Антибиотиктер, антибиотиктердің классификациясы. Антибиотиктерді тағамдық өнімдерден анықтау
Автор: Айгүл Ауған • Сентябрь 23, 2022 • Реферат • 523 Слов (3 Страниц) • 345 Просмотры
Дәріс 13
Антибиотиктер, антибиотиктердің классификациясы. Антибиотиктерді тағамдық өнімдерден анықтау
Алғашқы антибиотик пенициллиннің өндірушісі микроскопиялық санырауқұлақ Penicillum notatum штамы болатын, оны А.Флеминг 1928 жылы бөліп алған еді. Кеңес Одағында Ұлы Отан соғысы жылдарында 3.В.Ермольева P.crustosum штамын бөліп алды, ол алғашқы отандық өндіруші пенициллин - крустозин болды. Антибиотик Ұлы Отан соғысы жылдарының өзінде-ақ, майдан госпиталдарындағы ірің-ісік процестерді емдеудегі жабдық ретінде жоғары бағаға ие болды.
«Антибиотик» (гр. anti - қарсы, bios - тіршілік) термині алғашқыда басқа микробтардың өсуіне кедергі келтіруге қабілетті микроорганизмдердің өндіретін химиялық заттарын білдіретін түсінік болды.
Екінші реттік метаболиттер немесе идиолиттер- микроорганизмдердің дамуына , өсуіне қажетсіз төменгі молекулалы қосылыстар. Сонымен катар, идиолиттер - негізгі алмасудың метаболиттеріне жатпайды және клеткалар олардың қатысуынсыз тіршілігін сақтай алады.
Олар аз мөлшерде синтезделетін токсономиялық топтар және бір химиялық топқа жататын, жақын туысты қосылыстар қоспасы болып келеді.
Екіншілік метаболиттерді синтездейтін микроорганизмдер бірінші тез өсу сатысынан (тропофаза) өтіп, кейін өсудің бәсеңдеуіне байланысты идиофазаға ауысады. Осы идиофаза сатысында идиолиттер түзіледі.
Олардың биологиялық міндеті қоректік ортадагы микроорганизмдердің басқа бөтен топтарының тіршілігін басып жою. Антибиотиктерді синтездеу микроорганизмдердің зат алмасуының тұқым - қуалаушылық ерекшелігі. Микроорганизмдерде антибиотиктер түзілетін процесс антибиоз деп аталады. Антибиоз процесін қолданбалы пайдалану мүмкіндігі туралы идеяны Л.Пастер мен Мечников, антибиотик атауын 3.Ваксман 1942 жылы ұсынған.
Антибиотиктер (грек. anti - қарсы және bios- тіршілік) микроорганизмдердің өсуін, дамуын тежейтін немесе тоқтататын микробтар, жануарлар клеткасынан алынатын биологиялық белсенді заттар.
Бактерия клеткасының әсеріне қарай 3 топқа бөлуге болады:
- бактериостатикалық,
- бактериоцидті,
- бактериолитикалық
Антибиотиктердің классификациясы :
- Биологиялық шығу тегіне қарай
- Әсер ету механизміне қарай
- Биологиялық әсер ету спектріне қарай
- Химиялық құрылымына қарай
Әсер ету механизміне қарай антибиотиктердің классификациясы
1)Клетка қабырғасының синтезінің ингибирлейтін антибиотиктер:пеницилиндер,цефалоспориндер,бацитрацин,винкомацин.
2)Мембрана функциясын бұзатын антибиотиктер: альбомицин,аскозин,грамницилдин,кандицианид,инстатин.
3)Нуклеин қышқылына әсер ететін антибиотиктер:
а)РНҚ (актиномицин,грнеофульвин,канамицин,мемицим,мовобиоцмм)
б)ДНҚ (актиоднон,брунеомицин,митомицин)
4)Пурин және пиримидин синтезінің ингибиторлары (азосерин,декоинин,саркомицин және т.б)
5)Белок синтезіне әсер ететін антибиотиктер (бацитрицин, виомицин, аминогликолизидтер, метимицин, эритромицин, тетрациклиндер)
6) Тыныс алу ингибиторлары (антимициндер, олигомитциндер, патулин, пиоцианин, уснин қышқылы)
7) Оттекті фосфорлану ингибиторлары ( валиномицин, грамицидин, колициндер, олигомицин, тироцидин)
...