Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Иондаушы сәулеленудiн дозиметриясы саласындаfы негiзгi тyсiнiктер мен терминдер

Автор:   •  Декабрь 6, 2023  •  Реферат  •  3,847 Слов (16 Страниц)  •  120 Просмотры

Страница 1 из 16


ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕНУДІҢ ДОЗИМЕТРИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР 

ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕНУ – затпен әсерлесуі кезінде бұл затта белгісі басқа иондардың түзілуіне әкелетін сәулелену. Иондаушы сәулелену зарядталған және зарядталмаған бөлшектерден, сонымен қатар фотондардан құралады. Иондаушы сәулеленудің энергиясын жүйеден тыс электрон-вольт (эВ) бірліктермен өлшейді. 1 эВ = 1×10-18 Джоуль (Дж). Еселік бірліктерді қолданады: килоэлектрон-вольт (кэВ), 1 кэВ = 1×10эВ, менаэлектрон-вольт (МэВ), 1 МэВ = 1×10эВ. Ультракүлгінсәулелену мен көрінетін жарық иондаушысәулеленулерге жатпайды. 

ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕНУ КӨЗІ – иондаушы сәулеленуді шығаратын немесе шығаруға қабілетті құрылғылар немесе радиобелсенді зат. 

ГАММА-СӘУЛЕЛЕНУ – ядролық түзілу немесе бөлшектердің аннигиляциясы кезінде шығарылатын фотонды (электромагнитті) жанама иондаушы сәулелену. Жоғары өту қабілетіне ие (фотондардың ауада орташа жүруі шамамен 100 м, ал биологиялық ұлпада – 10-15 см). Сыртқы сәулелену көзі ретінде үлкен қауіп төндіреді. 

РЕНТГЕНДІК СӘУЛЕЛЕНУ – рентген аппаратымен өндірілетін тежеуші және өзіне тән фотонды сәулеленулердің жиынтығы. 

ТЕЖЕУШІ СӘУЛЕЛЕНУ – зарядталған бөлшектердің жылдамдығы өзгерген кезде шығатын, энергетикалық спектрі үздіксіз фотонды сәулелену. Рентген түтігінде, электрон жылдамдатқышында, бета-сәулелену көзі қоршаған ортада пайда болады. 

БЕТА-СӘУЛЕЛЕНУ – ядролық түзілістердің кезінде шығатын, энергитакалық спектрі үздіксіз электронды (позитивті) иондаушы сәулелену. Е спектріне шекаралас энергиямен сипатталады.

Бета-бөлшектердің жүруі аз (ауада бірнеше метр,биологиялық ұлпада бірнеше см). Энергиясы 0,1-0,2 МэВ бета-бөлшектер теріге, көздің шырышты қабықшаларына әсерімен және асқазан-ішек жолы мен өкпеге түсуімен қауіпті. Энергиясы 2 МэВ-тан жоғары бөлшектер көздің нұрлы қабығына қауіпті.



АЛЬФА-СӘУЛЕЛЕНУ – ядролық түзілу кезінде шығатын, альфа-бөлшектерден (гелий ядроларынан) тұратын иондаушы сәулелену. Альфа-бөлшектердің жүруі төмен (ауада бірнеше см-дей, биологиялық ұлпада 0,1 мм-дей). Альфа-сәулендіргіштер тері мен көз шырышты қабықшасын залалдануымен, өкпе мен асқазан-ішек жолына түсуімен қауіпті. 

НЕЙТРОНДАР – ядролық реакцияларда пайда болатын зарядталған бөлшектер. Энергия бойынша нейтрондардың үш тобын ажыратады: жылулық, аралық және жылдам нейтрондар. Жылулық нейтрондардың ауада орташа жүруі 10-20 м, биологиялық ұлпада шамамен 2,8 см, жылдам нейтрондардың сәйкесінше 110-130 м және 10 см. 

БӨЛШЕКТЕР АҒЫНЫ – белгілі бір уақыт аралығында беткей арқылы өтетін бөлшектер санының бұл интервалға қатынасы, ағынды жиіліктің бірліктері/с-пен өлшейді. 

БӨЛШЕКТЕР АҒЫНЫНЫҢ ТЫҒЫЗДЫҒЫ – уақыт интервалында сегментарлық сфера арқылы өтетін бөлшектер санының бұл сфераның кесіндісі мен бұл уақыт интервалына қатынасы. Ағынның тығыздығын жиілік/(с×см2) өлшейді. 

РАДИОНУКЛИД – белгілі бір массалық саны мен атомдық номері бар, ал изомерлі атомдар үшін атомдық ядроның белгілі бір энергитакалық күйі бар радиобелсенді заттар. 

РАДИОНУКЛИДТІҢ ЖАРТЫЛАЙ ЫДЫРАУ ПЕРИОДЫ Т½ - өздігінен жүретін ядролық түзіліс нәтижесінде бұл радионуклид ядроларының 2 есе төмендеуге кететін уақыт. 

РАДИОБЕЛСЕНДІ ИЗОТОП – бұл элементтердің радионуклиді, мысалы йодтың радиобелсенді изотопы – йод-131, кобальттың радиобелсенді изотопы – кобальт-60. 

КӨЗДЕГІ РАДИОНУКЛИДТЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ (А) – уақыттың кішкентай интервал аралығында көзде өздігінен жүретін онда жүретін ядролық түзілістер санының бұл интервалының қатынасына тең радилбелсенділік өлшемі. Белсенділік бірлігі – беккерель. 1 Бк = 1 секундтағы 1 ядролық түзілу (ыдырауы) немесе 0,027 нКи. 1 Ки = 3,7×1010 Бк. Нанокюри, нКи = 1×10-80 Ки = 37 Бк. Тәжірибеде меншікті белсенділікті (Бк/кг немесе Ки/кг), сонымен қатар көлемді белсенділік (Бк/км2, Ки/км2) қолданылады. 

СЫРТҚЫ СӘУЛЕЛЕНУ – сәулелену көздерінің ішінде болатын дененің сәулеленуі. 

ЖҰТЫЛҒАН ДОЗА (Д) – затқа эдемнтарлық көлемде иондаушы сәулеленуде берілген орташа энергияның бұл көлемдегі заттың массасына қатынасына тең негізгі дозиметриялық шама. Жұтылған дозаныңөлшем бірлігі – грей, Гр. 1 Гр = 100 рад, 1 рад = 0,01 Дж/кг. 1 Дж = 0,293 калорий немесе 6,25×1018электрон-вольт немесе 1×105 эрг. Грей кез келген типті затпен жұтылған сәулелену энергиясы мөлшерінің шамасы болып табылады. 

ЭКВИВАЛЕНТТІК ДОЗА (Н) – күнтізбелік жыл ішінде 5 шектеліп рұқсат етілген дозадан (ШРЕД), яғни 250 мЗв/жыл аспайтын эквивалентті доза кезінде еркін құрамдағы иондпушы сәулеленудің созылмалы әсерінен адам ағзасына ықтимыл зияндылықты бағалау үшін радиациялық қауіпсіздік саласына енгізілген негізгі дозиметриялық сала. Эквиваленттік доза жұтылған дозаның биологиялық ұлпаның көлемде бұл элементіндегі иондаушы сәулеленудің сапа коэффициентіне көбейтіндісіне тең. Эквмваленттік дозаның бірлігі – зиверт, Зв. 1 Зв = 100 бэр – эквиваленттік дозаның жүйеден тыс бірлігі (радтың биологиялық әсері). 1 бэр = 1 рад×k = 0,01 Дж/кг. 1 мЗв = 1×10-3 Зв, 1 мкЗв = 1×10-6 Зв. Эквиваленттік дозаны анықтаған кезде жұмсақ биологиялық ұлпаның келесі құрамы белгіленеді: 10,1% сутегі, 11,1% көміртегі, 2,6% азот, 76,2% оттегі (масса бойынша). 

САПА КОЭФФИЦИЕНТІ (k) – белгілі бір эквиваленттік доза кезінде иондаушы сәулеленудің әр түрлерінің биологиялық тиімділікті есептеуге арналған коэффициенті. Энергетикалық құрамы белгісіз иондаушы сәулеленуді анықтаған кезде сапаның келесіорташа мәндерін қолданады: рентген және гамма-сәулеленуде k>1; электрондар, нейтрондар және бета-сәулелену k = 1; энергиясы 10 МэВ-тен төмен альфа-сәулелену k = 20; энергиясы 0,1-10 МэВ k = 10, энергиясы 20 кэВ нейтрондар k = 3. 

ТИІМДІ ЭКВИВАЛЕНТТІК ДОЗА (ТЭД) (Не) – әрбір мүшемен (Нt) алған сәулеленуге мүшелердің әр түрлі сезімталдығын ескеретін сәйкес салмақаты коэффициентке (Wt) көбейтіндісінің суммасы, ТЭД біркелкі сәулелену сияқты дененің біркелкісіз сәулеленуін дәл сондай бағалауды қамтамасыз етеді.

...

Скачать:   txt (59.3 Kb)   pdf (166.4 Kb)   docx (25 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club