Жедел ми қан айналым бұзылысы
Автор: asemgul0202 • Март 17, 2022 • Реферат • 1,314 Слов (6 Страниц) • 865 Просмотры
Атырау жоғары медициналық колледжі
Реферат
Тақырыбы: «Жедел ми қан айналым бұзылысы»
Тобы: «Емдеу ісі» бөлімі 106-топ
Орындаған: Бахтибаев О.Д.
Тексерген: Кадырова А.К.
Атырау қаласы
2022 жыл
Жоспары:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Инсульт түрлері
2. Инсультқа ұшырау қауіп-қатер факторлары
3. Инсульт белгілері
4. Инсульт кезіндегі алғашқы көмек
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
I Кіріспе
Ми қан айналымының бұзылыстары формаларының жіктелуі:
А. Ми қан айналымынң жеткіліксіздігінің алғашқы көріністері.
Б. Ми қанайналымынң өткінші бұзылыстары
- Транзиторлы ишемиялық шабуыл
- Гипертониялық церебральды криз
- Жедел гипертониялық энцефалопатия
В. Инсульттер
- Геморрагиялық инсульт (миға қан құйылу) (20 -25%):
- а) субарахноидты қанқұйылу
- б) миішілік қанқұйылу
- в) вентрикулярлы қанқұйылу
- г) аралас қанқұйылу
- Ишемиялық инсульт (ми инфарктісі) (75 -80%):
- а) атеротромбоздық
- б) кардиоэмболиялық
- в) гемодинамиялық
- г) лакунарлы
- д)гемореологиялық микрооклюзия типі бойынша
- Кіші инсульт
- Бұрын өткен инсульт салдары (1 жылдан астам)
Г. Ми қан айналымының өрбуші бұзылыстары
1. Сүлелі субдуральды гематома
2. Дисциркуляторлы энцефалопатия
Транзиторлы ишемиялық шабуыл – тұрақсыз жалпы милық және ошақтық белгілермен көрінетін, 24 сағат ішінде өткінші болып өтетін ми қанайналым бұзылысы.
Ми қан айналымының жіті бұзылуы (МҚАЖБ) 24 және одан да көп уақыт сақталатын немесе ми-тамырлық патология салдарынан тым аз уақыт ішінде науқастың өліміне әкеп соғатын ошақтық не болмаса жалпы ми неврологиялық симптоматикасының кенеттен пайда болуымен сипатталады. Ми қан айналымының бұзылуы – бұл бас миының бөліктеріне қанның келуі азаятын жағдай. Осының салдарынан гипоксия, яғни оттегінің жетіпеушілігі туындап, бас миының бір бөлігі өліп қалады. Көп жағдайда бұл патологияны инсульт деп атайды. Ми қан айналымының бұзылуы жиі кездесетін аурулар тобына жатады. Ол өлімнің және ауыр мүгедектіктің себептері болып табылады.
- Жыл сайын ДДСҰ мәліметтері бойынша 15 млн фатальды және 15 млн фатальды емес инсульттар тіркеледі.
- Әлемде қазіргі таңда инсультты басынан өткерген 50 млн астам науқас тіркелген.
- Ми инсультына ұшыратын науқастардың жартысынан көбі – еңбекке жарамды жаста болып келеді. Аман қалған науқастардың 80%-ы мүгедек болып қалады.
- Инсультты басынан өткерген науқастардың 31%-ы үнемі күтімді қажет етеді, ал 20% өз бетімен сүре алмайды.
- Жыл бойындағы инсульттер жиілігі 1000 тұрғынға есептегенде 1,5-нан 7,4-ке дейін құрайды.
- Цереброваскулярлы аурулар Қазақстан мен Ресейде өлімділік себебіне байланысты жүректің ишемиялық ауруларынан кейінгі екінші орын алады.
- Науқастардың 1/3-і алғашқы 30 күнде, ал 1 жыл ішінде – жартысына дейін өмірден өтеді.
II Негізгі бөлім
1. Инсульт түрлері
Инсульт түрлері ишемиялық және геморрагиялық деп ажыратылады.
Ишемиялық – қан тамырының бітелуі. Көп жағдайда бұл жүректен шыққан тромб немесе атеросклеротикалық түйнек. Қан тамырындағы жарықшақ жабылып, қан түспеген соң, қорек жетпеген бас миының бөлігі өліп қалады. Инсульттің бұл түрі анағұрлым көп таралған болып есептеледі. Ол ұйыған қанмен немесе ұйысқан қанмен миды қандандыратын тамырлардың бітеліп қалуынан пайда болады. Нәтижесінде жүйке жасушалары оттек және нәрлі заттар алмай, ары қарай арнайы шара қолданылмаса, ақыры өледі. Көбінесе қарт кісілерге тән, ол көбінесе түнде немесе таңға қарай туындайды, бірнеше күн ағымында бірте-бірте дамуы мүмкін, ауыспалы сипатқа да ие бола алады.
...