Артериялық гипертензия, I дәреже; орташа дәрежелі қауіп; риск 2
Автор: Maral Rakhmyethan • Май 6, 2024 • История болезни • 2,715 Слов (11 Страниц) • 76 Просмотры
«Астана Медицина Университеті» КеАҚ
Эндокринология, гастроэнтерология және пульмонология курсымен ішкі аурулар кафедрасы
АУРУ ТАРИХЫ
Науқастың Т.А.Ә.: Қабдолла-Тегі Айдос Маратұлы
Клиникалық диагнозы:
А. Негізгі ауруы: Артериялық гипертензия, I дәреже; орташа дәрежелі қауіп; риск 2 (АД 140/90)
Б. Негізгі аурудың асқынуы: СН I ФК
В. Қосымша ауруы: Ұйқы безінің сыртқы секреторлы қызметінің жеткіліксіздігінен дамыған созылмалы панкреатит; Холелитиаз.
Студент: 409-топ студенті Амангелді Аружан Мақсатқызы
Курация мерзімі: 02-10.11.2023 ж.
Оқытушы: Ешимханова Р.М.
Астана, 2023 ж.
Паспорттық бөлім
1. Т.А.Ә.: Қабдолла-Тегі Айдос Маратұлы
2. Жынысы: ер
3. Жасы: 15.06.1986 ж. (37-де)
4. Тұрақты тұрлықты жері: Астана қаласы
5. Кәсібі: Өрт сөндіру бөлімшесі 5 ГУ “СПиАСР ДЧС Астана” командир
6. Келіп түскен күні: 30.10.2023 ж. 11:18
7. Курация күні: 02-10.11.2023 ж.
ШАҒЫМДАРЫ: Науқас бірден пайда болған 30.11.2023 жылы дем жетпеуге және кеуде тұсындағы қысылу сезімі болып салқын тердің шығуына шағымданған; беті қызарып кеткенін байқаған.
НАҚТЫ АУРУДЫҢ ТАРИХЫ (anamnesis. morbi):
Науқасты бұрын соңды осындай сипаттағы ауру белгілері мазаламаған, айтуынша алғаш рет бірден болған дем жетпей кеуде тұсының қысылуына байланысты мазасызданған, ауруханаға келгенге дейін қан қысымын өлшегенде АД – 140/90 болған сол себепті тіл астына бір таблетка валидол салғанда бірден ауруханаға келген. Валидолдан кейін жағдайы жақсарған. Науқас 2 жыл бұрын созылмалы гастродуоденитпен ауырғанын айтады және сол мерзімде қыжыл, терідегі бөрітпелер мен лоқсуға шағымы болған. Қабылдаған дәрілері есінде жоқ, диета сақтамаған. Осыдан 3 ай бұрын оң жақ қабырға асты ауырған. Сол уақытта дәрігерге жүгінбеген және өзі өтіп кетеді деп ойлаған.
ӨМІР ТАРИХЫ (Anamnesis vitae):
Қысқаша биографиялық деректер: 15.06.1986 ж. Ақмола облысы Астана қаласында дүниеге келген.
Білімі: Арнайы орта.
Отбасылық-жыныстық анамнез: Үйленген. 2 баласы бар.
Еңбек тарихы: Өрт сөндіру бөлімшесінде 5 ГУ “СПиАСР ДЧС Астана” командир болып жұмыс атқарады.
Тұрмыстық анамнез: қанағаттандырарлық, Қабанбай батыр 11/1 мекенжайында тұрады.
Климаттық жағдай: Экологиялық апатты аймақтарда тұрмаған және болмаған.
Тамақтану: дұрыс және уақытылы тамақтанады.
Зиянды әдеттер: Насвай атады. Соңғы 1 жылда мүлде алкоголь тұтынбаған; темекі тартпайды.
Басынан кешкен аурулар: Науқас 2 жыл бұрын гастродуоденитпен ауырған айтады және сол мерзімде қыжыл, терідегі бөрітпелер мен лоқсуға шағымы болған. Қабылдаған дәрілері есінде жоқ, диета сақтамаған. Келесі ауруы осыдан 3 ай бұрын оң жақ қабырға асты ауырған. Ол кезде дәрігерге жүгінбеген өзі өтіп кетеді деп ойлаған. Сол себепті нақты зеріттеулер өтпеген.
Эпидемиологиялық анамнез: жұқпалы және қызба науқастармен және жануарлармен байланысы болмаған. Эндемиялық және эпизоотиялық ошақта болмаған, жәндіктер шақпаған, жануарлар тістемеген, қан мен оның компоненттерін құю, жарақаттар, тері бүтіндігінің бұзылуымен бірге жүретін жарақаттар болмаған. Гепатит, венерологиялық аурулар, АИТВ ауырмаған.
Аллергологиялық анамнез: дәрі-дәрмектерге аллергиясы жоқ.
Диспансерлік бақылау: ешқандай диспансерлік есепте тұрмайды.
Медициналық сақтандыру анамнезі: сақтандырылған.
Мүгедектік: жоқ.
Сақтандыру полисі: жоқ.
Тұқымқуалаушылық анамнез: туыстарында тұқымқуалайтын ауруларды жоққа шығарады.
Status praesens (Қазіргі жағдай)
Жалпы қарау
Науқастың жалпы жағдайы: орташа. Санасы: айқын. Науқастың жағдайы: белсенді. Дене бітімі: нормостенник, бойы: 175 см, салмағы 87 кг, ДСИ: 28.41 кг/кв.м (артық дене салмағы бар). Дене бітімі: қалыпты. Дене температурасы: 36,7°С (қалыпты). SpO2: 98%. Бет әлпеті: тыныш. Тері түсі қалыпты. Тырнақтар және көрінетін шырышты қабаттар қалыпты. Тамырлы өзгерістер, қан кетулер өзгерістері жоқ. Тері ылғалды, терінің тургоры қалыпты. Аяқ-қолының тырнақтарында өзгеріс жоқ. Көрінетін шырышты қабаттардың түсі қалыпты, ылғалды, бөртпелер жоқ. Тері асты майы шамадан тыс дамыған, іш және арқасында көп жиналған. Ісіну жоқ. Лимфа түйіндері көрінбейді, пальпация кезінде жақасты лимфа түйіндерінің ұлғайғандығы байқалмайды.
...