Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Медицине"

Автор:   •  Февраль 28, 2021  •  Контрольная работа  •  873 Слов (4 Страниц)  •  309 Просмотры

Страница 1 из 4

Жетпісбай Аружан Фармация 201

1.  Дәрігер қателерін жіктеу принциптерін кестеге түсіріп, түсіндіріңіз

Дәрігер қателерін жіктеу

Емдік

дұрыс емес ем әдісін қолдану және нәтижесін бағаламау

Диагностикалық

дұрыс диагноз қоймау немесе науқасты толық зерттемеу

Тактикалық

операцияға көрсеткіштерді дұрыс анықтамау, операцияны өткізу уақытын дұрыс таңдай алмау,

операция көлемін науқас жағдайына байланысты дұрыс анықтай алмау және т.б.

Техникалық

медициналық техниканы дұрыс қолданбау, сәйкес келмейтін медикаменттерді қолдану

Ұйымдастырушы

емдік үрдісті дұрыс ұйымдастырмау.

1 Жағдаяттық тапсырмалар.

1 Менің ойымша бұл жағдайда дәрігер қателік жасады. Ол 6 жасар қызбалаға дұрыс ем жасамай және дұрыс зерттемеді. Қызбалаға тек алғашқы көмек көрсетті, сосын үйіне жібере салды. Дәрігер қызбаланы дұрыстап зерттеп, ем жасап, сосын оған көмектесетін дәрі беріп, қайта-қайта тексерілуге шақырып тұруы керек еді. Мен бұл қателікті дәрігердің білім жетіспеушілігінен болды деп ойлаймын.

2 Менің ойымша бұл жағдай дәрігердің кәсіби білімсіздігінен туындады. Егер дәрігер науқасқа дұрыс ем жасаса науқастың жағдайы жақсаруы мүмкін бе еді.

3 Бұл жағдайда ем көрсетуші дәрігер ретінде мен науқастың әйелінің ауруды жұқтырмауын қамтамасыз ету үшін,әйеліне бұл жағдайды тезірек хабарлаймын.Сонымен қатар,қан тексеруінен міндетті түрде тезірек  өтуін сұраймын.Егер ауруды жұқтырғаны анықталса,ем жүргізуді бастаймын.Ауруын бәсеңдету мақсатында-дәрі-дәрмек қабылдауын қамтамасыз етемін.

4.Ятрогенияларды жіктеу кестесін құрыңыз:

Ятрогенияларды жіктеу

Пайда болу себептері

 

Психогендік

  • Невроз, психоз, долдану (истерия), фобиялар, депрессиялар мен ипохондриялық бұзылулар формаларында көрінеді;
  • пациент денсаулығы туралы  медицина қызметкерінің байқаусызда айтылған немесе дұрыс түсінілмеген сөздері, өзінің сырқаты туралы арнаулы әдебиеттен немесе басқада ақпарат құралдарынан алған мәліметтер;
  • көрсетілген ем тиімсіз болып дәрігерге сенімінің азаюы, диагностикалау әдістерінен қорқу, белсенділігінің бәсеңдеуі, отбасының үйреншікті қалпынан қабылдауы өзгеріске шалдыққан адамдар ортасына келу  

 Дәрі – дәрмектік

  • препараттардың жанама әсерлері;
  • есірткіні теріс пайдалану кезіндегі дәрілік улану;
  • дәрілік аллергия;
  • аллергиялық емес дәрілік төзімсіздік;
  • есірткіге тәуелділік;
  • дәрілік психоздар;
  • бір мезгілде енгізілетін дәрілердің сәйкес келмеуінен туындаған аурудың асқынуы;
  • вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар.

 Жарағаттану (травматические)

  • медициналық құралдар мен құрылғылардың әсерінен туындаған проблемалар. Бұл топта хирургиялық (операцияларда), манипуляциялық (инъекция кезінде және т.б.) және кездейсоқ медициналық жарақаттар, сондай-ақ күйіктер бөлінеді. Хирургиялық және манипуляциялық жарақаттар мен күйіктердің салдары мен асқынулары әсіресе ауыр және көптеген.
  • Бұл ятрогенді топқа шартты түрде шамадан тыс араласудың, айғақтарсыз араласудың (хирургиялық агрессия деп аталатын) және, керісінше, науқасты медициналық көмексіз және күтімсіз қалдырудың салдары жатады.

 Жұқпалы (инфекционные)

  • Оларға кез-келген медициналық көмек көрсету кезінде инфекция болған жұқпалы аурулардың барлық жағдайлары кіреді.
  • Инфекциялық аурумен ауратын науқастардың ортасына келу
  • Қандай да бір медициналық көмек кезіндегі инфекциялық жұқтырулар.
  • Медициналық құралдардың залалсызданбауы.
  • Бір реттік құралдардың көп науқасқа пайдаланылуы.
  • Қорғаныс шараларына немқұрайлы қарау.

 Аралас

  • Жоғарда аталған ятрогениялардың бір уақытта бірнешеуінің көрініс беруі
  • Немесе бір уақытта бірнеше ем шаралардың жүргізілуі.

...

Скачать:   txt (14.3 Kb)   pdf (75.7 Kb)   docx (14.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club