Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Етеккір циклінің нейро-гуморалдық реттелуі

Автор:   •  Май 25, 2024  •  Реферат  •  1,768 Слов (8 Страниц)  •  84 Просмотры

Страница 1 из 8

    ШЖҚ"Талдықорған жоғары медициналық колледжі" МКК

     Реферат

Тақырыбы: Етеккір циклінің нейро-гуморалдық реттелуі

     

                                                                   Орындаған: Айтбай Айым

                                                           Топ: МІ-304

                                                                   Тексерген: Канагатова М.У

                                Талдықорған 2024

Жоспары:

1.Кіріспе.

2.Негізгі бөлім:

*Етеккір циклінің қалыптасуы.

*Етеккірдің мезгілді циклінің реттелуі.

*Етеккір циклінде аналық бездегі өзгерістер.

*Етеккір циклінде жатырдың шырышты қабатында болатын өзгерістер.

3.Қорытынды.

Кіріспе. Сәбилік кезеңде (1 жаска дейін) жыныс мүшелері біртіндеп өсіп жетіле бастайды, бұл кезеңде қыз баланың жалпы дене бітімі ұлдардың дене бітімінен өзгешеліктері жоқ. Қыз баланың балиғатқа толу кезеңі 10 жастан басталып, 15-16 жасқа дейін созылады. Жалпы дене бітімі, әсіресе жыныс мүшелері толық қалыптасып, бұл құбылыс 18 жас шамасында аяқталады. Оған жанұядағы тәрбиесі, өзі өскен ортасының психикалық жағдайы, дұрыс тамақтануы, т.6. факторлар әсерін тигізеді. Аналық бездегі фолликуларлық гормонның әсерінен еттеккір келгенге дейінгі сатыда (дайындык сатысы) қыздардын бойы тез өсіп, жатыр, жатыр түтікшелері ұлғайып, қынап ұзарып, емшектің, жыныс мүшелердің жедел өсуі байқалады, қолтық астында, қасағада (жүн пайда болады). Сыртқы жыныс ағзалары тез өсіп дамиды. Бұл кезең етеккірдің келумен аяқталады(менархе). 16-18 жас аралығы, бойжеткен кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде қыздардың денесі мен жыныс мүшелері толық

қалыптасып, мінез-құлықтарында өзгерістер пайда болады. Жыныстық шарықтау кезеңі 18-40 жас аралығында. Бұл уақыт аралығында аналық бездерінің қызметі артып, әйелдердің бала көтеруіне барлық жағдай туады.41-50 жас аралығында. Бұл кезде аналық бездерінің қызметі төмендеп, әйелдің етеккірі бұзылып, біртіндеп тоқтайды.

Етеккір циклінін қалыптасуы. Етеккір циклі - әйел организмінде, барлык жүйелері мен мүшелерінде, әсіресе жыныс мүшелерінде ай сайын қайталанып тұратын күрделі құбылыс. Етеккір - жыныс мүшелерінде - жатырда болатын физиологиялық құбылыс, қан кетумен аяқталады. Қальпты циклді есептегенде, қанның бірінші келген күні етеккір  циклінін бірінші күні болып есептеледі. Тұнғыш етеккір 11-14 жастан басталады, ол 48-50 жас аралығында тоқтайды. Көпшілік қыз-келіншектерде орта есеппен етеккір 3-4 күн болып, 28 күнде қайта айналып келеді. Жалпы етеккірдің ұзақтығы 2-3 күннен 5-7 күнге дейінгі аралықта созылуы мүмкін, келетін қаннын мөлшері 50-100 мл.

Етеккірдің мезгілді циклінін реттелуі. Бұл құбылыстын реттелу күрделі нейро-гуморалдық жолмен қамтамасыз етіледі. Әдетте етеккірдің мезгілді келуін реттеуге қатысатын орталықтар:

1. Ми қыртысы.

2. Гипоталамус - гипофиз жүйелері.

3. Аналық бездер.

4. Жатыр.

Жоғарыдағы аталған орталықтардың байланысы, ішкі эндокрин бездерінін қызметі етеккірдін мезгілді келуін қамтиды.Ми қыртысынын етеккір айналымының бұзылуына әсер ететіндігі көптеген эксперименттік жолдармен дәлелденген.

Мысалы, қатты қобалжығанда, қайғырғанда, қорыққанда, т.б. жағдайларда әйелдін етеккірі бұзылып, мүлдем келмей қалуы да мүмкін. Етеккір циклін реттеудің негізгі қызметін гипоталамус-гипофиз жүйелері атқарады.

Мидағы толқымалы өзгерістерге байланысты етеккірдің бірінші фазасында гипоталамустан релизинг-әсерлі заттар бөлінгенде, гипофизде ФСГ, ЛГ, ЛТГ гормондары шыгады.Ал гипофиздін артқы бөлігінен вазопрессин, окситоцин гормондары қалыптасады. Гипоталамуста релизинг - әсерлі заттардын болу етеккірдін ырғақты айналымын қамтиды.Бұл гормондар аналық безінен эстрогеннін бөлінуін қамтамасыз етеді. Аналық безіндегі пісіп-жетілген фолликуладан жұмыртка клеткасы бөлініп шығады. Ол бөлініп шыққаннан кейін, жарылған фолликула орнына сары дене пайда болады. Сары дененін өсуін, одан прогестерон гормонынын түзілуін ЛГ, ЛТГ гормондары қамтамасыз етеді.Бұл екі гормоннын гипофизден шыгуына гипоталамустагы лютеотропин-релизинг гормоны әсерін тигізеді. Релизинг гормонының шығуы етеккірдің бірінші сатысы кезінде мида болатын өзгерістерге байланысты.                                                     Негізінде бірінші (саты) кезінде эстрогендердін көбеюі жеткілікті мөлшерге жетуі ФСГ-нің, екінши саты кезінде прогестероннын көбейіп мөлшеріне жету лютеотропин-нің бөлінуін тежейді. Бұл құбылыс "қарсы жауап" деп аталады.

...

Скачать:   txt (17.6 Kb)   pdf (97.3 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club