Диуретикалық гормондардың реттелуі
Автор: Nurbabfbfsndh • Март 27, 2024 • Реферат • 434 Слов (2 Страниц) • 171 Просмотры
[pic 1]
Биология және биохимия кафедрасы
Тақырыбы: Диуретикалық гормондардың реттелуі
Орындаған: Қали Н.
Тобы: МҚБ-02-22
Қабылдаған: Жиенбаева А.А.
Шымкент-2023ж
Гормондық реттеу - қанға түскен гормондардың жануарлар мен адам ағзаларының тіршілігін, өмір сүру әрекетін реттеуге қатысуы: нерв және гуморольдік жүйелермен тығыз байланыста өзін-өзі басқару қызметін жүзеге асыратын реттеуші жүйе.
Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп шығып бүкіл ағзаға таралу арқылы ферментативтік процестерді тездету немесе баяулату арқылы физиологиялық және биохимиялық реакциялар түзілуін реттеп, дене мүшелерінің қызметіне ықпал етеді.
Бүйректің осмо реттеуші және волюм реттеуші қызметтері бүйрек үсті безінің
қыртысты затының гормондары - минералокортикоидтардың (альдостерон,
11-дезоксикортикостерон), антидиуретикалық гормонның және ренин-ангиотензин
жүйесінің бақылауында болады
Вазопрессин (гипофиздің артқы бөлігінің гормоны)
гипоталамустың
нейрондарында синтезделеді, аксондар арқылы гипофиздің артқы бөлігіне
тасымалданып, клетка сыртындағы сүйықтықтың осмостық қысымы артқан кезде көп мөлшерде қанға бөлінеді. Вазопрессин бастапқы зәрден судың
реабсорбциялану жылдамдығын арттырады, қанның осмостық қысымын төмен-
детіп, диурездің мөлшерін азайтады. Бүл жағдайда зәр өте концентрацияланған
болады. Осылайша вазопрессин (антидиуретикалық гормон) - ағзада судың
қажетті көлемін сақтап түрады да, зәрмен шығарылатын NaCl-дың мөлшеріне
әсер етпейді.
Ренин-ангиотензинді жүйенің қан кету кезінде, диарея кезінде, терлеу кезінде
төмендейтін қан көлемін қалпына келтіруде үлкен мәні бар. Қан көлемінің тө-
мендеуі бүйректе перфузиялық қысымның төмендеуін тудырады, ол өз кезегінде
бүйректің жедел түрде ренинді бөлуіне әкеледі, ренин өз кезегінде ангиотензин
I-ді белсендіріп, ангиотензин II түзіледі. Ангиотензин II әсерінен тамырлардың
тарылуы қан қысымының қалыпты деңгейін үстап түрудың жедел әдісі
болып табылады. Бұдан соң, альдостерон мен вазопрессиннің әсерінен судың
реабсорбциясы артып, шөл пайда болады.
Тағаммен және сүйықпен келетін су мен су қорынан бөлінетін судың есебінен
қан мен клетка сыртындағы сүйықтықтардың көлемі қалпына келеді. Бүйрек
түйіндерінде перфузиялық қысымның төмендеуі әр түрлі себептер тудыратын
...