Контрольная работа по "Медицине"
Автор: zhuldiz_04_04 • Март 24, 2022 • Контрольная работа • 5,223 Слов (21 Страниц) • 335 Просмотры
РК 3
1. Сигналдық молекулалардың жалпы сипаттамасы. Медициналық маңызы.
Жасушаның өмірі физикалық әсерге (температура, электромагнитті сәулелеу) немесе химиялық қосылыс болуы мүмкін сыртқы реттеуші сигналдарға байланысты болып келеді. Эукариотты жасушалар ақпараттық белгіні тасымалдайтын көптеген молекулалармен әсерлесуі мүмкін. Сигнал беретін молекула жасуша бетімен байланысқанда жасушаішілік сигнал үдерістерді, мысалы, пролиферацияның басталуын шақыратын реакциялар тізбегі іске қосылады. Əртүрлі жасушалар келген сигналға түрліше әсер көрсетеді. Əр нақты типтің жасушаларында ядрода, цитоплазмада және жасуша бетінде орналасатын өздеріне тән рецепторлар жиынтығы болады. Бұл рецепторлар арнайы сигналды алу үшін және жасушалық жауап беретін ферментті реакциялардың тізбегін іске қосу үшін қызмет етеді. Организм жасушаның тіршілік әрекетін реттеуге қолданатын заттардың жақсы зерттелгендеріне мысал ретінде келесілерді келтіруге болады: жасуша нысанаға жетізілетін гендер экспрессиясының өзгеруімен байланысты метаболизмдік өзгерістерді шақыратын өсу факторлары, стероидты гормондар, цитокиндер.
2.Сигналдардың жасушаға берілуінің негізгі кезеңдері.
• Жасушаға сигнал беру кезеңдері:
1. Сигналдың лигандпен байланысуы
2. Рецептордың активтенуі
3. Сигналдың жасушаішілік медиаторға берілуі
4. Протеинкиназалардың автивтенуі
5. Сигналдың әлсіреуі
• Барлық жасушааралық сигнал беретін заттарды үш топқа бөлуге болады:
• 1. Гормондар;
• 2. Нейромедиаторлар;
• 3. Гистогормондар
Гормондар: Эндокринді жасушаларда түзіліп, жасуша-нысанаға қан арқылытүсетін молекулалар
Нейромедиаторлар: Синапстарда сигналды пресинапстық ұштан постсинапстық мембранаға беретін молекулалар
Гистогормондар: Эндокринді емес жасушалармен қантамырдан тыс кеңістікке бөлініп, сондықтан жергілікті әсер көрсететін молекулалар
3.Мембраналық және жасушаішілік рецепторлар түрлеріне жалпы сипаттама.
• Сигналдық молекулалардың мембраналық рецептормен байланысуы фосфолипаза С (ФЛ-С) ферментін активтендіреді. Ол аденилатциклаза (АЦ) сияқты, плазмолемманың ішкі бетінде орналасқан Фосфолипазаның (ФЛС) активтену тетіктері оның изоформасына байланысты болады. • а) егер фосфолипаза р -иэоформада (ФЛ-С) болса, онда: • -сигналдық зат-гормон болады; • -рецептор-плазмолемманы 7 рет тесіп өтетін интегралдык акуыз болып табылады; • -трансмиттер-G-акуыздың стимулдаушы түрі (Gp) күйінде болады; • б) егер фосфолипаза у-изоформа (ФЛ-Су) күйінде болатын болса, онда оның қасиеттері өзгеше болады: • -сигналдык зат — өсу факторы: • -рецептор-мембрананы бір рет тесіп өтуші акуыз; онын цитоплазмалық домені тирозинкиназалық белсенділікке ие болады; Белсенді фосфолипазаның - С (ФЛ-С) негізгі эсер ететін субстраты мембраналық липид — фосфатидилинозитдифосфат (ФИД) болып саналады. Бүл да баска фосфолипидтер сияқты, амфифильдік липид. Оның негізі болып глицериннің екі май кышкылдарыньң фосфор кышқылдарының қалдыктарымен байланысуынан құралган фосфатид кышкылы саналады.
• Сигнал беретін молекула жасуша бетімен байланысқанда, белгілі бір жасушаішілік үдерістерді, мысалы, пролиферацияның басталуын шақыратын реакциялар тізбегін іске қосады. Əртүрлі жасушалар келген сигналға түрліше әсер көрсетеді. Жасушалық жауаптың арнайылығы көп жағдайда экспрессияланатын рецептор түрімен анықталады. Əр нақты түрдің жасушаларында ядрода, цитоплазмада және жасуша бетінде орналасатын өздеріне тән рецепторлар жиынтығы болады. Бұл рецепторлар арнайы сигналды алу үшін және жасушалық жауап шақыратын ферментті реакциялардың тізбегін іске қосу үшін қызмет етеді
...