардан тұратын, сусымалы қасиетке ие, ішкі және сыртқы қолдануға арналған қатты дәрілік форма.
- Таблеткаларға кемшіліктер де тән – ұсақ дисперсиялы заттар үлестік бетінің күрт артуының нәтижесінде сәуленің, ылғалдың және ауаның оттегінің қолайсыз әсерлеріне оп-оңай ұшырайды.
- Пленкалы қабықшалар - таблетка бетінде оған бүркілген пленка түзуші заттъщ ерітіндісі кепкен соң жұқа қабықша (0,05-0,2 мм) түзіледі, сол қабықшашд пленкалы қабықша деп атайды.
- Суда еритін және асқазанда еритін қабықшалар.Суда еритін қабықшалар таблеткалардьщ сыртқы түрін жақсартады, иісі мен дәмін бүркейді, механикалық бұзылудан қорғайды.
- Асқазан сөлінде еригін қабықшалар алу үшін полимерлер:диэтиламинометилцеллюлоза, бензиламиноцеллюлоза, ацетилцеллюлоза мен қанттың парааминобензоаттарының этанолдағы, изопропанолдағы, ацетондағы және т.б. еріткіштердегі ерітінділері қолданылады.
- Ішекте еритін қабықшалар. Бұл қабықшалар таблетка құрамындағы дәрілік затты асқазан сөлінің қышқьш ортасының әсерінен қоргайды, асқазанның шырышты қабығын кейбір дәрілік заттардың тітіркендіргіш қасиетінен сақтандырады, дәрілік заттың әсерін ішекте жинақтайды, белгілі дәрежеде оньщ әсерін үзартады. Ішекте еритін қабықшалардың ылғалдан қорғайтын әсері де бар.
- Ерімейтін қабықшалар.
- Қабықшалардың бұл түрінің негізгі мақсаты - таблеткаларды механикалық бұзылудан және атмосфералық ылғалдың әсерінен сақтау, дәрілік заттың жағымсыз иісі мен дәмін бүркеу, оның әсерін ұзарту.
- Бірінші жағдайда еріген заттар пленка арқылы концентрациялар айырмашьшығы әсерінен асқазан - ішек жолына қарай өтеді.
- Екінші жағдайда таблетка көлемінің үлғаюы әсерінен қабықша жарылып кетеді, соная соң дәрілік зат әдеттегідей бөлініп шығады.
Таблеткалар (лат. Tabulettae) — бір немесе бірнеше ұсақталған затардан тұратын, сусымалы қасиетке ие, ішкі және сыртқы қолдануға арналған қатты дәрілік форма.
Құрамы
Құрамына байланысты таблеткаларды бір ингредиенттен тұратын қарапайым (Pulveres simplises) және бірнеше ингредиенттерден тұратын күрделі (Pulveres composite) түрлерге бөледі. Мөлшерлеу сипатына байланысты ұнтақтарды жекелеген мөлшерлерге бөлінген (Pulveres divisi) және жекелеген мөлшерлерге бөлінбеген (Pulveres indivisi) түрлерге бөледі. Қолдану тәсіліне байланысты ұнтақтар ішкі және сыртқы қолдануға арналған болып бөлінеді. Сонымен қатар, ұнтақтарды електің ұнтақ толығымен өте алатын тесіктерінің мөлшерімен анықталатын ұсақталуы бойынша жіктейді.
...