Контрольная работа по "Медицине"
Автор: drrrpa • Апрель 3, 2020 • Контрольная работа • 311 Слов (2 Страниц) • 314 Просмотры
No1-есеп
Қанмен қамтамасыз ету көрсеткіштерін жақсартуға жəне ұрықтың гипоксиясының жағымсыз əсерін төмендетуге қабілетті жаңа препараты зерттеу жоспарланған. "Oxikon" деп аталатын препаратты зерттеушілер тобының 25 жүкті əйелдерге беріледі. Бұл зерттеуге қатысу үшін іріктелген əйелдер препаратты қолданған кезде мерзімінен бұрын босану ықтимал қаупі туралы (жеткіліксіз зерттелуіне байланысты) тиісті дəрежеде хабардар болмаған.
1. Бұл жағдайда биоэтиканың қандай қағидасы бұзылғанын жəне жүкті
əйелдерге жаңа препараттарды зерттеуге жол берілетіні туралы
айтыңыз.
Бұл жағдайда биоэтиканың ең басты қағидасы-Адам өміріне нұқсан келтірмеу қағидасы бұзылған, Таңдалып отырылған әйелдерден ақпараттық келісім алынбаған.Бұл -биоэтиканың басты ережесі. Ақпараттық келісімде дәрінің қандай мүмкін болатын кемшіліктері мен қауіп түрлерін, себебі аталған препарат толығымен зерттелмегендігі жайында жайында зерттелушілерге толық ақпараттар берілуі тиіс еді.
No 2-есеп
Балалардағы мінез-құлық үрдістерін зерттеу үшін, ерте мектеп жасындағы 100 балалардан тұратын топқа жүйкеге əсер ететін топтағы препаратты зерттеу жоспарланған. Зерттеушілер көрсетілген қысым мен зерттеу жүргізу тұжырымдамасының нəтижесінде 3 ата-ананың рұқсаты алынған жоқ. Дегенмен, балалардың өздерінен жəне олардың оқытушыларынан ауызша келісім алғаннан кейін, топтың бастапқы жоспарланған таңдама көлемімен зерттеу жүргізу шешім қабылданды.
1. Бұл жағдайда зерттеу жүргізуге рұқсат беруге болады ма жəне ата-
анасы келісім бермеген балаларға не істеу керек?
Бұл жағдайда зерттеу жүргізуге ешқандай негіз жоқ, себебі, біріншіден, зерттеушілер ешқандай қысым мен зерттеу жүргізуге нақты тұжырым жасамаулары тиіс. Осы сәтте биоэтиканың жеке тұлғаның дербестігін сақтау қағидасы бойынша, әрбір адам өз еркі бойынша зерттеуге келісім жасайды. Ата-аналар себебін түсіндірмей, зерттеуден кез келген уақытта бас тартуға құқылы және олардың шешімдері әрі қарай емдеу сапасына ешқандай әсер етпейді. Екіншіен, ауызша келісім жасауға мүлде болмайды. Егер де балаларға препарат енгізгеннен кейін қандай да бір ауытқулар болған жағдайда, заң жүзіндегі ақпараттық келісімнің болмауынан балалардың ата-аналары зерттеу тәжірибелеріне қарсы дәлел көрсете алмайы. Зерттеу жүргізілу үшін ата-ана балаларына жүргізілетін манипуляциялардың толық сипаты, мүмкін болатын кемшіліктер мен қауіп түрлері, зерттеуге қатысудың мүмкіндік пайдасы және алынған деректер қалай пайдалатыны туралы толық жазыған ақпараттық келісім жасалғаннан кейн ғана жүргізілуі керек.
...