Контрольная работа по "Медицине"
Автор: Kaer • Февраль 4, 2022 • Контрольная работа • 313 Слов (2 Страниц) • 229 Просмотры
Задание 1
СРСП- Гипотиреоз синдромы бойынша диагностикалық ізденіс алгоритмін жазыңыз
СРС -Есепті оқып, тапсырманы орындаңыз
- Жетекші синдромды анықтаңыз және жетекші синдром бойынша ажыратпалы диагноз жүргізіңіз (3 нозология)
2.Диагнозды құрастырыңыз және әр фрагментін негіздеңіз
3.Емдеу принциптеры
Әйел адам, 38 жаста.
Шағымдары: мойын аймағындағы дискомфортқа, тұншығу сезіміне, жүрек соғуының жиілеуіне, аздаған физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, терлегіштікке, ашушандыққа, жылағыштық пен дене салмағының төмендеуіне, қатты әлсіздікке.
Ауру анамнезі:2 жыл бойы жоғарыда аталған шағымдары пайда болғаннан бері өзін сырқатпын деп санайды. Соңғы жылда 5 кг дейін салмақ тастаған (75 кг нан 60кг дейін). Тұрғылықты жер бойынша терапевткеқаралған.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Дене конституациясы нормостеникалық. Тері жамылғысы физиологиялық, ылғалды, жылы. Қалқанша безі 1 ст, қамыр тәрізді консистенциялы, ауырсынусыз. Көз алмаларының ассиметриясы, экзофтальм, сирек жыпылықтау байқалады. Ромберг позасында-жабық көз қабақтарының тремеры байқалады, «телеграф бағанасы» симптомы оң. Лимфатикалық түйіндері ұлғаймаған. Шеткері ісінулер жоқ. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТЖ 18 рет мин. Жүрек тұсы өзгермеген. Жүректің салыстырмалы шекарасы: оң жақ және жоғарғы шекарасы қалыпты, сол жақ шекарасы - орта бұғаналық сызығытан 1 см сырқа орналасқан. Жүрек түрткісі 5 қабырғааралықта. Аускультацияда жүрек үндері айқын, ырғағы дұрыс емес. ЖСЖ- 110 соққы мин, АҚ-140/90 мм.сын.бағ.. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Үлкен дәретітұрақты, тұрақты. Кіші дәреті еркін, ауырсынусыз.
...