Микроорганизмдердің генотипін карталау
Автор: aruka_21_20 • Октябрь 14, 2018 • Реферат • 2,955 Слов (12 Страниц) • 1,558 Просмотры
«Астана медицина университеті» АҚ
Ш.И.Сарбасов атындағы микробиология , вирусология және иммунология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Микроорганизмдердің генотипін карталау. Тұқымқуалаушылықтың хромасомадан тыс факторлары : плазмидалар , транспозондар , Is – тізбектер. Бактериялар және вирустардың генетикасы . Молекулярлы – биологиялық әдістер: НҚ гибризидациясы , ПТР , ДНҚ секвенірлену.
Орындаған: Әбен Аружан
202ОМ
Қабылдаған: Сәрсенова Ә.Г.
Жоспар:
I Кіріспе
Микроорганзим генетикасы
II Негізгі бөлім:
а) Микроорганизмдердің генотипін карталау;
б) Тұқымқуалаушылықтың хромасомадан тыс факторлары;
в) Бактериялар және вирустардың генетикасы
г) Молекулярлы – биологиялық әдістері
III Қорытынды
Микроорганизмдер мен вирустар генетикасы мен селекциясы – микроорганизмдердің табиғи және қолдан жасалған өзгерістерін зерттеп, эксперименттік мутагенез және халық шаруашығында қолданылатын микроорганизмдердің пайдалы қасиеттерін күшейтумен айналысады.
Микроорганизмдердің генетикасы тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ілімі ретінде құрылысы мен биологиясына сәйкес өзіне тән ерекшеліктері бар.Микроорганизмдердің қасиеті кез-келген басқа организмдер сияқты олардың генотипімен анықталады.Микроорганизмдрге қатысты ’’геном’’ термині- ’’генотип’’ұғымына синоним болып келеді.
Фенотип дегеніміз - генотип пен қоршаған ортаның өзара нәтижесі.Микроорганизмдердің фенотипі қоршаған ортаға тәуелділігіне қарамастан генотиппен бақыланады.Өзгегіштіктің негізінде қоршаған орта факторларына генотип реакциялардың мутациясы нәтижесінде генотиптің өзінің өзгерісі жатыр.Осыған байланысты фенотиптік өзгергіштік тұқымқуалайтын және тұқымқуаламайтын болып бөлінеді.
Тұқым қуаламайтын өзгергіштік жасуша ішілік және –сыртылық факторлардың генотиптік көрініске әсерімен қамтамасыз етеді.Модификацияны тудыратын факторларды қалпына келтіргенде бұл өзгерістер жоғалады.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік мутациялармен байланысты – мутациялық өзгергіштік.Мутацияның негізін ДНҚ –ғы нуклеотидтердің реттілігінің өзгерісі құрайды,оларды толық немесе жартылай жоғалту яғни гендердің құрылымдық қайта құрылуы жүреді,бұл белгінің өзгерген түрінде фенотиптік өзгеріспен көрінеді.
Бактерия геномы өздігінен репликациялануға қабілетті генетикалық элементтерден тұрады , оларды репликон деп атайды. Репликон бактериялардың хромасомалары мен плазмидалары болып табылады.
[pic 1]
Бактериялардың тұқымқуалаушылық ақпараттары ДНҚ-да тіркестік түрінде сақталып тұрады , олар амин қышқылдардың ақуыздарға тіркестігін анықтайды.
Бактериялардың хромасомасы – екі тізбекті сақиналы ДНҚ молекуласы . Бактерия хромасомасы бактерия жасушасының жинақы нуклеидын құрайды. Бактерия хромасомасының гаплоидты гендер жиынтығы бар . Ол бактерия жасушасына тән маңызды қызметтерді кодтайды.
Тұқымқуалаушылықтың хромасомадан тыс факторларына : -
- плазмидалар ,
- транспозондар ,
- Is – тізбектері жатады.
Плазмидалар –ек тізбекті ДНҚ молeкулалары , мөлшері - н.п. олар бактерияларға аса қажетті қызметтерді кодтамайды, бактериялар қолайсыз жағдайларға ұшарағанда мағызды рөл атқарады. Фенотиптік өзгерістердің ішіде бактерия жасушаларына плазмидалар арқылы жеткізілетін көріністердің ішінде келесілерін атап кетуге болады:[pic 2][pic 3]
...