Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жинау мен сақтау кезіндегі қойылатын ветеринариялық- санитариялық талаптар. МемСт сəйкестеу арқылы жұмыртқаның жіктелуі

Автор:   •  Январь 14, 2023  •  Реферат  •  791 Слов (4 Страниц)  •  275 Просмотры

Страница 1 из 4

Дәріс 12.

Жинау мен сақтау кезіндегі қойылатын ветеринариялық- санитариялық талаптар. МемСт сəйкестеу арқылы жұмыртқаның жіктелуі.

Сабақтың мақсаты: Жұмыртқа - адамдар мен жануарлардың жұқпалы ауруларының көзі ретінде қарастыру.

Құс жұмыртқалары әртүрлі індетті аурулардың таратушысы және көзі болуы мүмкін. Жұмыртқалар арқылы салмонеллез, туберкулез, стрептококкоз, пуллороз, пастереллез, колибактериоз, індетті ларинготрахеит, микоплазмоз, орнитоз, Ньюкасль ауруы және тұмау ауруларының қоздырғыштары беріледі. Ауру қоздырғыштарын жұмыртқаның қабығынан (індетті ларинготрахеит) және ішкі құрылымдарынан кездестіруге болады. Ньюкасль ауруы және тұмау ауруларынан сауыққан құстардың 15 күн-3 ай аралығында жұмыртқаларында ауру қоздырғыштары болуы мүмкін. Туберкулезбен тауықтар жиі ауырады.

Ауру құс саңғырығымен және жұмыртқасымен көптеген ауру қоздырғыштарын бөліп шығарады. Пастереллалар жұмыртқа қабығында 48 сағат, өлген ұрықтарда (эмбрион) 30 күн сақталады. Микоплазмоздың қоздырғышы жыныс мүшелерінің кілегейліқабығында ұзақ уақыт бойы, ал қабығында 5 күн бойы  сақталады.  Әсіресе, инкубациялық жұмыртқалар өте қауіпті, өйткені олардан микоплазмозды балапандар шығады. Орнитозбен ауырған құстар ұзақ уақыт бойы тауру қоздырғышын тасымалдаушы болып қалады. Жұмыртқалар санитариялық-гигиеналық талаптар орындалмаған жағдайда екінші рет орнитоз қоздырғышымен зақымдануы мүмкін. Пуллороз қоздырғышы әдетте, жұмыртқа сарысында және қабығында болады. Белок стерилді қалпында қалады. Салмонелла тасымалдаушылары болып , көбінесе, қаздар мен үйректер саналады. Сондықтан да, суда жүзетін құстардың жұмыртқалары адамдардың арасында токсикоуланулар мен токсикоздардың таралуына себеп болуы мүмкін. Қоймаларда температура көтеріліп, не ылғалдылық жоғарылағанында  құс жұмыртқасында әртүрлі микроденелер дамып, зең басады.

Үй құстары жұмыртқасын ветеринариялық - санитариялық сараптау.

 Сатылуға, не дайындау пункттерінен әкелінгенсақтауға қойылған, өңдеу орындарында қолданылатын құс жұмыртқалары міндетті түрде ветеринариялық – санитариялық сараптаудан өтеді. Тағамдық мақсатқа тауық, күрке тауық, бөдене, үйрек, қаздарын сапасы жоғары жұмыртқаларын пайдаланады. Жұмыртқа сату үшін құс ұсталынатын орын індетті аурулардан таза болуы шарт. Әрбір топтағы құс жұмыртқаларына ветеринариялық куәлік, ал аудан ішінде ветеринариялық анықтама қағаз көрсетеді. Егерде ондай құжаттары жоқ болса, 1000С-та 13 минут қайнатып залалсыздандырады. Ветеринариялық-санитариялық сараптау кезінде құс жұмыртқасын сыртынан қарап, түсін, тазалығын, қабығының бүтіндігін тексереді және овоскоп арқылы ауа кеңістігінің биіктігін, белогы мен сарысының күйін анықтайды. Күмән туған жағдайда жұмыртқаны жарып, оның ішкі құрылысына зерттеу жүргізеді. Бұзылмаған жұмыртқа ағы таза, мөлдір созылмалы, сары жасыл реңді немесе қызғылт сары түске боялған, иісі өзіне тән, ұрығы дамымаған болуы керек.

     Құс жұмыртқалары стандарт талаптарына сай болуы қажет. Сатуға салмағы 45 г - нан аз, қабығы былғанған, тағамдық және техникалық кемістіктері бар құс жұмыртқасы жіберілмейді, оларды ұсақ деп санап, қоғамдық орындарда, өндірістік мекемелерде пайдаланады. Овоскоп көмегімен арқылы, жұмыртқа өтетін сәуле арқылы өнімдік және санитарлық сапасын анықтайды. Тексеру барысында ауа камерасының  қозғалысы мен көлеміне, сарысы мен ағының ( белогының) орналасуына, олардың көріну деңгейіне, дақтардың бар-жоқтығына көңіл аударады.  Овоскоп арқылы жарамсыз және ақаулары бар жұмыртқаны анықтауға болады.

...

Скачать:   txt (11 Kb)   pdf (76.7 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club