Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гипохромды ауыр ауырлық дәрежелі анемия,генезі анық емес

Автор:   •  Ноябрь 11, 2018  •  История болезни  •  2,292 Слов (10 Страниц)  •  977 Просмотры

Страница 1 из 10

«Астана Медицина Университеті» АҚ

Интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасы

       

                                                         Ауру тарихы

Негізгі ауру: Гипохромды ауыр ауырлық дәрежелі  анемия,генезі анық емес.

                                       Куратор – интерн: Әбдісадықова Т.Б 722-ІА

           Тексерген:Рахимбекова  Г.А

                                                             

                                                   

                                                    Астана  2018

І.  Құжаттық бөлім бөлім

  1. Аты-жөні: Фоминых Любовь Сергеевна
  2. Жасы: 68 жаста (02.08.1950)
  3. Жынысы: әйел
  4. Ұлты: орыс
  5. Білімі: жоғарғы
  6. Мамандығы: зейнеткер
  7. Мекен-жайы: Астана қаласы, С.Сейфуллина көшесі, 69/1 үй
  8. Түскен күні: 31.10.2018ж

ІІ. Шағымдары:

Науқас бас айналуына,бас ауруына,шаршағыштыққа,әлсіздікке шағымданады.

ІІІ. Anamnesis morbi (aуру тарихы)

Науқасты бір апта бойы басының айналуы,бас ауруы,әлсіздік,шаршағыштық мазалаған.Осыған байланысты 30.10.2018 жылы жергілікті мекен –жайы бойынша №1-қалалық емханада терапевт қарауында болып,зертханалық көрсеткіштеріне байланысты:Hb-64г/л,эритроцит 4,1*1012/л,СОЭ 6мм/с: “ Гипохромды ауыр ауырлық дәрежелі  анемия”диагнозымен 2018 жылдың 31-ші қазан айында Астана қаласындағы №1-қалалық ауруханаға гематология бөлімшесіне жатқызылды.

ІV. Anamnesis vitae (өмір тарихы)

      Фоминых Любовь Сергеевна  02.08.1950 жылы дүниеге келген. Жасына және жынысына сай дамыған.

Әлеуметтік – тұрмыс жағдайы: қанағаттанарлық.

Отбасылық жағдайы: тұрмыста.

Бұрын ауырған аурулары:

  1. Көп жылдар бұрын аппендицит,циститпен ауырған.
  2. 22.10.2018-Созылмалы пиелонефритпен ауырып,ем қабылдап шыққан.

Тұқымқуалаушылық аурулары: жоқ.

Спецификалық және жұқпалы аурулармен ауырмаған.(туберкулез, вирусты гепатит, венерологиялық аурулар)

Зиянды әдеттері: жоқ.

Гемотрансфузиялық қан құюлар болмаған.

V. Status praesens:

 Науқастың жалпы жағдайы:

- Сана-сезімі - анық

- Төсектегі қалпы – орташа

- Жалпы жағдайы – орташа дәрежелі

- Дене бітімі - астеник.

Бойы 1,69 м, салмағы – 98 кг.

- Тері жамылғысы:бозғылт түсті, ылғалды, терінің эластикалық қасиеті сақталған, тері май қабаты қалыпты.

- Бұлшықет жүйесі: біркелкі дамыған, пальпацияда ауырсынулар жоқ, тон1усы сақталған, күші жасына сәйкес.

- Сүйек – буын жүйесі: деформациялар мен дефигурациялар жоқ, ауырсыну жоқ. Буындардың активті және пассивті қимылы сақталған, пальпацияда ауырсынбайды. Буын үстіндегі температура жалпы дене температурасымен бірдей. Терісі өзгермеген.

- Лимфа түйіндері пальпацияланбайды, ауырсынусыз.

- Дененің жеке бөлімдерін қарау: Бас - мезоцефаликалық формада, бет – қалыпты, қабақтары- түсіңкі, көзі-қалыпты, мұрын- қалыпты, еріндері- қалыпты. Ауыз қуысы- қылғылт түсті, шырышты, иісі жоқ, таңдайы бозғылт, мойыны- қалыпты формада.

  Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу мұрын арқылы,қиындықсыз, дауысы қалыпты. Тыныс алу ритмді, ТАЖ – минутына 18 рет. Кеуде клеткасының формасы қалыпты,астеник, симметриялы, екі жағы да тыныс алуға бірдей қатысады. Қабырғааралықтары қалыпты  - 1см. Жауырынның, бұғананың орналасуы – дұрыс, симметриялы. Кеуде клеткасын пальпациялау кезінде ауырсынулар жоқ. Дауыс дірілі екі жақты симметриялы аймақтарда бірдей, өзгермеген. Кеуде клеткасын басу кезінде кеуде клеткасы серпімділігі қалыпты.

...

Скачать:   txt (31.2 Kb)   pdf (323.9 Kb)   docx (32.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club