Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы. Инфекция эпидемиологиясы, медициналық көмек көрсетуге байланысты

Автор:   •  Февраль 10, 2021  •  Реферат  •  1,522 Слов (7 Страниц)  •  867 Просмотры

Страница 1 из 7

Арысбек Аида 132ОМ

№3 тақырып «Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы.Инфекция эпидемиологиясы, медициналық көмек көрсетуге байланысты (ЖМАЖ)» тақырыбындағы практикалық сабақ

Тәжірибелік сабақтың негізгі сұрақтары:

1. Әр түрлі таралу механизмдері бар жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы. Қазіргі әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы жұқпалы аурулардың сипаттамалары.

Эпидемиялық ошақ дегеніміз—инфекция көзінің өзін қоршаған аумақ шегінде нақты жағдайда жұкпалы бастауды беруге қабілетті орны. Эпидемиялык процестін пайда болуы үшін фактордың өзара қимылы кажет: жұқпа қоздырғышының көзі, жұқпаның берілу механизмі жөне қабылдағыш ағза. Ауру адам немесе жұқпалы (залалданған) жануар жүқпа көзі болса, тағы бір жұкпа кезі — тасушы (бацилло — «таратушы» ). Кейбір аурулар кезінде (тырысқак, іш сүзегі) ауру адамның айығуы ағзаның қоздырғыштан босауымен кабаттаса жүреді, яғни клиникалық тұрғыдан сау адам коздырғыштар бөлуі мүмкін, бұл «тасушы» деп аталады.

Қазіргі уақыттағы жұқпалы аурулар ішінен күрделі мәселелер:

1. аурухана ішіндегі инфекциялар

2. антибиотик төзімді штаммдар

Қазақстан Республикасында кездесетін жұқпалы аурулар:

ЖРВИ, ішек инфекциялары, бруцеллез, сібір жарасы, лептоспироз, энцефалит, оба, тілме, құтырма және т.б.

2. Инфекциялық аурулар туралы түсінік. Инфекциялық аурудың нозологиялық тәуелсіздігі, оның қоздырғыштың ерекшелігіне тәуелділігі. Қоздырғыштың филогенетикалық жақындығына негізделген адамның инфекциялық ауруларын топтау (вирустар, прокариоттар, эукариоттар).

Жұқпалы аурулар - ерте заманда олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш- микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет). Жүқпалы аурулардың қоздырғыштары паразиттік өмір кешеді, белгілі бір уақытка дейін қажетті нәрсемен камтамасыз етіледі, осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру қажеттілігі туады. Қоздырғыштың залалданған ағзадан сау ағзаға өтуі эволюциялық қалыптасқан әдіспен өтеді. Бұл — жұқпа қоздыргыштарыньщ берілу механизмі деп аталады. Ағзада коздырғыштың орналасуы мен жұкпаның берілу механизміне байланысты бар жүқпалы аурулар 4 топқа бөлінеді: ішек жұкпасы, тыныс алу жолдарының жұкпасы, қан жұкпасы жөне сыртқы кабат жұқпасы. Ішек жүқпасына қоздырғыштардың ішекте орнығуы мен соған сөйкес олардың сыртқы ортаға, негізінен, нәжіспен бөлінуі тән. Бұл аурулардың қоздырғыштары сау адамдарға ауыз аркылы азықтүлікпен, ауыз сумен немесе лас қолдармен ағзаға түсуі нәтижесінде жұғады. Оларға — дифтерия, іш сүзек, тырысқақ, ішек уыты жұқпалары жатады. Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін. Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері — адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғиошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары — жөндіктер мен кенелер өмір сүреді.

3. Қоздырғыштарды негізгі тіршілік ету ортасына сәйкес топтау (адам, жануар, сыртқы орта). Сәйкес аурулар тобын бөлу (антропоноздар, зооноздар, сапроноздар).

Адамдардың барлық жұқпалы ауруларын экологиялық – эпидемиологиялық тұрғыдан бөлгенде табиғатта адамдарға жұғуымен байланысы бар қоздырғыштың ең басты мекендеу ортасын (резервуар) есепке алу керек. Қоздырғыштың спецификалық мекендейтін ең басты үш ортасы болады: адам организмі (антропоноздар), жануарлар организмі (зооноздар), сыртқы орта (сапроноздар). Екі резервуарды қос пайдалану қоздырғыштың өтпелі түріне тән. Антропоноздар кезінде адам – қоздырғыштың табиғаттағы жалғыз резервуары және инфекция көзі. Бұл жерде жіктеудің негізі ретінде қоздырғыштың адам организмімен (шоғырлануы), немесе адам популяциясымен (берілу механизмі) өзара қатынасының сипаты алынған. Антропоноздарды жете жіктеу кезінде жалпы қабылданған топтарға бөлу қолданылады: ішектік, респираторлы, қандық, сыртқы жабындылық, «вертикалді» (анасынан ұрыққа жұғу) инфекциялар. Қоздырғышының табиғатта адамдардан тыс резервуары бар инфекцияларда тіптен басқаша көріністер байқалады. Мұндай инфекция кезінде адам организмінде қоздырғыштың шоғырлануы немесе оның адамнан адамға берілу механизмі індет себепкері емес , ол патогенді микробтың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін процестің салдары.

Зоонозды инфекциялар қоздырғыштарының табиғаттағы негізгі резервуары-жануарлар, көбінесе сүтқоректілер және буынаяқтылар. Атап айтқанда дәл солар қоздырғыштың биологиялық түр ретінде табиғатта тіршілігін қамтамасыз етеді және оқта – текте адамдарға жұқтыру қаупін туғызады, ал паразит үшін адамдардың рөлі бейдетерминантты және маңызды емес. Зооноздарды экологиялық-эпидемиологиялық екі топқа бөледі: үй (ауылшаруашылық, қымбаттерілік ) және синантропты жануарлардың (негізінде кеміргіштер) аурулары; жабайы жануарлардың аурулары.

...

Скачать:   txt (24 Kb)   pdf (128.6 Kb)   docx (14.3 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club