Туберкулездің эпидемиологиясы
Автор: NazymbekovaA • Май 15, 2023 • Эссе • 508 Слов (3 Страниц) • 299 Просмотры
Орындаған: Назымбекова Аружан Аралбайқызы
Топ: 4-009 Жалпы медицина
Жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасы
Эссе
Туберкулездің эпидемиологиясы
Эпидемиология- деп біз аурудың халық арасында пайда болуын және таралуын зерттейтін ғылымды айтамыз.Туберкулез эпидемиясының болуын эпидемиялық үрдіс дейміз.Оның 3 компоненті болады:
- Инфекция көзі
- жұғу жолы
- жаңа жағдай
Оның ішінде инфекция көзіне: науқастар,жануарлар, құстар жатады. Науқастар бізде бактерия бөлмейтіндер- амбулоторияға, ал бактерия бөлетіндерді стационарға жатқызамыз.
ТМБ берілу жолдары: ауа тамшылы- сөйлесу, түшкіру, жөтел арқылы, жиі кездеседі; алиментарлы- тамақпен, сирек кездеседі; Қатынас- жанасу арқылы, сирек; плацентарлы- анадан іште жатқан ұрыққа беріледі, сирек кездеседі;
Соның әшәнде ауа тамшылы кезінде: сөйлесу барысында- 200 МТ, жөтелгенде- 3 мың, түшкіргенде- 1 млннан аса бактерия бөлінеді.
Жалпы эпидемиялық көрсеткіштер бізде 4 ке бөлінеді және диагностикада өте маңызды ролдердің бірін атқарады.
- Инфекциялану 2) аурушаңдық 3) дерттілік 4) өлім жітім
Бірінші инфекциялануға тоқтасам: Туберкулинге тексерілгендердің ішінде оң реакция шыққандардың пайыздық көрсеткіші, көбіне балаларда болып келеді. Келесі сырқаттылық дегеніміз – осы жылы 100 мың тұрғынға бөлгендегі туберкулездің белсенді түрімен алғаш ауырғандар саны болып келеді.Ал дерттілік- жыл соңында 100 мың тұрғынға бөлгендегітуберкулездің белсенді түрімен еспте тұрғандар саны болып келеді. Сонғысы өлім-жітім- осы жылы 100 мың тұрғынға бөлгендегі туберкулезден қайтыс болғандар саны
Жалпы ҚР динамикасына келсем 90-шы жылдары ең жоғары көрсеткіш, себебі дағдарыс болған кездері халық жағдайы нашар болған кездер болатын, сол үшін сырқаттылық деңгейі өте жоғары болатын.Қазіргі кезде біздің елімізде сырқаттылық төмендеген.90- шы жылдан бері сырқаттылық 3-4 есе төмендеген.Жалпы туберкулездің асимптомды, симптомды жүретін түрлері бар.Асимптомды науқастар өз бетімен қарала бермейді, сол үшін біз оларда туберкулез бар жоғыын біле алмаймыз. Оны табу үшін жылына 1 рет флоюраграфия жасалынып отырады, тексеріс арасы жыл боғандықтан сырқаттылықты нақты анықтау қиын.
...