Контрольная работа по "Медицине"
Автор: Yessirkep • Декабрь 5, 2018 • Контрольная работа • 1,874 Слов (8 Страниц) • 635 Просмотры
1 Терінің екіншілік морфологиялық элементтерін жаз:
Қабыршақ. Көзге көрінбегенмен қалыпты жағдайда терінің бетінен мүйізделген клеткалар тұрақты түлеп отырады. Көптеген ауруларда мүйізделген клеткалардан тұратын қабыршақтар көбейіп кетеді. Бұл қабыршақтану деп аталады. Кейде қабыршақтар өте ұсақ болады. Осындай нәзік, ұн тәрізді қабыршақтарды ұнтақты түлеу деп атайды. Кейде олар пластинка тәрізді болады. Кейбір жағдайда түлеу өздігінен дамуы мүмкін, мысалы ихтиозда сияқты.
Эрозия-тері бүтіндігінің үстүрт бұзылуы. Эрозиялар әдетте, қуысты дақтар жарылғаннан кейін немесе нағыз теріде түзілген сіңбе дәнекер ұлпаның жоғары бөлігінде орналасқан қан және лимфа тамырларының жарақаттануынан пайда болады. Эрозия қызғылт не қызыл түсті болады, беті ылғалданып, суланып тұрады.
Экскорация-механикалық жарақаттанудың нәтижесі, көбінесе қышыма ауруында қасудан пайда болатын терінің бұзылуы. Үсті қоңыр, қанды қабықпен жабылған.
Жарылу- қыртыс қабатының және кейде нағыз терінің жоғары қабаттарының сызықша жарылуы, ұзақ уақытқа созылған қабыну дәрісінің нәтижесінде терінің созылғыштық қасиеті жоғалғанда және мүйізделген қабат құрғақтықтан тартылғанда жарылып кетеді. Көбінесе терінің бүкпелерінде пайда болады. Терең жарылулар өте ауырғыш және қанағыш келеді. Кейде олар бірінші дәрежелі элемент ретінде де кездесуі мүмкін.
Қабық-тері бетінде ұйыма сұйықтықтың, іріңнің және қанның кебуінен пайда болады.
Жара- паталогиялық дәрістің нәтижесінде пайда болатын сіңбенің ыдырап, тері тұтастығының терең деңгейде бұзылуы. Жараның пайда болуына терінің іріңді қабынуы, пролифератифтік және өзіндік арнайы қабынуы,қатерлі ісіктер себеп болады. Аурудың диагнозын анықтағанда алдымен жараның жиегіне назар аударған жөн, өйткені көбінесе осы жерде негізгі паталогиялық дәрістің қалдықтары сақталып қалады, сонымен қатар ұлпалардың ыдырауына әкеліп соққан дәрістерді көрсететін жараның түбіне, бөлінетін сұйықтығына көңіл бөлу керек.
Тыртық-ұлпаның ыдырауынан немесе бұзылуынан кейін пайда болатын жаңа ұлпа. Көлемі нұсқасы алдындағы болатын бөртпеге сәйкес келеді. Басында түсі қызғылт болып соңынан ақ түске ауысады, көбінесе шетінде пигментті белдеуі болады. Беті тегіс, тері өрнегі сақталмайды.
Вегетация-зақымдалған терінің кедір-бұдыр көрсететін әтештің айдарына ұқсайтын қылшық тәрізді өсінділер. Олардың беті әлбетте қалың мүйізденген қабатпен жабылған, кейде қызылшаланып тұрады.
Лихенификация-тері өрнегінің қалыптан тыс анық көрінуі арқылы оған шегрен түрін беретін өзгеріс. Тері қалың, құрғақ, ұсақ қабыршақтармен жабылған. Терінің түсі қызғылт не қошқыл шұбар болып келеді. Лихенизация-теріні ұзақ уақыт қасып, тітіркендірудің нәтижесінде дамиды. Лихенизацияның негізінде акантоз жатыр.
.Буллезды эпидермолиз анықтамасы, этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы, дифференциялық диагностикасы:
Буллезді эпидермолиз(epidermoliz bullosa congenital) немесе тұқымқуалаушылық көпіршік,қабынбалы емес тері ауруларының үлкен тобына жатады.Жарақат болған жердегі тері мен шырышты қабаттардың көпіршіктердің пайда болуымен жүретін тері ауруы.
Этиологиясы мен патогенезі: Әр түрлі хромосомада бірнеше гендердің мутациясымен жүреді.Кератиноциттердің ,базальды мембрана мен дерманың байланысуы бұзылады.Артынан көпіршіктің пайда болуына әкеледі.
Тұқымқуалаушылық жолы:аутосомды доминантты немесе аутосомды рецессивті.
Жай буллезді эпидермолиз
Бұл формада көпіршіктер эпителициттердің базальді мембрана қабатының бойымен орналасады.Аурудың клиникалық көрінісі бірінші жылда пайда болады көпіршіктер жанаспалы жарақат кезінде болады
-білекте
-табанда
-тізеде
-қолтықта
-іште
Эрозияны бірден ашқаннан кейін эрозиялар бірден эпителизацияланады.
Дистрофиялық буллезді эпидермолиз
3 жасқа дейінгі уақытта пайда болады .дистрофиялық буллезді эпидермолиз кезінде көпіршіктер терең базальді мембрананың астында орналасады,мембрана мен коллагенді талшықтар арасында байланыстың үзілуіне байланысты.Бұл түрінде коллагеназ ферментінің белсенділігі жоғарылайды.Терең көпіршіктер ұзақ емделіп тыртық қалдырады.Теріде милиарлы кисталармен қатар жүреді.
...