Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Патофизиология пәні, міндеттері

Автор:   •  Сентябрь 29, 2019  •  Реферат  •  3,758 Слов (16 Страниц)  •  764 Просмотры

Страница 1 из 16

ТАҚЫРЫБЫ: «Патофизиология пәні, міндеттері»

Патофизиология /гр. pathos- ауру, бұзылыс, дерт +logos- iлiм+physis-табиғат + logos- iлiм / – ол ауру организмнің бұзылған қызметтерiн зерттейтiн және ауру дамуының, ағымының, аяқталуының жалпы заңдылықтарын анықтауды өз мақсаты ретiнде қоятын iлiм.

Клиникалық патофизиология – патофизиологияның бөлiгi. Негiзгi міндеттері: а) адамның әр ауруындағы  жүйелер мен ағзалар қызметтерi бұзылыстарының сипатын және ауырлығын зерттеу; ә) ауру патогенезі және оның клиникалық көріністері арасындағы өзара байланыстарын анықтау; б) патологиялық процестiң зақымдалған ағзаға және ауру организмнiң басқа ағзалары мен жүйелерiне әсер ету деңгейiн анықтау; в) функциялық  диагностика әдiстерiн меңгере бiлу; д) адам ауруына байланысты диагностика, алдын алу және емдеу жағынан жаңа нұсқауларды өңдеу.

Тәжірибе (лат. еxperimentum – сынау, тәжірибе) – басқарып, реттеп тұруға ыңғайлы жағдайда зерттеу мақсатымен белгілі бір құбылысты жасанды түрде шақыру не өзгерту. Бақылаудан айырмашылығы – зерттеліп жатқан объектімен өзара белсенді қатынаста болуда. Моделдеудің мәні – патологиялық реакцияларды, патологиялық процестерді, түрлі ауруларды үлгілеуде. Әдетте тәжірибе ғылыми зерттеу барысында өткізіледі және де гипотезаны тексеру, түрлі құбылыстар арасында себептік байланыстарды анықтау үшін маңызды. Патофизиологияда тәжірибелік зерттеу объектісі – науқас адам. Көбіне тәжірибе жануарларға өткізіледі.

Физикалық (материялық) моделдеу – биологиялық объекттерге (адамдарға, жануарларға, олардың ағзаларына, тіндеріне, жасушаларына) моделдеу немесе жасанды физикалық жүйелерге (өкпені жасанды желдету, жасанды бүйрек аппараттары).

Формаланған (материялық емес) моделдеу – логикалық, компьютерлік немесе математикалық моделдеу.

Пашутин В.В. /1845-1901/ -  Ресейде патофизиологияның оқу пәнi және ғылым ретiнде қалыптасуының негiзiн салушының бiрi. Осы ғалым басшылығымен Қазан университетiнде алғаш рет жалпы және тәжiрибелiк патология кафедрасы құрылған. Негiзгi еңбектерi ашығу, зат алмасу, жылу алмасу және оттегiнiң жетiспеушiлiгiне бағытталған.

Фохт А.Б. /1848-1930/ -  патофизиологтардың Мәскеу мектебiнiң негiзiн салушысы. Негiзгi еңбектерi жүрек-тамыр патологиясын зерттеуге бағытталған.      

Подвысоцкий В.В. /1857-1913/-  патофизиологтардың Киев мектебiнiң негiзiн салушысы.  Негiзгi еңбектерi iсiк дамуының, бездiк тiн регенерациясы мәселелерiн зерттеуiмен байланысты.

Богомолец А.А. /1881-1946/ - Киев мектебiнiң iрi патофизиологтардың бiрi. Негiзгi ғылыми бағыттары- қалыпты жағдайда және патологияда организм реактивтiлiгiн, анафилаксияның даму жолдарын, қанның қайта құюдың әсерiн зерттеу. Оның дәнекер тiннiң трофикалық қызметi туралы iлiмi қазiргi кездегi коллагеноздар туралы көзқарастардың негiзi болып саналады.

ТАҚЫРЫБЫ: «Жалпы нозология»

Нозология (гр. nosos-ауру+logos-iлiм) – ауру туралы iлiм.

Аурулар номенклатурасы – белгілі ретпен ұйымдастырылған жеке аурулардың атаулары және олардың сипаттамасы.

Аурулардың жіктелуі – нақты критерилерге негізделіп,  ауруларды топтарға бөлу жүйесі.

Ауру алды– бейiмделу механизмдерінің мобилизациясы нәтижесінде  биологиялық және әлеуметтiк бейiмделу анық төмендемейтiн немесе бейiмделудiң төмендеуi сыртқы ортаның кейбiр факторларымен әрекеттескенде ғана көрiнетiн адам организмінің денсаулық және ауру арасындағы күйi.

Ауру– организмге  зиянды факторлар әсер еткеннен әлеуметтiк пайдалы қызметтiң, жұмысқа қабiлеттiлiктiң  шектелуімен, функциялардың және бейімделудің бұзылыстарымен, құрылымдық-функциялық және метаболизмдік   өзгерiстердің кешенімен көрінетін ерекше өмiрлiк процесс.

Патологиялық реакция (гр. pathos-ауру, re- керi+ actio- әсер, ықпал) –патогендік факторлардың әсеріне жауап ретiнде дамитын биологиялық мәнсіз, сәйкессіз, қыска мерзiмдi, элементарлы, әдеттегiдей емес реакция.

Патологиялық процесс– ауру туындататын ықпалдың бүліндіргіш әсеріне, заңды түрде пайда болатын реакциялардың жиынтығы.      

...

Скачать:   txt (55.5 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (236.7 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club