Ас қорыту ауруларына арналған емдік дене шынықтыру
Автор: Маша Гулайым • Март 21, 2022 • Реферат • 1,128 Слов (5 Страниц) • 533 Просмотры
«Мед-Профи» колледж
Емдік дене шынықтыру
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ас қорыту ауруларына арналған емдік дене шынықтыру
Орындаған: ЕФ-18-9қ4-1 студенті
Сарығулова Жайнагүл Көшербайқызы
Тексерген: Кожагулова Гулхан Мардашовна
2020-2021
Ас қорытатын мүшелердің ауруына асқазан, 12 тұтам ішек, ащы-тоқ ішектердің қабынуы ,ойық жара, рак, асқазанның төмен түсуі жатады.Аталған мүшелердің ауруы көбнесе созылмалы болып келеді. Негізгі себеп уақтылы дұрыс тамақтанбау, улану т. б.
Жалпы белгілері: асқазан,ішек,өт, бауыр тұстарының ауруы, асқа тәбеті шаппай, кекіріп, айнып, лоқсып құсу, іш өту, іш қату. Ас қорыту ағзалары жоғарғы нерв жүйесімен, көретін, еститін, сезетін түйсікті мүшелердің түпнұсқасымен тығыз байланыста. Сондықтан ми қабында, ми қыртысы астында болған өзгерістер ас қорыту мүшелерінің сөл бөліну, қозғалтушы, сіңіру сияқты қасиеттеріне көп ықпал жасайды. Сондықтан емдік гимнастика осы жағдайды теңестіру үшін, қалпына келтіру үшін кеңінен қолданылады. Мөлшермен берілген жаттығулар ішек-қарын қозғалу, қорыту, сіңіру қасиеттерін арттырады. Аз мөлшерде, орташа жылдамдықпен жасаған жаттығулар асқазан сөлін көбейтіп, өттің шығуына, астың қорытылуына, ішек- бұлшық еттерінің жиырылуына ықпал жасайды. Қарқынды, күшейте үдемелі жасаған жаттығулар ішек-қарын жұмысын кемітеді, сөлдің шығуын азайтып, ішектің жиырылуын жайландырады.Емдік гимнастика қарын ішіндегі қан- лимфа айналымын күшейтіп, ақау түскен жерлердің жазылуына септігін тигізеді. Емдік гимнастика ертеңгі гигиеналық дене тәрбиесінен бастап, өз бетінше жүру, ескек есу, шаңғы тебу т. б. толықтырылады. Жаттығулар басында баяу, ақырын жасалып,біртіндеп күрденелінеді.
Асқазан қабынуы гастрит деп аталады. Асқазан сөлі мен тұзды қышқылдың құрамына байланысты гастрит аз сөлі, сөлі көп және мүлде жоқ болып үш түрге бөлінеді. Асқазан сөлі аз және мүлде жоқ кезде, бойдағы бұлшық еттің барлығына бірдей жаттығулар беріледі. Тек орта жылдамдықпен, асықпай жасалады. Жаяу жүру, жәй жүру, жәй жүгіру, кейбір спорт ойындарының түрі, тыныс алу жаттығулары қолданылады.
Ал сөлі көп адамдарға үлкен сақтықпен, әсіресе, іштің бұлшық етіне күш түсірмей, көпшілікке танымал жаттығулар беріледі. Асқазан, ішек-қарынға жара шыққанда адамның дегбірін кетіріп, жанға батып ауырады. Ол көбнесе ашқарынға байқалады. Адамға әлсіздік, тынышсыздық, берекесіздік пайда болып, жұмысқа қабілеті төмендейді.
Асқазан қыжылдап, айнып, құсуға дейін барады. Өзіне берілген арнайы емдердің ішінде адамдардың өзінен талап етілетіні: уақытында дұрыс тамақтану, тынығып ұйықтау және емдік дене шынықтыруды қолдану.
Емдік дене шынықтыру ауру асқынбаған кезде жасалады. Оның мақсаты: кең құрсақтың ішінде қан-лимфа айналымын, зат алмасуын жақсарту, жараның аузын бітеу, жараны тыртық қалдырмай тезірек жазуға, науқастың көңілін көтеруге негізделген. Алғашқы кезде жаттығулар қол-аяқ қимылдарымен шектеледі. Құрсақ еттеріне күш түсірмейді
Асқазан, ішек тағы басқа ағзалардың төмен түсіп кетуіне құрсақ бұлшыық еттерінің босап, созылуы себеп болады.Ол кенет азып, арықтап кетокен адамдарда, көп бала көтерген аналарда, ауыр жұмыстан қажыған,әлсіреген адамдарда кездеседі.Мұндай жағдайда асқазан,ішек-қарын,бәрі төмен сырғып кетеді.Осының әсерінен болымсыз тамақ ішсе де асқазан керіп,толып тұрғандай болып тұрғандай ауырады, ас қортуы нашарллайды.
Іш құрлысы төмен түсіп кеткенде ең тиімді құрал-гимнастика. Оны пайдаланбай-ақішті тартып тұратын бандаж кюге болады. Емдік гимнастика методикасының өз ерекшелігі бар. Олар: жаттығулар жасау үшін төсектің аяқ жағы көтеріңкі болу керек. Адам тек екі қырынан жатып, еңбектеп тұрып қана жаттығулар жасайды.
...