Геологиялық сипаттама
Автор: Stella Sanat • Декабрь 21, 2023 • Реферат • 1,215 Слов (5 Страниц) • 136 Просмотры
Геологиялық сипаттама
Бұл карта бойынша жұмыс мақсаты берілген аудан бойынша таужыныс қабаттардың арасындағы үйлесімсіздекті анықтау. Карта бізде 1:50000 масштабта берілген. Біздің берілген үшінші вариантта қиманы интрузия жарып шығады. Сонымен қатар біз үш карбонды байқай аламыз:төменгі, жоғарғы, ортаңғы. Ал карбонның арасында төрттік жүйелер жарып жатыр
Жаңа айтып кеткендей қиманы интрузия жарып шығып жатыр. Интрузия — жердің терең қабаттарындағы байырғы қуыстарға, ішкі қысудан пайда болған бос кеңістерге магманың көтерілуі.Интрузияның түрі жайпақ төмпешіктерге, жалпақ немесе күмбез тәріздес массивтерге ұқсайды. Интрузияның көлемі өте үлкен де болуы мүмкін, кейде ауданы жүздеген шаршы километрге жететін жерді алып жатады. Олар жер бетіне тек қана өзін жауып жатқан шөгінді жыныстардың қабаты денудациялық процестердің әсерінде бұзылып жуылып-шайылғанда ғана шығады. Интрузия қатпарлы тау жоталарының ядроларында да ұшырасады. Интрузия деп жалпы тереңдегі магмалық жыныстардың массаларын түсінеді.
Қалай жасын анықтадым? Эффузивтік таужыныстардың жасын анықтау әрқашанда күрделі мәселелердің бірі, сонда да шешудің де өзіндік жолдары бар. Оларға төмендегілер жатады:
1)Эффузивті таужыныстар жасын су асты жанартаулар лаваларының құ-рылымын атқылау кезінде енген организмдер мен скелеттер орнын зерттеулер арқылы анықтау. Теңіз фаунасының орны кейде туфтарда да кездеседі.
2) Вулканогенді таужыныстар қабаттары арасындағы шөгінді қабаттардағы фауналар мен флораларды зерттеу арқылы анықтауға болады. Әсіресе тасқа айналған қалдықтар әктастар мен мергельдер (әксаздар) құрамында жиі кездеседі.
3) Вулканогенді кабаттар жасы, өзінің жабыны мен табанында орналасқан шөгінді таужыныстар қабаттары жасын анықтау арқылы да табылады. Мұндағы негізгі шарт - олар шөгінді қабаттармен үзіліссіз алмасуы тиіс. Мысалға: жабынындағы қабаттың жасы таскөмір жүйесінің серпухов ярусында, ал табанындағы турне ярусында қалыптасса, онда вулканогенді қабат төменгі таскөмірдің виза ярусында пайда болғаны.
4) Эффузивті таужыныстардың жасының жоғарғы шегі, оның қабатының үстінде орналасқан фауналы қабат жасы көмегімен айқьіндалады. Эффузивтер жасы мұндайда одан үлкен болады.
5) Ал төменгі жас шегі лава атқылаған шақта бірге ала кеткен жамылғы таужыныстардың кесектері арасындагы фауналарды зерттеу арқылы анықталады, яғни эффузивтер жасы ксенолиттердікіне қарағанда жас болады.
6) Туфогенді таужыныстардың кеңістікте орналасуы да вулканогенді қабаттар жасын дәлдіктеу үшін қосымша көмек болады. Қалыпты жатысты шөгінді қабаттар арасындағы туфогеңді қабаттар тамаша тіректі горизонт бола алады. Егер олардын төгілу ошағымен байланысы дәлелденсе, онда лава атқылау уақытын анықтауға әбден болар еді.
7) Эффузивтер жасы абсолюттік геохронология әдістері көмегімен айқындалады. Вулканогенді таужыныстарды зерттеуде геофизикалык әдістерді қолданудың қажеттілігі туындайды. Мұндай қажеттілік эффузивтер құрылымдармен көмкеріліп жатқан жағдайда тіпті басым болып келеді. Эффузивті таужыныстардың пайда болуы мен жатыс жағдайларын зерттеуде қолданылатын жетекші геофизикалык әдіске магниттік барлау жатады. Оның себебі эффузивтердің жоғарғы магниттілік қасиеттілігінде жатыр, әсіресе ол негізгі құрамды таужыныстарға тән қасиет. Сондықтан да аэромагниттік түсіруде немесе жер бетін магниттік барлауда әр түрлі құрамды вулканогендік комплекстердің таралу аймағын анықтау, мағлұматты мәліметтер бере алады. Әр түрлі құрамды эффузивтердің таралу аймағы мен тереңдігі жайлы мәліметтерді алуда, магниттік 75 түсіру мәліметтері тәуір қорытындылар бере алады. Мысалы, магниттік өрістің базальттар көлемінде риолиттерге қарағанда, лавалардікі туфпен салыстырғанда жоғары екендігі аномалиялар интенсивтілігіне байланысты өзгешелетіндігі белгілі болды. Магниттік түсірулер көмегімен табылған эффузивтерді бөлшектеуде электрлік профилдердің, кейде гамма түсірудің көмегі бар, себебі эффузивтердің негізділігі артқан сайын, олардың гамма-белсенділігі едәуір азаяды. Ірі эффузивті жамылғыны шектеуде көбінесе аэромагнитті немесе орта және ұсақ масштабты жер беті магниттік түсірулер жүргізіледі. Кейбір жағдайда ΔZ максимумы арқылы болашақтағы төгілу ошағы орнын анықтауға болады. Бұл каналдың төгілу орны дәлдікті гравиметрлік түсіру көмегімен де жүргізіледі. Көбінесе төгілу каналы ауырлық күші аномалиясымен анықталады. Эффузивті жамылғының қалыңдығы ВЭЗ жэне сейсмобарлау әдістерімен анықталады. Осы әдістермен қатар геологиялық карта түсіруде эффузивтерді құрамына қарай бөлшектеуде электрлік барлау және оларды бөлшектеу мен салыстыруда радиометрлік әдіс қолданылады.
...