Эксперт және импорт кезінде жануарларға, жануартек өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
Автор: 45522 • Май 23, 2023 • Реферат • 5,096 Слов (21 Страниц) • 170 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе | ................................................................................................ | 2 | |
1.Эксперт және импорт кезінде жануарларға, жануартек өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар................. | 4 | ||
1.1 | Жануарларды, жануартекті өнім мен шикізаттарды экспорттау кезiндегi мемлекеттік ветеринарлық қадағалау............................................................................... | 4 | |
1.2 | Жануарларды, жануартекті өнім және шикізаттарды импорттау кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау.... | 7 | |
1.3 | Жануарлартекті шикізаттарды импорттау кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау..................................... | 9 | |
2.Шәует және оны алу әдістері | 10 | ||
2.1 | Қазақстан Республикасына бұқа шәуетін импорттау кезіндегі ветеринариялық талаптар........................................ | 14 | |
2.2 | Қазақстан Республикасына қабан шәуетін импорттау кезіндегі ветеринариялық талаптар........................................ | 15 | |
2.3 | Қазақстан Республикасына асыл тұқымды айғырлар шәуетін импорттау кезіндегі ветеринариялық талаптар........ | 16 | |
2.4 | Қазақстан Республикасына қошқар шәуетін импорттау кезіндегі ветеринариялық талаптар....................................... | 17 | |
Қорытынды................................................................................................ | 19 | ||
Әдебиеттер тізімі....................................................................................... | 20 |
Кіріспе
Егемендік алғаннан кейiн жылдары елiмiзде ауыл шаруашылығына деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, жаңа тың реформаларды қалаптастырып келедi. Нарық заманында арзан азык-түлiктi жоғарғы өнiм беретiн асыл тұкымдарынсыз мүмкін болмай отыр. Ендiгi кезенде Казакстанның Бүкiләлемдік Сауда Ұйымына кіруге тiлек бiлдiруi халыкаралык жаңа сапа стандарттарына сәйкес өнім өндіруге барша өнім өндірушілерге жаңаша талап койып отыр.
Қазiргi таңда елбасымыздың тiкелей колдауымен ауылшаруашылығына деген көзқарас бiршама деңгейге жақсарып келедi. Оған себеп 2002-2005 жылдар аралығы ауыл жылдары болып аталып елді-мекендердегi халықтың әл-ауқаты дұрысталып қалды. Ауылшаруашылығының негiзгi салаларының бiрi мал шаруашылығы үкімет тарапынан қолдаудың арқасында, яғни мал бастарын асылдандыру құрып кете жаздаған Кеңес үкіметі кезiнде ғалымдарымыз қажырлы еңбегiнiң арқасында дүниеге келген асыл тұқымды малдардың басын сактап калу, одан әрi санын көбейәтуде мумкiндiк туды.
Ауыл шаруашылығын нығайту мақсатында ел басымыздың қолдауымен көптеген шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген. Осы мақсатқа жету үшін ветеринария саласының алатын орыны өте зор. Ол үшiн мал басын көбейтіп, өнiмдiлiктi жоғарылату, аурулардың алдын-алып, емдеу тәрiздi ветеринариялық жұмыстарды ұйымдастыру қажет.
Мал өнімдерін арттыруға мал азығының жетiспеуi және әр түрлі аурулар зиян келтіруде. Тек қана мал өлiмiн азайту, мал өнімдерін көбейтуде үлкен табыс көзі болатын төмендегi мысалдан көруге болады. Қазақстанда 1990 жылы 1966 мың iрi кара, 39 мың жылқы, 28866 мын қой ешкi елiм жiтiмге ұшыраса, 1991 жылы бұл көрсеткіштер тиiсiнше 206641, 31266 мын бас болды.
Экономиканың бұл секторының маңыздылық бағасы Республика Президенті Н. Назарбаевтың «2003 жылдың ішкі және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары», - деген халыққа арналған жолдауында көрсетiлген.
Бұған дәлел Республика Президентiнiң Жарлығымен бекітілген,салалардың даму басымдықтары мен негiзгi бағыттары дәл көрсетiлген Қазақстан Республикасының аграрлық азық-түлік бағдарламасы.
Ауылды әрі қарай өркендету агробизнестің қолайлы құрылымын жасаумен және ауыл шаруашылық өндіріс маркетингiмен тығыз байланысқан жаңа көзқарасты талап етедi. Агроөнеркәсіп кешенінің ерекшелігі, азық-түлік кауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттiк баскаруды және мемлекеттiк колдауды қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығын дамуында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, облыс халқының азық-түлік мұқтажын қанағаттандыру, өндірілетін өнiмнiң жоғарғы сапасын қамтамасыз етiп, бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру үшін, агроөнеркасіптік кешенiнiн тиiмдi жүйесiн калыптастыру мақсатында облыс бойынша 2003-2005 жылдарға аграрлық азық-түлік бағдарламасы жасалды.
...