Контрольная работа по "Медицине"
Автор: s.bakytnur • Декабрь 19, 2021 • Контрольная работа • 1,278 Слов (6 Страниц) • 235 Просмотры
Айтметова Мадина ЖМ-709 «ОФТОЛЬМОЛОГИЯ» 14.12.2021
30 баллдық емтихан сұрақ
- (ТҮСІНЕДІ)
- Глаукоманың классификациясын, клиникасын, диагностикасын жазыңыз
Жауабы: Глаукома-көздің созылмалы аурулар тобы, көз ішілік қысымның жоғарылауымен, көру нервінің үдемелі атрофиясымен, көру функцияларының бұзылуымен сипатталады.
Классификациясы:
- Пайда болуына байланысты біріншілікті және екіншілікті
- Науқастың жасына байланысты туа біткен және жүре пайда болған
- Даму механизміне байланысты: ашық бұрышты, жабық бұрышты және алдыңғы камера бұрышының дисгенезі бар глаукома
- Көз ішілік қысымның деңгейі бойынша-гипертензиялық жіне нормотензиялық
- Көру нервін зақымдау дәрежесіне байланысты: бастапқы, өршіген, асқынған және терминальды
- Аурудың ағымына байланысты: тұрақты және тұрақсыз
Клиникасы: ашық бұрышты ұзақ уақыт клиникалық көрініссіз өтеді, тек кейін ғана науқас көру функцияларының төмендеуіне және үдеп бара жатқанына шағымданады. Жабық бұрышты глаукома орта және егде жастағы адамдарда кездеседі. Жіті және жеделше ұстама түрінде өтеді. Біртіндеп гониосинехиялар түзіліп, ауру созылмалы ағымға өтеді. Қасаң қабық ісінеді, қараған кезде көз алмасының іркілген иньекциясы байқалады.
Диагностикасы: тонометрия арқылы көз ішілік қысымды зерттеу, алдыңғы камерадағы сұйықтық мөлшерін зерттеу.
- Увеиттің классификациясын, клиникасын, диагностикасын жазыңыз
Жауап:Классификациясы:
- Этиологиясына байланысты
- Инфекциялық және инфекциялы-аллергиялық увеиттер
- Аллергиялық инфекциялық емес увеиттер
- Жүйелі аурулар кезіндегі увеиттер
- Жарақаттан кейінгі увеиттер
- Басқа жағдайлар мен этиологиясы анықталмаған у патологиялық веиттер
- Қабыну үдерісінің орналасуына байланысты увеиттер:
- Алдыңғы увеиттер(иридоциклит)
- Артқы увеиттер(хориоретинит)
- Жайылған увеит(панувеит)
Клиникасы: науқас көру өткірлігінің нашарлауына, көзден жас ағуына, жарыққа қарай алмауына, көздің қызаруы мен көзде ауырсыну сезімінің болуына шағымданады. Ауырсыну сезімі жарық күшінің өзгеруі мен аккомодация кезінде күшейеді. Қараған кезде көз алмасының перикорнеалдық иньекциясын, қасаң қабықтың артқы беткейінде, көз бұршағында да преципитаттар анықталады.
Нұрлы қабықтың ісінуі мен қабынуы аймағында простогландиндердің жиналуы салдарынан миоз дамиды.
Диагностикасы:
-сырқы көзді қарау(қабақтың қалпын, коньюктиваны)
-визометрия
-периметрия
-көздік реакцияны тексеру
-тонометрия
-УДЗ
-биомикроскопия
- Кератиттің классификациясын, клиникасын, диагностикасын жазыңыз
Жауап: Классификациясы:
- Этиологиясы бойынша:
- Экзогенді(бактериялық, саңырауқұлақты, паразитарлық)
- Эндогенді(туберкулезді, сифилитикалық, герпестік, нейропаралитикалық, гиповитаминозды)
- Этиологиясы анық емес кератиттер
- Анатомиялық жіктелу зақымдану үдерісінің тереңдігіне байланысты:
- Беткейлік немесе терең
- Эпителий дефектісі ақауының болуы
- Васкуляризацияның бар болуы
- Тамырлы қабық қабынуының қосылуы
Клиникасы: қасаң қабықтық синдром кездеседі: жарықтан қорқу, көз жасы ағуы, блефароспазм, көзде бөгде заттың болуы тәрізді сезім. Көз алманың ауырсыну сезіміне тек қана жаралану қосылған жағдайда шағымданады. Қараған кезде көз алмасының перикорнеальды иньекциясы, мөлдірлігінің төмендеуі, сезімталдығының азаюы байқалады. Қасаң қабықтың орталық сезімталдығының азаюы көру жиілігінің төмендеуіне әкеледі.
...