Жыл маусымына байланысты бие сүтінің өзгеруі және одан дайындалатын қымызды ветеринариялық санитариялық сараптау
Автор: Высший Инженерно Технологический колледж • Март 19, 2020 • Курсовая работа • 7,977 Слов (32 Страниц) • 689 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Ұран: «Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады»
«Жыл маусымына байланысты бие сүтінің өзгеруі және одан дайындалатын қымызды ветеринариялық санитариялық сараптау»
Мамандығы: 5В120200 – Ветеринариялық санитария
МАЗМҰНЫ:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР | 3 | |
КІРІСПЕ | 4 | |
1 | Әдебиетке шолу | 5 |
1. 1 | Қымыздың адам өмірінде алатын маңызы | 5 |
1.2 | Бие сүтінің химиялық құрамы мен қасиеті | 5 |
1.3 | Белок пен оның амин қышқылының құрамы | 8 |
1. 4 | Қымыз дайындау технологиясы | 13 |
2 | ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР | 18 |
2.1 | Зерттеу материалдары мен әдістері | 18 |
2.3 | Зерттеу нәтижелері және оны талдау | 20 |
3 | ҚОРЫТЫНДЫ | 25 |
4 | ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР | 26 |
5 | ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | 27 |
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Ғылыми жұмысты орындау барысында келесі стандарттарға сілтемелер жасалынды:
МемСТ 1004-98 Қымыз
МемСТ 1005-98 Биенің сүті. Сатылғандағы қойылатын талап.
МемСТ 26809-86 Сүт және сүт тағамдары. Қабылдау тәртібі. Сынама алу әдісі және сынаманы анализге дайындау.
МемСТ 8218-89 Сүт және сүт тағамдары. Тазалығын анықтау әдісі.
МемСТ 8218-89 Сүт және сүт тағамдары. Қышқылдығын анықтау әдісі.
МемСТ 3626-73 Сүт және сүт тағамдары. Ылғалдылығын және құрғақ
заттарды анықтау әдістері.
МемСТ 5962-67 Ректификтелген этил спирті. Техникалық шарттары
МемСТ 6709-72 Дистилденген су. Техникалық шарттары
МемСТ 5556-81 Медициналық гигроскопиялық мақта. Техникалық шарттары
МемСТ 20227-91 Зертханалық өлшейтін шыны құралдар. Бюреткалар, пипеткалар. Техникалық шарттары
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектiлiгi. Қазақстанның «Бүкіл әлемдік сауда ұйымына» кіру үшін отандық ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер бәсекеге қабілетті болуы қажет. Еліміздің ауыл шаруашылығында бұл орайда қомақты шаруалар атқарылып жатыр. Республикалық бюджеттен қаржы да бөлінуде. Елдегі аграрлық өндірісті ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласындағы кластерлік бастаманы жүзеге асыру арқылы индустрияландыруға бағытталған жұмыстар қолдауға тұрарлық. Елбасының өзі бұған жеке сектордың назар аударуын, несие осыған мақсаткерлікпен жұмсалуын айрықша атап көрсетті.
Жергілікті өндірушілер шығарған өнімдер, озық технологияларды меңгерген шет мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен бәсекелес бола алады ма, үкіметтің көмегінсіз жұмыс жүреді ме, біздегі шаруашылықтардың басты ерекшелігі – табиғи жайылымдардың ауқымы кең. Экологиялық жағынан таза өнімдерді экспорттау – басты шарт болуы тиіс. Қазақстан республикасындағы экологиялық жағынан таза өнімдердің бірі елімізде өндірілетін қымыз. Қымыз жоғары сапалы тамақ өнімі ғана емес, сондай-ақ шипалы сусын деп те есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл-күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған.
...