Жедел пневмониялардың классификациясы
Автор: Мадияр Конысбай • Сентябрь 23, 2020 • Реферат • 812 Слов (4 Страниц) • 417 Просмотры
КРУПТІ ПНЕВМОНИЯ
Крупті пневмония жедел инфекция-аллергиялық ауру; ол өкпенің бір немесе бірнеше бөлімін толық қамтиды (бөліктік, лобустық пневмония), альвеолаларға фибринді экссудат жиналып (фибринді, немесе крупті пневмония), плевраға да фибин шөгеді (плеврапневмония). Жақшада келтірілген атаулардың әрқайсысы осы аурудың әр ерекшелігіне сәйкес синонимдері. Крупті пневмония дербес ауру көбіне ересектер, кейде балалар да ауырады.
Этиологиясы мен патогенезі. Оны пневмококтардың I, II, III және IV типтері қоздырады. Оны кейде Фридлендер диплобацилласы да дамытады. Науқас адаммен қарым-қатынаста болмаған сау адамның кенет сырқаттануы, пневмококтардың сау адамдарда да болатынын, крупті пневмонияның аутоинфекциялық ауру екендігін көрсетеді. Жедел пневмонияның патогенезі үшін, аутоинфекциямен қатар, дененің суықтан тоңазуы, жарақаттану сияқты факторлардың пневмококтар сенсибилизациялы организмге әсер етіп, ауыруға түрткі болуының да маңызы зор. Осы ауруға тән клиникалық бейне, даму барысында белгілі бір кезеңділіктің байқалуы және оның морфологиялық ерекшеліктері организмде гиперергиялық жауап қалыптасатындығын дәлелдейді. Гиперергияның әсері өкпеде жүзеге асып, онда гиперсезімталдықтың жедел типіне сәйкес үдерістер өрістейді.
XX тәсім. Жедел пневмониялардың классификациясы
Морфогенезі мен патологиялық анатомиясы. Жүз жылдан астам мерзімде қалыптасқан ұғым бойынша, крупті, яғни паренхималық деп бағамдалатын пневмония өзінің даму барысында төрт кезеңнен өтеді: 1) қан толу кезеңі; 2) қызыл бауырлану; 3) боз бауырлану және 4) айығу кезеңдері. Бұл төрт кезең 9—10 тәулікті қамтиды.
Қан толу кезеңінің мерзімі бір тәулік қана. Өкпенің бөлігіне күрт қан толып, су сіңіп ісінеді. Оған жиналған сұйықтықта бактериялар өте көп болады. Капиллярлардың өткізгіштігі артып, альвеолаларға диапедездік жолмен эритроциттер шығады. Қан кернеп, өкпе қатайыңқырайды.
Қызыл бауырлану кезеңі аурудың 2-ші тәулігіне сәйкес келеді. Толыққанды, әрі микробтардың әсерінен су сіңіп ісінген альвеолаларға диапедездік жолмен эритроциттер шығады. Эритроциттерге араласқан нейтрофилдердің арасына фибрин жиналады. Альвеолалардағы экссудатқа араласқан пневмокококтарды нейтрофилдер сіңіреді (фагоцитоз). Аралық тіндегі лимфалық тамырларға лимфа жиналып, кеңейеді. Өкпенің тіні бауырға ұқсап, қоңыр-қызыл реңденіп, қатаяды. Сондықтан аурудың бұл кезеңі өкпенің қызыл бауырлануы деп аталады. Өкпенің зақымдалған бөлігіндегі лимфаны әкететін түйіндерді де қан кернеп, олар да ұлғаяды.
Боз бауырлану кезеңі 4—6-шы тәулікті қамтиды. Альвеолаларға фибрин мен нейтрофилдер жиналады. Нейтрофилдер мен макрофагтар ыдыраған пневмококтарды сіңіреді. Кей жерлерден фибрин талшықтарының бір альвеоладан екіншісіне альвеолааралық шұрықтар арқылы өтетінін аңғаруға болады. Эритроцитердің гемолизі кеміп, толыққандылық бәсеңдейді. Электрондық микроскоппен фибринге жанасқан нейтрофилдердің лизосомалары жанданып, фибринді ерітетіні және лейкоциттердегі лизосомалардың азайғаны байқалады. Сөйтіп, бұл кезеңде нейтрофилдердің фибринді ерітетін әсері басталады да, кейін бұл үдеріс үдей түседі (183-сурет). Боз бауырлану кезеңінде өкпенің зақымдалған бөлігі ұлғайып, қатаяды, оның салмағы өсіп, сірі қабығында фибрин қабыршықтары пайда болады (плеврапневмония). Өкпенің боз түсті, ұсақ түйіршікті кесінідісінің бетінен лайсаңдау сұйықтық сорғалайды (183-сурет). Аралық тіндегі лимфалық тамырларға ыдыраған лейкоциттер жиналып, фибрин жіпшелері араласады. Өкпенің түбіріндегі
...