Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы. Гистологияның ҚР дамуы

Автор:   •  Март 17, 2018  •  Реферат  •  2,208 Слов (9 Страниц)  •  4,244 Просмотры

Страница 1 из 9

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік

Медицина Университеті

[pic 1]

Студенттің өзіндік

жұмысы

Мамандығы:Жалпы медицина

Дисциплина: Гистология негіздері

Кафедра: Жаратылыстану ғылыми пәндер

Курс:1

Тақырыбы: Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы. Гистологияның ҚР дамуы.

Орындау түрі: Реферат                                                          

                                                              Орындаған: Ракишева А.С

                                                              Группа:111«А»

                                                              Тексерген: Егембердиева Р.Е

                                                              Бағасы:

                                                              Қолы:

                                                              Күні:

                                                             

Ақтөбе 2018 ж.

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1.Гистологияның зерттеу пәні және бөлімдері 
2. Цитология – жасушалар туралы ілім 
3. Эмбриология – ұрықтың тіндері мен мүшелерінің даму көзі 

4. ҚР ғалымдарының еңбектері

 ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Адам организмі тірі материяны қалыптастыратын иерархиялық (бір-біріне бағынышты) структура-функциялық (құрылым-қызметтік) деңгейлердің жүйесі болып табылады: жасушалар-тіндер-органдардың морфофункциялық бірліктері-органдар (мүшелер)-органдар жүйесі –организм. Олардың әрбірі өзіне тән, басқа деңгейлердің айырып тұратын, морфофункциялық ерекшеліктер мен заңдылыұтарға ие. Сондықтан, бұл деңгейлердің әрқайсысы нақтылы медицина биологиялық ғылымдардың зерттеу нысаны (объектісі) болып табылады; мысалы, организм, органдар жүйесі және органдарды (мүшелерді) қалыпты анатомия мен физиология ал, жасушаларды-цитология зерттейді.

[pic 2]

Адам гистологиясы (грекше histos-тін, logos-ғылым)- адам ағзасын қалыптастыратын тіндердің микроскопиялық құрылысы мен тіршілік әрекеттерін, яғни тіршілік қалыыптасуының тіндік деңгейін зерттейтін фундаментальды медицина-биологиялық ғылым. Ол,ғылыми және оқу пәні ретінде, екі бөлімдерден тұрады: жалпы гистология және жеке гистология.

Жалпы гистология-негізгі тіндер топтарының (нерв, бұлшықет, эпителий, дәнекер тіндердің) фундаментальді қасиеттерін зерттейтін ғылым;яғни бүл-өзіндік тіндер туралы ілім. Аталған тіндердің қайсыбірі болса да эмбриондық (туылғанға дейін) даму кезінде қалыптастыратын жасушалар мен олардың туындыларының күрделі жүйесі болып  табылады. Сондықтан, жалпы гистология курсының құрамына эмбриология мен цитология да жатады. Эмбриология- ұрықтың тіндері мен мүшелерінің даму көздері, механизмдері (гистогенез және органогенез) туралы ілім. Цитология- жасушалар құрылысы мен қызметінің жалпы принциптері туралы ілім. Сонымен, цитология, эмбриология және жалпы гистологияны біріккен пән ретінде оқу,олардың сыртқы сипаттамаларына емес,ал, бұл ілімдердің арасындағы ішкі жаратылыс байланыстарына негізделген.  

Гистологияның зерттеу пәні және бөлімдері

Гистология (грекше histos — ұлпа, logos — ілім, ғылым) органдардың, ұлпалардың, клеткалардың дамуын, микроскопиялық және ультрамикроскопиялық кұрылысын, тіршілік әрекетін зерттейтін ғылым. Гистология үлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты ойлап тапқанға дейін пайда болған. Организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдамалар Аристотельдің, Галенның, Авиценаның, (Абу Али-ль-Хасан ибн Абдаллах ибн Синаның), Везалийдің, Фалопийдың тағы басқалардың еңбектерінде кездеседі. Аристотель өзінің «Жануарлар бөліктері туралы» деген трактатында организмде, кейін ұлпа деп аталған, біртекті бөліктер мен біртекті емес бөліктерді немесе органдарды ажыратқан. Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптың шығуына байланысты. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар. Бірақ микроскопты жасап шығаруда көзілдірік өндірісінің әсері болғаны күмәнсіз. Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған делінеді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскопты құрастырған екен деген мәлімет те бар. Ағылшын математигі, физигі және механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі кұрастырған микроскоппен тоз ағашының және басқа да көптеген өсімдіктердің құрылысын зерттеп «ұяшықтардан» тұратынын байкаған. Осы «ұяшықтарды» Р. Гук араның балауыздан түзілетін ұяшықтарына ұқсатып «ұяшық» немесе «клетка» деп атаған (гректің «китос» — қуыс деген сөзі). Қазіргі кезде клетканы иненің жасуына теңеп «жасуша» деп атау ешбір сын көтермейді. Массасы 2000 г. түйеқұстың (страустың) жұмыртқасы да — клетка. Кейінірек Грю мен Мальпиги микроскоппен өсімдіктердің құрылысын зерттеп, өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінің құрамыңда «көпіршіктердің» болатынын анықтаған. Сонымен Гуктың, Мальпигидің, Грюдің зерттеулерінен кейін өсімдіктер ұлпалары клеткадан тұратыны анықталған. Екі жүзден астам микроскоптың түрлерін жасап шығарған Гуктың дарынды замандасы Антони ван Левенгук жануарлар клеткаларында — бірклеткалы жәндіктерді, эритроциттерді, сперматозоидтарды бірінші болып көрген. Бактерияларды да көріп суретін салған. Микроскоп құрылысының жабайы болуына байланысты XVІІІ ғасырдың ғалымдары микроскопқа көп көңіл бөлмеген. Осыған байланысты өткен Ғасырдағы мәліметтерге елеулі жаңалықтар қосьілмаған. Зерттеушілер клетканы байқау әдісімен зерттеп көрген фактілерін жинап түсініктеме берумен шектелген. ХVІІ және ХVIII ғасырларда өсімдік клеткасының қабықшасы ғана белгілі болған.

...

Скачать:   txt (27.4 Kb)   pdf (438.8 Kb)   docx (262 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club