Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы

Автор:   •  Февраль 16, 2018  •  Реферат  •  1,599 Слов (7 Страниц)  •  3,263 Просмотры

Страница 1 из 7

Кіріспе:

Негізгі бөлім:

1. Гистология, цитология  және эмбриологияның даму  тарихы.

2. Гистологиялық зерттеу әдістері.

3. Гистологияның Қазақстанда дамуы.

Қорытынды:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

Гистология (грек тілінен histos-тін, logos-ілім, ғылым) – жануарлар организмінің жасушаларының, тіндерінің және мүшелерінің дамуы, құрылысы және қызметтері туралы ғылым. Гистология өзінің бастапқы тайыз мағынасында тіндерінің құрылысы және қызметтері туралы ғылым болып табылды. Қазіргі заманға сай кең мағынасында гистология  ғылым және оқу пәні ретінде жоғарыда берілген анықтамаға сәйкес және бірнеше тараулардан тұрады.

1. Гистологиялық және микроскопиялық техника гистологиялық препараттарды дайындау тәсілдерін және оларды микроскоптау әдістерін зерттейді.

2. Цитология организмнің әр-түрлі жасушаларының дамуын, құрылысын және қызметтерін зерттейді.

3. Эмбриология жануарлар организмінің эмбрионалдық дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

4. Жалпы гистология организмінің тіндерінің даму көзін, құрылысын, қызметтерін және реактивтік өзгерістерін зерттейді.

5. Жүйелік гистология жануарлар организмінің мүшелерінің  даму көзін, эмбрионалдық даму барысын, құрылысын және қызметтерін зерттейді.

Гистология, цитология  және эмбриология морфологиялық  ғылымдарға жатады. Жасушалардың, тіндердің және мүшелердің қызметтерін зерттейтін физиологиялық профильдегі ғылымдардан айырмашылығы, бұл ғылымдар организмнің құрылысының (морфологиясының) заңдылықтарын зерттейді. Бірақ, бұлай бөлінулері шартты түрде ғана. Егер, бұрын гистология барлық морфологиялық ілімдер сияқты тек түсіндірмелі түрде болса, қазіргі кезде жасушалардың, тіндердің және мүшелердің құрылысын ғана емес, қызметтерінің құрылымдық қамтамасыз етілуі туралы түсініктеме алу үшін кеңінен қазіргі заманға сай морфофункционалдық әдістерді қолданады.

 

Негізгі бөлім:

1. Гистология, цитология  және эмбриологияның даму  тарихы.

Гистология, цитология  және эмбриологияның даму барысында үш кезеңді ажыратуға болады: микроскопка дейінгі, микроскоптық және қазіргі заманғы, электронды микроскопиялық кезең.

Микроскопка дейінгі кезең біздің эрамызға дейінгі IV ғасырмен XVII ғасыр аралығын алады. Бұл кезең организм тіндерінің жалпы, болжалды түсініктерімен сипатталады. Ол түсініктер тіндердің сырт көрінісіне, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына негізделді. Гистология ғылым ретінде жарықтық микроскоп ашылғаннан кейін ғана дамыды (жарықтық микроскоп  кезеңі XVII ғасырдан XX ғасырдың ортасына дейінгі кезеңді қамтиды). Алғашқы микроскопты ашуға әрекет жасаған 1609-1610 жж. Галилей болды. Микроскопты тұңғыш рет ашушылырдың бірі К. Дреббель (1619ж.) болды. Ағайынды Янсендер, кейін Р. Гук микроскопты жетілдірді. Р. Гук оның көмегімен өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылысын зерттей бастады. 1677ж. А. Левенгук 300 есе үлкейтіп көрсететін микроскоп ашты. Ол оған қан жасушаларын, олардың жылжуын, сперматозоидтарды және т.б. биологиялық құрылымдарды зерттеуге көмектесті.

XVII ғасырда Голландия мен Россияда алғашқы ахроматиялық микроскоптар ашылды. Бұл микроскопиялық техника мен гистологияның ілгері дамуына себебін тигізді. Гистологияның қарқынды алға дамуына 1801ж. француз анатомы К. Биштың ұсынған тіндердің жіктелуі түрткі болды, ол оның  макроскопиялық (анатомиялық) зерттеулеріне негізделген. 1819ж. оның шәкірті К. Майер “гистология” терминін енгізді.  

Гистология (грекше histos – ұлпа, logos – ілім, ғылым) органдардың,

...

Скачать:   txt (25.7 Kb)   pdf (68.1 Kb)   docx (19.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club