Гипотиреоз, субклиникалық форма, орташа ауырлық дәрежелі
Автор: abylaikhan011 • Апрель 16, 2019 • История болезни • 2,406 Слов (10 Страниц) • 1,799 Просмотры
«Астана медицина университеті» АҚ
Интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасы
Интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі
м.ғ.д. профессор Айнабекова Б. А.
Ауру тарихы
Пациенттің аты – жөні:Алибай Амангуль
Клиникалық диагноз: Екіншілікті түйінді эритема, жіті ағымды, шешілу стадиясы(ІІІ дәрежесі)
Қосымша диагноз: Гипотиреоз, субклиникалық форма, орташа ауырлық дәрежелі. Созылмалы холецистит. Анемия, жеңіл дәрежелі
Дайындаған: Әбдіхалық Ә.Қ
618 ІА
Тексерген: Омарова Л.А
Нұр-Сұлтан 2019 ж
- Паспорттықбөлім:
Т. А. Ә.: Алибай Амангуль
Туған күні, айы, жылы: 27.02.1989 (30жаста)
Жынысы:Әйел
Білімі:жоғары
Ұлты:қазақ
Жұмыс орны:жұмыссыз
Мекен-жайы:Нұр-Сұлтан қаласы,К.Азербаев көшесі 8, пәтер 85
Түскен уақыты:01.04.19 15:35
- Түскен кездегі шағымдары:
жалпы әлсіздік, дене температурасының 38,5С жоғарлауы, бас ауруы, тамағының ауырсынуы, аяқтағы ірі буындарының ауырсынуы, буындардағы ісінуге шағымданады. Аяғындағы дақтардың пайда болуына, ауырсынуына және қатты ісінуіне байланысты қимылы шектелген.
- Ауру анамнезі: Науқас 19.03 бастап, өзін ауру санайды. Аурудың алғашқы белгілері біртіндеп, дене температурасының 38,5С жоғарлауымен, буындарының ауруымен, аяқтарында дақтардың пайда болуымен басталған. Өздігінен парацетамол қабылдаған, бірақ нәтижесіз болған. Науқас сырқатын отбасындағы стресстік жағдаймен және 2002 жылы жасалған тонзилэктомиямен байланыстырады. Науқас жағдайы ауырлағанша ешқайда қаралмай, сырқатына мән бермеген. 01.04.2019 жылы сырқатының кенет ауырлауына (қатты ауырсынумен жүретін аяқтағы бөртпелерге байланысты науқастың қозғалысы шектелген) байланысты өздігінен жедел жәрдем шақырып, «АҚЖАА»-на мынадай диагнозбен жеткізілді: Екі аяқтың тілмесі. «АҚЖАА»-да аяқ тілмесі диагнозы жоққа шығарылып, Орталық темір жол ауруханасына жеткізілді.
- Өмір анамнезі:
науқас 1989 жылы, Ақмола облысында, Нұр-Сұлтан қаласында толық отбасында 1-ші бала болып дүниеге келген. Науқастың өсіп-жетілуі жасына және жынысына сай.Білімі: Қаз АТУ-ды бітірген, мамандығы бойынша филолог.
Басынан өткен аурулары: «Д» есепте эндокринологта мынадай диагнозбен тұрады: Гипотиреоз,субклиникалық форма. Және соңғы уақытта L-тироксин 50мг үнемі қабылдайды. Науқастың сөзіне қарай 2000 жылдан бері созылмалы пиелонефритпен ауырады.
Операция:2002 жылы екі жақты тонзиллэтомия отасы жасалған. Гемотрансфузия жасалмаған. Туберкулез, вирусты гепатит және венерологиялық аурулармен ауырмаған. Зиянды әдеттері жоқ.
Отбасылық анамнез: тұрмыста, 4 баласы бар.
Акушерлік анамнез: Алғашқы етеккір 12 жасында келген. Етеккір циклі тұрақты, 28 күн, етеккір 4-5 күнге созылады, ауырсынусыз. 17 жасында тұрмысқа шыққан. 4 жүктілік,4 босану. Балалары мерзіміне
Тұқымқуалаушылық: Әжесі мен анасында буындары ауырған, бірақ екеуінде де ревматоидты артрит диагностикаланбаған.
Аллергиялық ауруларды, екпе, дәрілік заттарға, тағамдық заттарға аллергиялық реакция болмаған.
Тұрмыс жағдайы: қанағаттандырарлық. Ата-анасымен 3 бөлмелі пәтерде тұрады. Тамақтануы уақтылы.
- Объективтіқарау:
Есі анық, жалпы жағдайы ауырсыну синдромының анық көріністеріне байланысты, орташа ауырлық дәрежеде. Төсектегі жағдайы активті. Дене температурасы 36,7С. Тері физиологиялық түсте, таза, тегіс, ылғалдылығы қалыпты, тургоры сақталған. Тері асты шел май қабаты біркелкі таралған, ісіктер жоқ. Түктену жасына және жынысына сай. Бастың шашты бөлігі таза шаштары және тырнақтары өзгермеген. Дене бітімі нормостеникалық.
...