Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақінген кенорын туралы жалпы тарихы

Автор:   •  Март 3, 2020  •  Курсовая работа  •  5,391 Слов (22 Страниц)  •  686 Просмотры

Страница 1 из 22

Мазмұны

Кіріспе

4

1. Геологиялық бөлім

6

1.1 Ақінген кенорын туралы жалпы тарихы

6

1.2 Геологиялық құрылымы

9

1.3 Стратиграфия

10

1.4 Мұнай-газ қоры

14

1.5 Тектоника

15

2. Техника-технологиялық бөлім

17

2.1 Кенорынды жобалау және өндіру құрылымдары

17

2.2 Мұнай, газ және су сынамасының сипаттамасы

18

2.3 Ұңғыма қорының жағдайы

18

2.4 Қабат қысымын ұстау жүйесі

20

2.5 Қабат қысымын ұстауға, айдалатын судың көлемін есептеу

22

Қорытынды

25

Пайдаланылған әдебиет

26

Кіріспе

Қазақстан Республикасының экономикасында шикізат өндірудің алатын орны ерекше. Әсіресе мұнай мен газ саласының маңызы жоғары болып табылады. Соңғы жылдардағы экономиканың өсуі мұнайды экспортқа шығару негізінде қамтамасыз етілді. Бірақ, мемлекетіміздің өнеркәсіптік саясаты, минералды шикізат қорының қайта қалыптаспауынан және осы қордың барлық ұрпақтардың байлығы болып табылатындығынан туындайды. Сондықтан да болар, Қазақстанның стратегиялық табиғи қорларын әрі тиімді, әрі үнемді өндіру мен пайдаланудың шаралары қабылдануда. Қазіргі кезде шикізат ресурстарын тиімді пайдалану - өндірумен айналысатын кез-келген кәсіпорынның алдындағы тұрған басты проблемалардың бірі болып табылады. Мұнай өндіру саласындағы кәсіпорындардың басты мәселесі - мұнай бергіштікті өсіру мақсатындағы қолданылатын қабатқа әсер етудің  технологияларын қолдану.

Экономиканың  басты  саласы  ретінде мұнай өндіру және мұнай экспорты маңызды  болып саналады. Бұл өнеркәсіптің түрі қазіргі уақыттағы жоғары сұранысқа ие жетекші саланың бірі. Біздің елімізде де мұнай өндіру,оны шет мемлекеттерге эскпорттау қарқынды дамуда. Ол үшін бізде шикізат көзі жеткілікті, Қазақстан ТМД елдері ішінде мұнай қоры бойынша Ресейден кейінгі екінші орында. Негізінен осы мұнайдың қорын толығымен өндіретін болсақ алдағы 10 жылдың ішінде  еліміз әлемдегі мұнай өндіруші үздік  бестікке енеді деп күтілуде. 2009 жылғы  есеп бойынша күніне Қазақстан аумағында 1,54 млн  баррель  мұнай өндірілсе,бұл көрсеткіш 2019 жылға  екі есе  арттырылмақ  деп жоспарланып отыр. «Мұнай-газ» журналының зерттеуі  бойынша республика көлемінде қазіргі таңда 30 млрд баррель  мұнай қоры  дәлелденген. Негізгі қорлар еліміздің батыс аймағында: Теңіз, Қарашығанақ, Ақтөбе, Маңғыстау, Өзен т.с.с мұнайлы аумақтарда барланған.

Мұнай-газ компанияларынан түсетін түсімдер 2009 жылдан бастап енгізілген салық жеңілдіктеріне қарамастан, мемлекеттік бюджетте елеулі көлемді құрайды. Мұнай-газ секторынан Ұлттық қорға түсетін төлемдер 1371,4 млрд. теңгені немесе мемлекеттік кірістердегі 36,3%-ды құрады. 2009 жылы минералдық-шикізаттық кешеніндегі инвестициялар көлемі 3,2 трлн. теңгені (21,4 млрд. АҚШ долл.) құраған болатын.

  Қазақстан үшін мұнай өндірісінің ұлғаюы болжамдарын ескере отырып, мұнай тасымалдау инфрақұрлымын дамыту мәселесі күннен күнге маңызды болуда, жаңа экспорттық жүйелерді ұйымдастыру  және қолда барын кеңейту жөніндегі жұмыстарға баса назар аударылуда. 2010 жылы Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама қабылданған. Бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі ел экономикасындағы мұнай-газ саласының рөлін тұрақты нығайтуды көздейді. Мұнай  ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан тасымалдау шығындары барынша төмендетілген жағдайда. Мұнай экспорттау қуаттары мен бағыттарының дамуы өндіру мен ішкі тұтынудың перспективті көлемдеріне, транзиттік елдермен ұзақ мерзімді келісімдердің болуына, сұраныс деңгейіне және әлемдік тұтыну нарықтарындағы жағдайға сәйкес келуі тиіс.

...

Скачать:   txt (70.3 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (2.7 Mb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club