Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ультранегізді (ультрамафитті) таужыныстар және олардың қалыптасуы

Автор:   •  Октябрь 7, 2021  •  Реферат  •  575 Слов (3 Страниц)  •  275 Просмотры

Страница 1 из 3

Ультранегізді (ультрамафитті) таужыныстар және олардың қалыптасуы.

Ультрамафитті жыныстар барлық магмалық жыныстардың ішінде олар 0,4% ғана құрайды. Бұл топта негізінен интрузивтік жыныстар дамыған, ал олардың эффузивтік үйлесі өте сирек кездеседі.

Басты минералдары темір-магнийлі силикаттар - оливин мен пироксендер. Аздап биотит, плагиоклаз, горнбленд кездеседі. Кейбір түрінде горнбленд басты минерал болып келеді. Акцессор минералдардан шпинель, платина, магнетит, хромит, апатит, титаномагнетит, перовскит, шорломит кездеседі. Оливин, ромбылық пироксен бойынша туынды серпентин, тальк, карбонаттар, моноклиндік пироксендер бойынша горнбленд, хлорит, эпидот дамиды. Көп жағдайда ультрабазиттер постмагмалық процестерде түгелдей серпентиниттерге айналады.

Бұл жыныстарда басқалармен салыстырғанда кремнезем мөлшері әлдеқайда аз, ол 45%-тен аспайды. Сондықтан да оларды аса негізді жыныстар деп атайтын. Қалған химиялық элементтердің мөлшері мынадай: (%) Al2O3-0-4, ҒеО+Fe2O3-10-12, Мg-10-50, СаО-0-5, Na2O+K2O-І-дан аспайды.

Интрузиялық  таужыныстар

Ультрамафитті интрузиялық таужыныстардың ішінен мынадай түрлері бөлінеді: дунит, перидотит, пироксенит, горнблендит.

Дунит. Бұл таужыныс негізінен оливиннен тұрады, қосымша минерал ретінде пироксендер кездеседі. Акцессор минералы магнетит түрін оливинит деп атайды. Дунит сарғыш-жасыл, жасылдау орта не ұсақ түйірлі жыныс. Әдетте дунит өзгеріп серпентинитке көшеді.

[pic 1]

32-сурет. Перидотиттер. 1 - гипидиоморфтық құрылым, 2 - пойкилиттік

Перидотит оливин мен пироксендерден тұрады. Қосымша минерал ретінде горнбленд, плагиоклаз, флогопит, гранат кездеседі. Акцессор минералдар хромит, магнетит, шпинель. Түсі қара, жасылдау, орта, кейде ірі түйірлі жыныс. Бітімі шомбал, кейде шлирлі не жолақты болады. Құрылымы гипидиоморфтық, кейде оливиннің тұрпаттылығы соншалықты, құрылымы пойкилиттіге көшеді (32-сурет).

Пироксенит пироксендерден тұрады. Қосымша минерал ретінде оливин, горнбленд, биотит, плагиоклаз кездеседі. Акцессор минералдар магнетит пен ильменит болып келеді, кейде хромит те кездеседі. Түсі қара, қара-сұр, жасылдау-қара, қара-қоңыр, бітімі шомбал, кейде бағдарлы. Құрылымы призма түйірлі болып келеді.

Горнблендит горнблендтен тұрады. Қосымша минерал ретінде плагиоклаз, биотит, пироксен кездеседі. Акцессор минерал негізінен магнетит болып келеді. Горнблендит түсі қара, жасылдау қара, ірі, зор (пегматоидтық) түйірлі жыныс. Бітімі шомбал, бағдарлы, құрылымы призма түйірлі.

 Ультрамафитті  плутониттердің  жатыс  пішіні, жаратылысы және пайдалы

қазбалары

Жоғарыда аталған ультрабазиттер жер қыртысында бірге кездеседі. Олар қатпарлы аймақтарда да, платформаларда да тараған.

Платформаларда ультрамафитті плутониттер габбриодтармен бірге кездесіп, олармен араласа күрделі сілемдер құрайды. Мұндай сілемдердің пішіні лополит, лакколит болып келеді.

...

Скачать:   txt (9.3 Kb)   pdf (604.8 Kb)   docx (354.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club