Зерттеулердің молекулярлы - генетикалық әдістері (Муратова Мадина)
Автор: Эльанура Жеткергенова • Ноябрь 23, 2021 • Реферат • 278 Слов (2 Страниц) • 250 Просмотры
Зерттеулердің молекулярлы - генетикалық әдістері (Муратова Мадина)
Молекулалық-генетикалық әдістер зерттелінетін ДНҚ молекуласының нақтылы учаскесінің құрылымының ерекшеліктерін анықтауға бағытталған зерттеу әдістері болып табылады.
Адам генетикасы және медициналық генетика, қазіргі кезде лабораториялық зерттеу әдістерін (биохимиялық, иммуннологиялық, молекулалық биологиялық) қолданады.
Гэррод адамның алкаптонурин ауруының себебі заттар алмасуында ферменттік реакциялардың бұзылуы екендігін көрсетті.
Тұқым қуалайтын ауруларды лабораториялық әдістер арқылы анықтау аурудың 3 кезеңінің бірін идентификациялауға бағытталады: Нақтылы мутацияларды (гендік, хромосомалық, геномдық) анықтау; Лабораториялық әдістер арқылы геннің алғашқы өнімін зерттеуге мүмкіндік туады; Арнайы метаболиттерді анықтауға мүмкіндік береді.
Цитогенетикалық әдіс- адамның хромосомалық жиынындағы ауытқушылықтар мен бұзылыстарды анықтауға арналған сарапатама, зерттеу. Бұл әдіс хромосомаларды микроскоп арқылы зерттеуге негізделген. Зерттеу нәтижесінде хромосомалардың саны мен құрылымын анықтауға мүмкіндік туады.
Полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) — биологиялық материалдағы анықталатын нуклеин қышқылдарындағы (ДНҚ) аз концентрациялы фрагменттердің айтарлықтай ұлғайтылуын қамтамасыз ететін молекулярлық биологиядағы эксперименталды әдіс.
Блот-гибридизация : Электрофорезден кейін гельді сілті ерітіндіге енгізіледі, бұл кезде қос тізбекті ДНҚ молекуласы біртізбекті болып ыдырайды.
ДНҚ фрагменттерін буферлік ерітінді көмегімен нитро целлюлозалы не нейтронды фильтрге ауыстыру. Гель бетін фильтрмен фильтрлеуші қағаздармен жабады. Гельден бөлініп шыққан ДНҚ фрагменттерінің бәрі филтрде ұсталынып қалады.
...