Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кейстермен жұмыс жасау технологиясы арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту жолдары

Автор:   •  Февраль 26, 2019  •  Доклад  •  3,473 Слов (14 Страниц)  •  952 Просмотры

Страница 1 из 14

«Туған жер. Туған ел. Туған глобал:ұлттық білім беру жүйесінің бағдарлары» тақырыбындағы білім  беру қызметкерлерінің аудандық педагогикалық

оқуларына қатысуға сұраныс.

Автордың толық аты-жөні:

Абилова Жанна Тулеуовна

Жұмыс орны:

«Көктем»қазақ орта мектебі

Қызметі:

Бастауыш сынып мұғалімі

Лауазымы:

Мұғалім

Мекен жайы:

Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенті

Секциялық жұмыс бағыты:

Бастауыш сынып

Баяндама тақырыбы:

Кейстермен жұмыс жасау технологиясы арқылы оқушы құзыреттілігін дамыту.

Байланыс телефоны:

87781376045   8712342004

Электрондық почта e-mail:

Janna-818@mail.ru

[pic 1][pic 2]

                                           

                                                       Пікір

     Жанна Төлеуқызының «Кейстермен жұмыс жасау технологиясы арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту жолдары.»тақырыбындағы шығармашылық жұмысы нақты,түсінікті,жүйелі жазылған. Жаңашыл идеялар туралы баяндалып,оның тәжірибеге енгізілуі анық көрсетілген. Мұғалім Case - study  әдісі - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын  ерекше құруға, шығармашылық  мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.Оны меңгерту жолдарына тоқталып,сол әдіс-тәсілдердің сабақта қолданылуын тізбектелген сабақ және қысқа мерзімді жоспар арқылы көрсеткен.

Тақырып толық және бейнелі ашылған.

              Бірлестік жетекшісі:                       Н Таженова

Кейстермен жұмыс жасау технологиясы арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту жолдары.»

Атырау облысы.Индер ауданы. Индербор кенті.

«Көктем»қазақ орта мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Абилова Жанна Тулеуовна

        Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз», деп атап көрсеткені баршаға мәлім. «Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бағдарламаның мәні деп үш ерекшелікті атап көрсетеді. «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады».  Батырлар мен ақындар бірі найзамен, бірі жырмен қорғап қалған ұлан байтақ даланың қазіргі иесі ретінде, әрбір Қазақстан азаматы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқару керек. «Туған жер» бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен күшке ие болуы, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үлкен міндет.

       Қазіргі кезде білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар білім алушыларға сапалы білім беру мақсатында түрлі белсенді әдістерді қолдануда.  Өйткені  ұстаздың мақсаты ‒ әрбір болашақ маман иесіне сапалы білім беру, оның әр жақты дамуына мүмкіншілік жасау, білім алуға деген  қызығушылығын арттыру.Кейс әдісін қолданудағы оқытудың табысты болуы модератор жұмысына байланысты.Ұрпақ тәрбиесі – ұлы іс. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұраттың ең бастысы – өзінің ісін өмірін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол болашақтың иелерін жан- жақты жетілген , ақыл-парасаты мол, ғылыми- мәдени өрісі озық етіп тәрбиелеу -ата-ана мен ұстаздардың қоғам алдындағы борышы.  Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деп Әл – Фараби бабамыз айтқандай балаға тәрбие беруіміз керек Қазіргі оқушы жан-жақты, рухани бай тәрбиелі болуы тиіс.Баланың тәрбиесі,адамгершілік қасиеті болмаса құрғақ біліммен одан жеке тұлға қалыптаспайды. 

...

Скачать:   txt (49.8 Kb)   pdf (382.3 Kb)   docx (102.1 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club