Денсаулық және медицина
Автор: gnezdocarlosa • Декабрь 12, 2021 • Доклад • 270 Слов (2 Страниц) • 1,173 Просмотры
Денсаулық және медицина
Медицина социологиясының бірнеше бағыттарды қарастырады:
- Емдеу саласының социологиясы
- Ауру және науқастың әлеуметтік мінез-құлық социологиясы
- Медициналық институттар мен денсаулық сақтау ұйымдарының социологиясы
Медицина социологиясының тарихы. Ең алқашқы рет медицинаны социологиялық тұрғыдан зерттеу 18-ғасырдың соңында басталды. Бұл саланың алғашқы зерттеушілері англиялық, француздық және неміс ғалымдары болды. Дәл осы уақытта Ұлы Француз Революциясының арқасында қоғамдық денсаулық сақтау концепциясы пайда болды. Екі ғасырға жуық уақыт бойы медицина социологиясының мәселелері эпидемиология және социология саласында қарастырылды. Медициналық социология жеке дара ғылым ретінде ХХ-шы ғасырдың 50 жылдары АҚШ-да дүниеге келді. Ең алғаш бұл сала тек медициналық оқу орындарының студенттерінің арасында ғана таралды. Медициналық социологияның дамуына Роберт мертон, Говард Бекер , Глэйзер және Ансельм Стросс, Гофман, Шефф, Фрейдсон сияқты ғалымдар үлкен үлес қосыты.
Медицина социологиясы туралы жалпы түсінік. Медицинаны социологияда, социологиялық институт ретінде қарастырады. Социологиялық институт ретінде медицина өзіне тән құрылымдарға ие.
Негізгі мақсаты. Басқа да қоғамды зерттеуші ғылымдармен қатар медициналық социология да халық денсаулығын жақсарту, физикалық дамуын көтеру, еңбекке белсенділікті көтеру, жалпы халықтар арасында орташа өмір ұзақтығын ұзарту мақсатында соц-экономикалық шараларды ұйымдастыру. Сонымен қатар социологиялық медицина денсаулыққа әсер етуші факторларды соның ішінде тұрмыстық жағдай сапасы, түрлі індеттердің алдын-алу, сақтандыру, таралуын болдырмау және адамдар арасында салауатты өмір салтын сақтау насихаттау жүйесін де кеңінен талдауда. Медициналық социологияның қарқынды дамуына ғылыми-техникалық революция және сонымен байланысты өзгерістер өте қатты ықпал көрсетті. Ғылыми-техниклалық революцияның белсенді түрде қоғам өміріне енуі экологияға ғана емес адамдардың тұрмыс салтының, олардың мінез-құлқының жалпы психологиясының өзгеруін туындатты.
...