Беткі және ағын сулардың геологиялық жұмысы
Автор: blue_isaww123 • Февраль 20, 2022 • Лекция • 1,460 Слов (6 Страниц) • 502 Просмотры
4- дәріс
Беткі және ағын сулардың геологиялық жұмысы. Карст, суффозия, үңгір түзілімдері. Жылжыма, қорас, олардың ыкпалы. Мұздықтар, олардың жаралуы мен түрлері
Мазмұны: Жер бетіндегі ағын сулардың геологиялық жұмысы. Жер бетіндегі ағын сулар (өзен, бұлақтар, жылға) жер бедерін үнемі үздіксіз өзгертіп отыратыны сөзсіз. Атмосфералық жауын-шашыннан, бұлақтардан, мұзарттардан қорек алатын ағын сулар жер бетінің тегістігін қуалай отырып, жолында бір-бірімен қосылып соңында өзендер құрайды. Ағын сулар жолындағы борпылдақ жыныстарды шайып әкетіп оп-оңай өзен арналарын қалыптастырады. Сонымен беткі ағын сулар үлкен геологиялық жұмыс аткарады: таужыныстарды қиратады, кираған өнімдерді тасымалдайды, оларды үйіп, тұндырып жасампаздық әрекетпен айналысады.
Қирату жұмысы. Судың белгілі бір жазықтықта байқалатын бұзушылық немесе кирату әрекеті жазықтық эрозия деп аталады. Эрозия белгілі бір деңгейдің жоғары бөлімінде ғана дамиды. Бұл деңгей эрозия базисі деп аталады. Эрозия базисі екі түрге бөлінеді: 1. Абсолюттік базис-әлем мұхитының деңгейіне сәйкес (ол ноль); 2. салыстырмалы базис қарастырып отырған ағын су келіп құятын су бассейндерінің (көл, теңіз) деңгейлері.
Өзеннің тасымалдау жұмысы. Су ағындары өзендері киратқан материалды, оның сынықтарының өлшемдерімен тығыздықтарына байланысты әр-түрлі қашықтықтарға тасымалдайды, ірі, ауыр сынықтар болса өзен басында, тау етегінде қалады, ал ағыс бойымен оның кинетикалық энергиясы азайған сайын тиісінше ірісынықтар шөгіп, майдалау сынықтар әрі карай тасымалданып,жолда еріп үлгерген материалдармен бірге ағыс соңына шейін жетеді.
Өзеннің жасампаздық (үгілу) жұмысы. "Потамология" -өзендерді зерттейтін ғылым. Бұл тұста атап өтетін ең бастысы өзен іс-әрекеттерінің барысында өзен бойында түзілетін шөгінді материалдар болып табылады, сонымен қатар өзен жағалауларын немесе опандарды толтыратын аллювийалды жыныстардың әр-түрлі бедер (рельеф) пішіндерін калыптастыратындығы, соңында бірнеше өзен салаларының бірігіп өзен топтарын құрайтындығы, әрі аз шығындар жұмсап оңай өндірілетін металлдық және бейметалдық кен орындарының көздерін қалыптастыратындығы. Ағын судың бастамасы сағасымен салыстырғанда әрдайым биік жатады. Бастамадан сағаға дейінгі су арнасының кескіні парабола пішінді болады. Егер арнадағы су мөлшерімен оның ағыс жылдамдығы тұрақты болса, бұл кескіндес тұрақты болады.Аталатын екі көрсеткіш ұлғайса кескін өзгеруі мүмкін. Оны калыптаспаған кескін деп атайды. Ағын су эрозиясы ағын сипатына қарай екіге бөлінеді:1. Беткейлік немесе түтас шаю. Жер бетін түтас жапқан ағын су жер бетіндегі ойпаңдарға жиналып арынды арналар бойынша ағады. Арналар бойынша аккан жылғалар салаланып өзен күрайды. өзеннің кирату жүмыс су аккан арналарда дамиды;1. Арналық шаю немесе өзен эрозиясы. өзен эрозиясы екіге бөлінеді: а) түптік - су арнаның түбін қиратады. өзен арнасының еңісті шамасына карай анықталады. Су бетінің егістігі аз болған жағдайда, өзен жағалауының бүзылып шайылуы жиі байқалады. Бұл процесс
негізінен өзен арнасының еңістік бұрышына қарай анықталады. Сол себепті ағысы күшті тау өзендерінің арналарында осы аталған процестің нәтижелерін оп-оңай байқауға болады. Мұндай өзендердің араналарымен диаметрі бірнеше метрлік өте ірі дөңбек тастар домалап көшіп жүреді. Таулы аймақтарда өзен аңғарлары аса терең келеді, бірақ ені тар болып кездеседі. Мұндай аңғарлар коньондар деп аталады; б) бүйірлік - су арнаның жағаларын шайып отырады. Бұл процестердің нәтижесі негізінен өзен арналарының еңістену бұрышы аз болған жағдайларда кездеседі, демек, өзендердің ортаңғы және төменгі ағыстарында олардың жағалауларының бұзылып - шайылуын жиі байқамауымызға мүмкін.
...