ГАЖ туралы мәлімет және даму тарихы
Автор: ZhanserikMametov • Январь 25, 2020 • Реферат • 5,339 Слов (22 Страниц) • 5,103 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӘУЛЕТ – ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІ
ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ
[pic 1]
ГАЖ пәні бойынша студенттің өздік жұмысы Тақырыбы:ГАЖ туралы мәлімет және даму тарихы
Орындаған:Маметов Ж.М
Тобы: ГК-23
Тексерген: Кемпірбаева А.С
Нұр-Сұлтан 2019
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………….3
1Негізгі бөлім.................................................................................................4
- Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы..............................................4
- Геоақпараттанудың қалыптасуы............................................................5
- Геоақпараттық жүйелер ұғымы туралы................................................6
- ГАЖ-дың жіктелуі және жинақталған қызметі....................................7
2. АҚШ- тың «Авангард-1» спутнигі.........................................................8
3. Қорытынды.............................................................................................10
4. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................11
Кіріспе
ГАЖ дегеніміз – табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым.ГАЖ-дың зерттеу әдісі ретінде кеңістік-уақыттағы ақпараттық үлгілеуді айтады. Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде ГАЖ өзіне лайықты орнын алуда. Оны географиялық зерттеулерді ақпараттандырудың мақсаты мен міндеттерінен көруге болады. Яғни Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) деректерді көрнекі көрсетудің және оларды талдауға арналаған құралдардың сан-алуан түрлерінің есебінен көптеген ғылыми, практикалық және басқару мәселелерін тиімді және жедел шешудің басты элементі болып саналады. ГАЖ технологияларын қолдану үлкен көлемді картографиялық және тақырыптық ақпаратты, оның ішінде қашықтан зондылаудың (ғарыштық суреттердің), далалық ғылыми зерттеулердің, инженерлік зерттеулердің, мониторингтің, түрлі шаруашылық қызметтің, құжат айналымының деректерін бірыңғай құрылымға біріктіруге мүмкіндік береді. ГАЖ көптеген ғылымдармен тығыз байланысты. Соның ішінде ГАЖ Жер туралы ғылымдар жүйесінде үлкен рөл атқарады. Ол ғылымдар — география, геология, топырақгану, ландшафттану, геоморфология, палентология жэне т.б. ГАЖ-ды бүгінгі күні: жер комитеті, табиғи ресурстарды бақылау, экология, жергілікті басқару, транспорт, экономика, қоғамдық міндеттер және т.б. салалдарда қолданады.ГАЖ-дың әдеттегі қолдану салалары — жер кадастры, табиғи ресурстар кадастры, экология, жылжымайтын мүлік саласы және шешім қабылдау саласында қолданылады.
Геоақпараттық жүйе туралы мәлімет және даму тарихы
1.1 Геоақпараттық жүйенің даму тарихы
ГАЖ-ды құрудың бірінші жұмыстары 60-жылдардың ортасында Канада мен Швецияда басталған. Канадалық Р. Томлинсонның 1963-1971жылдардағы библиографиялық жэне қоршаған ортаның табиғи қорларын тиімді пайдалануға арналып жасалған жұмыстарынан бастау алады. Ал Швецияда О. Саломонссон, Т. Германсеннің 1976 жылы жер кадастріне қажетті ГАЖ құру жұмыстарынан бастау алады. ГАЖ-ды құруға әртүрлі ұйымдар мен ғылыми ұжымдар қатысты. ГАЖ кешенді көп мақсатты ақпараттық жүйе ретінде кұрылды. Канаданың СGIS ақпараттық жүйесі ең үлкен атақка ие болды. 1976 жылы істелінген жұмыстың тәжірибесі Р. Томлинсонның анықгама монографиясында қорытылып шықты. Ал 1976- жылы АҚШ-тың Геологиялық қызметінде жинақтайтын және картографиялық мәліметтерді өңдейтін 50-ден аса автоматтандырылған жүйелер пайда болды. Осы кезеңде бірінші ақпараттық жүйелер (АЖ) бұрынғы Кеңес Одағында да құрыла бастады.1981 жылы ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде ГАЖ-дың жэне географиялық ақпараттарды өңдеудің толық анықтамасы дайын болды. Оларда математикалық үлгілеу және жүйелік талдау топтары дайындалды. 70-жылдары қоршаған ортаның қорларын аймақты басқару мақсаттарын шешуге арналған ГАЖ-дар толық даму алды. Осы ақпараттық жүйелердің мақсатгары әртүрлі, бірақ олардың арасыңда көбіне аймақгардың экологиялық-экономиялық даму жоспарларын жасауда шешім қабылдау басым болып табылады. Осыңдай жүйелердің дәстүрлік ГАЖ-дан айырмашылықтары бар, оларды LRIS «LAND RESOURCES INFORMATION SYSTEM» деп атайды. Шет мемлекеттерде ГАЖ-дар мемлекеттік құрылымның қызметінде геологиялық, әскери-топографиялық және басқа немесе аумақтық басқарма органдарының қастарында көбірек жасалынса, ал бұрынғы Кеңес Одағында ақпараттарды жинақтау жеке ведомстволарда ұйымдастырылған. Сонымен, бұрынғы КСРО Мемлекеттік комитетінің құрамында гидро-метеорология және табиғатты бақылау жөнінде 20 түрлі банк тораптары, мысалы «Агрометеоролошя», «Атмосфераньщ ластануы», «Топырақтың ластануы» жэне басқаларды қамгитын банк тораптары құрылады. Орман өңдеу картасын шығаратын «Лесожоба» деген Бүкілодақтық аэрофотоорман өңдеу бірлестігінде автоматтық өңдеудің аяқталған жүйесі жасалынды. Әлемде кеңінен пайдалануға арналған аймақтың ГАЖ үлгісі - «TEXAS RESOURCES INFORMATION SYSTEM», оның ішінде келесі ақпараттар сақталады: метеорологиялық, гидрологиялық, сондай-ақ су құрылысы және су шаруашылығы мәселелері,топырақ қорлары және жерді пайдалану құрылымы,биологиялық қорлар: жануарлар, өсімдіктер, микро-организмдер және тірі организмдерге адамның әсері,әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік жағдайлар, экономика, сауда, басқару орындары,белгілі бір аудан бойынша картографиялық және геодезиялық аэрофотосуреттер, карталар. Ал Ресейде және ТМД елдерінде зерттеулер 80-жылдары басталған. Ресейлік ГАЖ-дар С.Н.Сербенюк (1989), А.М. Трофимов (1989), А.В. Кошкарев, В.С. Тикунов (1991), В. И. Семенов, О.И. Солнцев, В.С. Тикунов (1991) жұмыстарына сүйенеді. Грузиндік ГАЖ Тбилиси университетінің профессоры Н.Л. Беручашвилимен байланысты. Эстониядағы ГАЖ-дар П.Х. Каринг (1980) жұмыстарынан белгілі. Латвиядағы ГАЖ-ды жасаған А.А. Калниня, М.Я. Лайвинын (1983). Литвада ГАЖ-ды жасаған И.Ю. Пакутинскас (1985). Молдавияда А.В. Симонов (1987) жұмыстарынан белгілі, Украинада Н.И. Василев жұмыстарынан белгілі. Қазақстанда алғашқы ГАЖ-ды құру А.А. Тұрсынов, Г.В. Гельдыевалардың Арал мәселесін зертгеуге арналған жұмыстарынан және Е.А.Закарин, Л.Ф.Спивак жұмыстарынан бастап белгілі болды.
...